Жаңа сабақтар

Рухани байлық – игілік көзі

Өзiн-өзi тану сабағы

Мектеп: И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ

Мерзiм: № 7

Тақырып: Рухани байлық – игілік көзі

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Жанашырлық, қайырымдылық, жауапкершілік, еңбекқорлық.

Мұғалiм: Туғанбаева Г.Қ.

Сынып: 10 «Б»

Оқушылар саны: 18

Сабақтың мақсаты:

  • Рухани байлық, игілік түсініктерін кеңейте отырып, оқушыларға қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

— Оқушыларға рухани байлық, еңбекқорлық қасиеттері игілікке бастайтын жол екендігін түсіндіру;

— рухани байлық игіліктің, жақсылықтың көзі екендігін ұғындыра отырып, қайырымдылық қасиетін дамыту.

— Жанашырлыққа, айналасындағыларға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, оқушыларды түгендеу,

5 Т-ны сақтау.

Тыныштық сәті:

БАҚЫТ АРАЛЫНА ОЙША СЕРУЕН.

Баяу музыка қойылады. Ал, енді балалар көзімізді жұмамыз.Бойымызды еркін ұстаймыз. Баяу музыка ырғағымен бақыт аралына сапар шегеміз . Біз бақытқа апарар жолмен аяңдап келеміз. Қасымызда өзіміз жақсы көретін сыныптастарымыз бен аңгіме дүкенін құрып, мәз -майрам болып, келе жатырмыз . Айналамыз жап -жасыл қыр гүлдері жайнап тұр . Гүлдің иісі мұрныңды жарады. Сен тіпті, өз еліңде емес, бір ғажайып жерде жүріп бара жатқандайсың . Келе жатырмыз,көк -жасыл майсаны басып келеміз ,бір -бірімізге «майсаны баспа «-деп ақыл да айтып койямыз. Сөйтіп жүріп , көздеген жерімізге жетіп те калдық.Алдымыздан үлкен тамаша гүлге оранған қақпа көрінді .Кенет,»келіңдер ,балаларым, біз сендерді күтіп отырмыз дегенде әлгі қақпа айқара ашыла кетті .Біз жаймен ішке кіріп келеміз .Бақ іші толған жан — жануар ,адамдар. Олар бір –біріне мейрімді, қамқор. Көкте алуан түрлі құстар тамылжыта ән салуда. Құстардың дауыстарың тамашасын- ай! Бұрын соңды бұндай тамаша дауыс естіп көрмегендеймін .Сәл ары жүрсек , бақыт бұлағында тап –таза, мөлдір су сылдырлап ағып жатыр . Бақтың ішін аралап жүріп ең биік жерінде , өзге ғаламшарда жоқ қош иісті, әдемі, сиқырлы гүл өсіп тұр. Кім сол гүлге тілегін айтып алса сол адам бақытты болатын көрінеді. Біз сол гүлді алып, бір -бірімізге бақыт тілеп бақыт гүлін ұсынып, өзімізге таныс жолмен қайтамыз. Енді сол бақытты жүзімізбен сыныпқа кірдік. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Бейджик, күнделік, оқулық, дәптер, қалам, жайлы әуен

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Күлтегіннің көк тасы. Авторы: Н. Айтұлы Өлеңді оқып келу. (28 бет, №7 сабақ)

  • Өлеңде автор неліктен «Көк тас көшіп келеді тарихымды арқалап»,- деп толғанады
  • Автор осы өлең жолдары арқылы ата-бабаларымыздың қандай қасиеттерін көрсеткен?
  • Рухани байлық туралы жазылған басқа адамдардың өлеңдерін, әңгімелерін оқып көрдіңіз бе?
Сабақ барысын талқылау:
  1. Дәйексөз.

Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі – заттық нәрсе емес, рухани дүние.

Платон

Дәйексөздің мағынасын түсініп, дәптерге жазып алыңыздар.

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Аңыз әңгіме

Маслоу

Бір адам өзіне бақшасында жемістері жайқалып өсіп тұрған, үлкен, әдемі үй сатып алады. Ал жанындағы көрші ескі үйде қызғаншақ көршісі болады. Сол көршісі күнделікті оның үйінің жанына қоқыс қалдықтарын тастап, әртүрлі жамандықтар жасай береді. Бір күні таңертең жақсы көңіл-күймен оянса, есіктің алдында «жуынды» құйылған шелекті көреді. Ол шелекті алып, ішіндегіні төгіп, тазалап жуады да, ең әдемі, ең дәмді алмаларды салып көршісінің үйіне барады. Көршісі есік қаққанын естіп, «ақыры жынына тидім-ау» — деп қуанады. Есікті ашайын деп ұрысқа дайындалып тұрғанда, әдемі алмалар толтырылған шелекті көреді. Ол алма толтырылған шелекті ұсынып тұрып, айтады:

  • Кім несімен бай, сонымен бөліседі!
  • «Алыстағы ағайыннан, жаныңдағы көршің артық» деген мақал әңгіменің желісін ашады ма?
  • Әңгімедегі кейіпкердің бойынан қандай жақсы қасиеттерді көруге болады?
  • Көршісінің іс-әрекеті дұрыс па ?
  • Сіздің осындай жағдайларға куә болған кездеріңіз болды ма?
  1. Шығармашылық жұмыс.

Тапсырма: әрбір оқушыға рухани байлық, игілік, жауапкершілік, қамқорлық, жанашырлық, қайырымдылық сөздерін қатыстырып, дәптерге қысқаша әңгіме жазу.

  1. Топпен ән айту.

Қымбат

терме

Қымбат үйге кірсек дейміз

Жылына ма жан одан

Қымбат көлік мінсек дейміз

Шабар ма екен бақ одан

Айналаға нұр сеппейміз

Халге жетсек қалаған

Неге неге сыр шертпейміз

Қымбатты ғой бар адам

Қ-сы

Әкенің бұйрығы қымбат

Ананың мейірімі қымбат

Адамның бергені құнсыз

Алланың сыйлығы қымбат

Жарыңның сенімі қымбат

Балаңның өмірі қымбат

Ауылдас, ағайын, достың

Сүттен ақ көңілі қымбат

Жағдайлы деп жар таңдама

Таңдап жүрме сорыңды

Досың болсын дархан дала

Көзсіздерге бол үлгі

Алтынға да, арқанға да

Ұстатпайсың көңілді

Тек өзіңнің қалтаң ғана

Тоңдырмайды қолыңды

Жиғаныңның бардай құны

Бал жинама харамнан

Қияметтің шалғайлығы

Шала ойлаған санаңнан

Ер жігіттің нардай жүгі

Елі, жері нәр алған

Дүниенің бар байлығы

Қымбат емес адамнан

  1. Үй тапсырмасы.

Бір күндік, бір апталық, бір айлық мақсаттарды жоспарлап келу.

  1. Соңғы тыныштық сәті
Бүгінгі сабағымыздан алған рухани байлық, игілік құндылықтарын және жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық қасиеттерін жүрегімізге сақтай отырып, үлкенге-құрмет, кішіге — қамқор болып, ізгі істер, жақсы істер жасауға асығайық. Қиянат жолынан аулақ болайық!

Сабақ аяқталды рахмет! Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.