Жаңа сабақтар

Ньютонның екінші заңын зерттеу

САБАҚ: Зертханалық жұмыс

Ньютонның екінші заңын зерттеу.

Мектеп: 50
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Боранбаева Гулсезим
СЫНЫП:8 Қатысып отырған оқушылар саны: Сабақта жоқ оқушылар саны:
Осысабақарқылыжүзегеасырылатыноқумақсаттары -масса дене инерттілігінің өлшемі екендігін түсіну;

-Ньютон ІІ заңдарының тұжырымдамасын білу және түсіну

Сабақтың мақсаты -Ньютонның екінші заңын түсіндіру
Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:

  • Әртүрлі серіппелердің әрекеті бойынша ситуациялық идеяларды топтарда талқылай алады.

Ньютонның ІІ заңынан басқа оқушылар мыналарды түсінуі тиіс:

• денеге әсер ететін қорытқы күшті қалай анықтау қажет;

• нөлдік қорытқы күш тұрақты әсерге әкелетіндігін

• нөлдік қорытқы күш үдеуді туғызатындығын

-дененің алатын үдеуі массаға кері тәуелділігін

Пән бойынша лексикалық қор және терминалогия: Күш, меншікті массадан жүктеме, үдеу, қорытынды күш.

Пікір алмасу және хат үшін пайдалы фразалар:

Егер денеге басқа дене ……………….. ……………. Онда……………………………..

Мен бұны білемін, өйткені …………….

Егер дененің үдеуі ……………… ….ода…………………. болып табылады

Алдыңғы білім Ньютонның бірінші заңын біледі;

y=kx+b (V = V0 + at) түріндегі тәуелділіктерді талдай біледі;

Инерциялық санақ жүйесін біледі және Ньютон заңдары үшін сол санақ жүйелерін пайдаланады.

Сабақ барысы
Сабақ қезеңдері Сабақта орындалуы тиіс іс — әрекеттер Оқыту ресурстары
Сабақтың басы

10 мин

Ньютонның екінші заңын түсіндіру мақсатында оқушыларға кішкене зертханалық жұмыстарын жүргізу үшін жасырын суреттер таратып, сәйкес бейнелердің бір топқа бірігуін талап етемін. Жалпы топ 3 адамнан құралады.

Осы үш топ үй тапсырмасын қайталау үшін бір-біріне «Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі» тақырыбында сұрақтар қоямын, оқушылар жарыса жауап береді, осы арқылы тақтада топты бағалаймын.

Автордың тәжірибе жинағынан
Сабақтың ортасы

25 мин

Зертханалық жұмыстың мазмұны:

Жалпы сабақты бастамас бұрын берілген ресурстар арасынан ғаламтордан Ньютонның ІІ заңының өмірде, өндірісте қолданылуына терең тоқталып өтемін. Және оқушылардың әрқайсысы өмірден мысалдармен толықтырады. Оқушыларға екінші заңды көрсету үшін қысқаша видео клипті көрсетемін . Осы мысалдардан соң ғылыми түсінікті тереңірек қалыптастыру мақсатында Үш топты зерханалық жұмысты жүргізуге шақырамын.

Оқушыларға зертханалық жұмыс жүргізу үшін берілетін құрал-жабдықтар:арбашалар, рельс, жүктер, динамометр, метроном, таразы.

Алғашқыда осы ресурстарды оқушыларға ұсына отырып «Ньютонның ІІ заңын қалай зерттеуге болады?» деген сұрақ қоя отырып миға шабуыл жасаймын.

Әр топтан бір-бір оқушылар өздерінің құнды пікірлерін ортаға салады. Оқушылардың біреуі өте тиімді тәсіл ұсынуы мүмкін немесе зертхананың жүргізу тәсілін дәл табуы мүмкін.

Оқушылар әртүрлі күштердің әсеріндегі арбаның үдеуін өлшеуді жүргізе алады. Көптеген әртүрлі тәжірибелерді пайдалануға болады, оқу ресурстарындағы бірнеше мысалды қарастырамын. Тәжірибе үдеу қолданылатын күшке тура пропорционал (егер масса тұрақты болса) жәнемассаға кері пропорционал (егер күш тұрақты болса) екендігіне көз жеткізіп, F = ma теңдеуі орындалу керек.

