Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылдың 13, 14-ші сәуірінде 18.30-да Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында Мұхтар Әуезовтың «Қарақыпшақ Қобыланды» дастан-драмасының негізінде қойылған «Қобыланды» спектаклінің премьерасы. Режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Нұрқанат Жақыпбай. Қоюшы-суретшісі – Мұрат Сапаров. [mote]
М.Әуезов драматургиясының гауһары М.Әуезов атындағы академиялық драма театры сахнасында үшінші рет қойылмақ. Алғашында 1946 жылы 6 сәуір күні Я.С.Штейн мен Қазақ ССР-ның халық артисі Қапан Бадыровтың режиссерлігімен қойылса, арада жиырма жылдан астам уақыт өткеннен кейін, 1967 жылдың көктемінде Әзірбайжан Мәмбетов «Қобыландыны» қайта сахналаған. Қара шаңырақ Әуезов театрында «Қобыланды» бейнесін алғаш жасаған актер – Шәкен Айманов, ал Әзірбайжан Мәмбетов сахналаған спектакльде батырдың бейнесін ҚазССР Халық артистері Ыдырыс Ноғайбаев пен Әнуар Молдабеков сомдаған. Айта кетейік, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі мерзімде бұл спектакль алғаш рет қойылғалы отыр.
М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» дастан-драмасы халқымыздың сонау ғасырлар қойнауынан бастау алатын мәдени-рухани өрісімен; отансүйгіштік, елсүйгіштік идеясымен қымбат туынды. Қойылымда Қобыландыдан бастап әр кейіпкердің табиғи болмысы ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік аяусыз күресінде айқындалып, тағдыр, жазмыш идеясы зерделенеді. Ел азаттығы мен бақыты үшін күрес жолындағы арман-аңсарлары бүгінгі ұрпақ көзімен танылады. «Қарақыпшақ Қобыланды» көрермендерге заманауи сахналық көркем тіл ізденістерімен де қызғылықты болары сөзсіз.
17.00-де баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер:
1. Асанәлі Әшімов, КСРО Халық артисі, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет», «Қазақстанның Еңбек Ері» ордендерінің иегері, театрдың көркемдік жетекшісі.
2. Есмұхан Обаев, Қазақстанның халық артисі, профессор.
3. Нұрқанат Жақыпбай, режиссер, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
4. Сәбит Әбдіхалықов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, театр директоры.
18.30-да «Қобыланды» спектаклінің премьерасы!
Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді «Қобыланды» спектаклінің премьерасына шақыра отырып, ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!

Кері байланыс: +7 778 618 87 96 – Қымбат Смағұлова Email: smi.auezov@mail.ru
+7 707 910 16 46 – Гүлім Рысқұл
+7 747 849 77 63 – Бақжан Төлепбай

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.