Жаңа сабақтар

АҚШ-та білім қолжетімді бағада ұсынылады

АҚШ-та 1100-ден астам кәсіптік-техникалық колледж бар. Оларда талапкерлерге екі жылдық бағдарлама ұсынылады. Ал түлектеріне кез келген университеттің үшінші курстен бастап білімін шыңдауға мүмкіндік берілген. Оқу құны жылына 6 мың мен 9 мың аралығында. Комюнити Ал бұл университтеттің бір жылдық ақысынан екі есе арзан. Алайда оқытушылар құрамының білім-білігі жоғары оқу орындарынан кем түспейді.

ЭДВАРД БОНАХЕЙ, SANTA FE КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСҚАРМА ӨКІЛІ
“Америкадағы комьюнити колледжердің адамдардың тұрмыстық деңгейіне немесе жас шамасына қарамастан білім алу мүмкіндігін жеңілдетіп, әрі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұл біздегі бір демократияның бір көрініс, кедейшілікті жоюға көмектеседі.”
Әзірге шетелдік студенттердің дені комьюнити колледжер туралы біле бермейді. Дегенмен былтыр 95 мыңға жуық шетелдік студент осы оқу орындарын тәмәмдап шыққан. Өзге ұлт өкілдері ең көп оқитын колледж Хьюстон колледжі екен. Ал ел астанасы Вашингтон маңында атақты NOVA оқу орны халықаралық студенттерге қолайды жағдай жасаудан үздік тұр.

ОМАР ДОВАС; NOVA КОЛЛЕДЖІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ
“Мен кәсіптік-техникалық колледжін таңдаған себебім – ол университетке қарағанда әлде қайда арзан. Мұнда шетедік студенттерге өте жақсы көмектеседі. Колледж қызметкерлері оқу барысындағы әр қадамыңды түсіндіріп береді. Оқуыңды бітірген соң, жұмыс табуға да қолдау көрсетеді. Екі жылдық “ассошиэйт” бағдарламасын бітіріп-ақ қызметке тұруға болады. Тілді жетік меңгеру үшін де жағдай жасалған.
Дегенмен, университет пен колледждің айырмасы бар. Әдетте батыс елдеріндегі университ ол өз алдына қалашық. Яғни, білім алумен қатар, тынығу әрі шынығу нысандарымен толық қамтылған. болып келеді. Ал кәсіптік-техникалық колледждерінде әдетте білім беру корпустары ғана орналасқан. әдетте тек оқу орындар яғни, тек білім беретін корпустары ғана орналасқан. Мемлекет немесе қалалық органдар қаржыландырады. әкімшілік басқарма орындарымен қаржыландырылады. Елдегі ірі штаттардың бірі Калифорнияда жергілікті тұрғындардың 70 пайызы оқуын арнайы колледждерде бастап, кейін университеттерде жалғастырып дипломдарын алған. Бұл жоғары және орта оқу орындарының қатар дамып жатқандығының айқындайды.

МАҚПАЛ СЕРЖАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.