Бұл кезеңде Ньютонның екінші заңы қорытқы күш дененің массасына тура пропорционал және үдеуіне кері пропорционал ретінде қалыптастырылады. Тұрақты 1 тең деп алынады, өйткені ол содан кейін масса килограммен, ал үдеу м/с2 алынған өлшем бірлігі ньютон болатын күшті анықтайды.

Арбашаларға тұрақты күшпен бірнеше рет әсер ете отырып, ондағы массаны өзгеріске ұшыратады. Сол кездегі арбашаның жүрген жолын өлшей отырып, оның үдеуінің шамасын біліп отырады. Сол арқыры Ньютонның ІІ заңының мән-мағынасын түсініп, қорытындыға келеді.

Ұшақтың ұшуын және тоқтауын көрсететін видео:

Ньютонның екінші заңы бойынша видео:

Ньютонның екінші заңын зерттеу

http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/force-mass-and-acceleration-newtons-second-law

немесе:

http://tap.iop.org/mechanics/newton/211/page_46369.html

немесе

деректерді пайдалана отырып:

http://www.pasco.com/physhigh/force-and-motion/newtons-second-law.cfm

Сабақтың соңы Оқушылардың тақырыпты қалай түсінгендігін анықтау үшін қысқаша сұрақтары бар бақылау парағын ұсынамын.

Әрбір оқушы жүргізілген зертханалық жұмыстың нәтижесі ретінде өздері рефлексия жазады, содан соң топтық рефлексия жазады. Үш топ біріге отырып сынып болып жүргізілген жұмыстарға рефлексия жазып, тақырыпты қорытады.

Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту – Көбірекқолдаукөрсетуүшіннеістейсіз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардыңберілгенматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексересіз? Пәнаралықбайланыс

Денсаулық және қауіпсіздікережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

ОқушыларНьютонныңекіншізаңын, жәнеинерциялықсанақжүйесініңфизикалықмағынасынбіледі.

Қозғалыстыңбағытынкөреотырыпоғанәсерететінкүштердіажыратабіледі. Дененіңалатынүдеуініңмассағакеріпропорционалекендігінекөзжеткізді.

Академиялық тілді қолданулары және термин сөздерді жиі қолданулары олардың әр сөздерінде ескеріледі.

Есептің берілгенін ойша сараптап, процесті көз алдына елестетіп, тапсырманың ретімен орындауын қадағалау басшылыққа алынды.

Оқушылардың тақырыпты меңгерулері, тапсырманы дұрыс орындаулары қадағаланды

Негізгі терминдік шамаларды үш тілдегі аудармасын айтуы ескеріліп, орыс, қазақ, ағылшын, математика пәндерімен пәнаралық байланыстарды күшеиту.

Оқушылар жұптасып есеп шығару барысында, топпен зертханалық жұмыс жүргізу барысында олардың арасында татулық, бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлау сезімдері пайда болады. Үлгерімі жоғары оқушылардын көмек сұрау (ЖАДА) мүмкіндігін пайдаланады

Және сабаққа қосымша мәліметтер айту барысында олар өздерінің кең ауқымда білімдерін көрсете алады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқыту мақсаттары жүзеге асырымдыболды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Менжоспарымақандайөзгерістеренгіздімжәненеліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытындыбағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізереді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

Сабақ жоспары

Ұзақмерзімдіжоспардыңбөлімі: Жарық құбылыстары.

Сабақтыңтақырыбы: Жарықтың түзу сызықты таралу заңы.

Мектеп: 50
Күні: Мұғалімніңаты-жөні: БоранбаеваГулсезим
Сынып: Қатысқандардың саны: Қатыспағандардың саны:
Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) 8.5.1.1 – Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу;
Сабақтың мақсаты Оқушылар білуі тиіс:

— жарық көздерініӊ түрлерін;

— жарықтыӊ біртекті ортада түзу сызықты таралу заӊын;

— жарық шоқтарыныӊ тәуелсіздік заӊын;

— көлеӊке және жарты көлеӊкеніӊ пайда болуын;

— Күн және Айдыӊ тұтылуын.

