Жаңа сабақтар

Қазақ жастары батысқа кетуге неге құмар?

Елімізден шетелге барып білім алғысы келетін жастардың саны жыл сайын артып келеді. Мектеп түлектері мен студенттер көбіне батыс, оның ішінде Еуропа мен Америка Құрама Штаттарында білім алуды қалайды. Бұл мәртебелі болуымен қатар оларға өз өмір жолында мол мүмкіндік ашады.

Жалпы Қазақстаннан шетелге көшіп кеткендер саны былтыр 42 мыңға жуықтады. Бұл Ұлттық экономика министірлігінің статистика жөніндегі комитетінің мәліметі. Олардың көбі көрші Ресей, Германия, Беларусь және Америка Құрама Штаттарына кеткен. Түбегейлі қоныс аудармаса да, Батыс елдерінде білім алуға талпынған жастардың саны да артты.

Мәселен, АҚШ иммиграциялық және кеден қызметінің келтірген деректері бойынша, биыл наурыз айында Құрама Штаттарда оқып жүрген қазақстандық студенттердің саны 2528-ге жеткен. Студенттеріміздің 30 пайызы жоғарғы оқу орындарында бакалавр дәрежесінде, 23 пайызы магистратурада және 8 пайызы доктарантурада оқып жүр. Ал 16 пайызы тілдік курстарда, 11 пайызы орта кәсіптік-техникалық колледждерде дәріс алады. Кей студенттердің сөзінше, жастардың кетуіне елдегі білім жүйесінің әлсіздігі себеп.

КАМИЛА МҰҚҰШОВА, ДЖОРДЖ МЭЙСОН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
АҚШ-тың жоғарғы оқу оқу орындарына түскен студенттердің көбі бірінші тоқсанда қиналады. Мұндағы өмірге үйренгенше бірнеше ай керек. Сосын ақырындап төселіп кетеді. Маған АҚШ-тағы білім беру жүйесі ұнайды, барлығы жоғары деңгейде. Бізбен салыстыруға келмейді. Профессорлар құрамы керемет. Бұл жерде сапалы білім аласың.
Жалпы америкалық білім беру жүйесінің ерекшелігі — студенттер тек профессордың айтқанымен ғана еріп жүрмейді. Жастарға өздігінен ізденіп, ғылыммен айналысуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан шетелден келген студенттер америкалық оқу орындарының ерекшелігін, білім жүйесінің айырмашылығын бірден сезеді.

НАТАЛЬЯ ЧЕРНИЦИНА, SANTA FE КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ
Колледжімнің мұғалімдері көңілді, жалпы оқуым қызықты өтіп жатыр. Кейде бір курортта жүргендей сезілемін. Қазір менде грин карта. Сондықтан виза жағынан қиындық жоқ. Осы колледжде халықаралық студенттерге барлық жағдай жасалған. Профессорлар мен барлық оқытушылар әрдайым көмектесуге дайын.
АҚШ-қа барып білім алуына түрлі себеп бар. Ең алдымен жас жеткіншектердің халықаралық деңгейде танылатын сапалы дипломды алуға талпынысы. Себебі, озық оқу орындарын тәмамдаған мамандарға өз кәсіби жолын дамытуға мол мүмкіндік ашылады. Дегенмен, кей сарапшылардың сөзінше, батыс елдеріне қазақ студенттерінің көбінің кетуі Бірыңғай Ұлттық тестін тапсырудан бас тарту. Мектеп түлекері тестың сапалы әрі әділ өткізілуіне күмән келтіреді. Мемлекеттік гранттардың дұрыс үлестірілмеуі де себеп болып отыр.

МАҚПАЛ СЕРЖАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.