Бағалау критерийлері — жарық көздерініӊ түрлерін біледі;

— жарықтыӊ біртекті ортада түзу сызықты таралу заӊын біледі;

— жарық шоқтарыныӊ тәуелсіздік заӊын біледі;

— көлеӊке және жарты көлеӊкеніӊ пайда болуын біледі;

— Күн және Айдыӊ тұтылуын біледі.

Тілдік мақсаттар Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және түсіндіре алулары керек.

Пәнге тән лексика мен терминология: жарық, жарық сәулесі, нүктелік жарық көзі, жарық шоғы, көлеӊке, жарты көлеӊке, нүктелік жарық көзі

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: …….және ……….жарық көздері.

Жарық сәулесі – ……….энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық.

Нүктелік жарық көздері (физикалық модель) – қарастырылып жатырған жағдайда өлшемдері еленбейтіндей …….. көздері.

Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада …………. бойымен таралады.

Құндылықтарды дарыту Бұл сабақ академиялық адалдық, жауапкершілік, өзара ынтымақтастық және өмір бойы білім алу құндылығын дамытуға бағытталған.
Пәнаралық байланыстар Күн мен айдың тұтылуын түсіндіргенде жаратылыстану пәнімен байланыс
Бастапқы білім Күн мен айдың тұтылуы, табиғаттағы құбылыстарды 7 сыныптан біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

0-3 мин

  1. Ой қозғау.

Төмендегі суреттердің барлығына ортақ не нәрсе?

Оқушылардың жауабынан кейін мұғалім сабақтың мақсатымен тьаныстырады

Сабақтың

ортасы

3-8 мин

8-13 мин

13-18мин

18-23 мин

23-38 мин

  1. Түсіндіру. Оқушылар қандай жарық көздерін білетінін сұраңыз.

Оқушылар топта жарық көздерінің түрлерін талқылайды, ал мұғалім олардың жауаптарына толықтырулар енгізеді.

Оқушылар зерттеушәләк дағдысын дамыту үшін тәжірибелік тапсырма орындайды.

Мақсаты: Жарықтың түзу сызық бойымен таралуын зерттеу

Қажетті құралдар: май шам, 10х10 см болатын 3 картон қағаз, 3 сіріңке қорабы, кнопкалар, түйрегіш

Жұмыстың орындалуы: түйрегішпен картон қағаздардың ортасынан саңылау жасаңдар; картондарды сіріңке қорабына бекітіп суреттегідей орналастырыңдар; май шам жалыны саңылаудан көрінетіндей етіп орналастырыңдар

Сұрақ: Ортаңғы картонды оңға жылжытыңдар.

Сендер май шам жарыған көріп тұрсыңдар ма? Неге?

Оқушылар өз жасаған тәжірибелері бойынша қорытынды жасайды, ал мұғалім оларға кері байланыс береді.

Жарықтың түзу сызықты таралуына мысал ретінде Күн мен айдың тұтылуын қарастыру

3. Сабақты бекіту Оқушылар теориялық материалды

меңгергендіктерін тексеру үшін тапсырмалар орындайды

Мұғалім тапсырманың жауаптарын айтады , ал оқушылар өзін өзі тексереді.

аратпа материал
Сабақтың соӊы

38-40 мин

5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

— нені білдім, нені үйрендім

— нені толық түсінбедім

— немен жұмысты жалғастыру қажет.

6.Үй тапсырмасы:

Физика және астрономия. 8-сынып.

§ 61,62,63. 192-201б.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Орташа қабілетті оқушыларға өздік жұмыс барысында бағыттаушы сұрақтар қойып, көмек көрсету. Оқушылардың материалды игергендіктерін топтық жұмыс пен өздік жұмысты қолданып тексеремін Тәжірибе жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.