Жаңа сабақтар

Некені қию және тоқтату жолдары

Құқық негіздері пәні бойынша сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.2Д Некені қию және тоқтату жолдары Мектеп: 154
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Копабаева Меиркул
Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Неке қандай жағдайда қиылады және тоқтатылады
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 9.5.2.1 некені қию және тоқтатылу шарттарын анықтау
Сабақтың мақсаты Некеге тұру және тоқтатылу шарттарын анықтау.
Бағалау критерийі Некеге тұру және тоқтатылу шарттарын анықтай алады

Тілдікмақсаттар Пәндік лексика мен терминология:

Неке, некеге тұру, некені бұзу, некені тоқтату

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Құндылықтарға баулу Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Топтық жұмыс барысында өзарасыйластық, ынтымақтастық, құрметпен қарау, ашықтық, жауапкершілікті сезіну құндылықтары қалыптасады.

Пәнаралық байланыс Қазақстан тарихы
Алдыңғы білім 9.5.1.1. неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланғанкезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы І. Ұйымдастыру кезеңі 3мин.

1.Сәлемдесу

2.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық ахуал туғызу «Шаттық шеңбер» әдісі (Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді)

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 3мин.

Шеринг әдісі (өткен тақырып бойынша өз ойларын жинақтайды, пікіралмасады) «Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі» үй тапсырмасын сұрау. Кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды.Идеялар қайталанбау керек.

Қ/Б

(Кереметсің! Өте жақсы!Тамаша! Бәрекелді!)

Топқа біріктіру. 2 мин.

«Мозайка» әдісімен суреттерді құрастырып, топтарға бірігеді (акелер, аналар, балалартоптарына барып отырады).

«Құпия зат» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпірше жасаймыз. Оқушыларға неке куәлігін көрсетеміз.

Олардан оның не екенін және сабақпен қалай байланысқанын анықтауды сұраңыз.

Жұмыс дәптерге сабақтың тақырыбын жазу, мақсатымен, бағалау критериймен, дискриптормен таныстыру

Түртіп алу әдісі. Терминдерді, қажетті мәліметтерді дәптерге түртіп отырыңыз.

ttps://www.google.kz/search?q=шаттық+шеңбер

1-топ Әкелер тобы

2-топ Аналар тобы

3-топ Балалар тобы

Сабақтыңортасы Топпен жұмыс 10 мин.

Әлемді шарлау әдісі.

1-тапсырма.Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға ұсынылатын тақырыптар:

1– топ некеге тұру шарттары

2 – топ оқушы некеге тұруға жол бермейтін жағдайлар

3 – топ оқушы некені тоқтату.

Бағалау критерийі Дескриптор
Некеге тұру және тоқтатылу шарттарын анықтай алады. Мәтіннен некеге тұру және некені тоқтату шарттарымен танысады
Топта некеге тұру және некені тоқтату шарттарын анықтайды

Оқылым, тыңдалым, айтылым, қарым-қатынас жасау дағдылары қалыптасады.

Тапсырмалардың мазмұнын түсінгендігін анықтау үшін Бас бармақ жоғары, төмен әдісін қолданамыз.

Қ/Б

Топтар бірін-бірі бағалайды. (Керемет! Тамаша! Өте түсінікті!)

Жұппен жұмыс 3мин.

2-тапсырма. Сәйкестендіру кестесі

Төменде берілген сөздерді қажетті бағанға орналастыр.

Некеге тұру шарттары Некеге тұруға жол берілмейтін жағдайлар Некені тоқтату

Кілт сөздер:

некені бұзу, бір жынысты адамдар, некелі адам, жақын туыс, асырау алушылар, асырап алынғандар, кейде жағдайларда 16 жас, сот шешімімен жүйке ауруына шалдыққан адам, ерлі-зайыптының бірінің өлімі, 18 жасқа толған, ерлі-зайыптының бірінің өмірден өткенін соттың хабарлауы

Бағалау критерийі Дескриптор
Некеге тұру және тоқтатылу шарттарын көрсете алады. Некеге тұру және некені тоқтату шарттарын анықтайды.
Некеге тұру және некені тоқтату шарттарын жазып көрсетеді.

Қ/Б

Жұптасып бірін-бірі мадақтайды.

(Жарайсың! Тамаша! Сен өте білімдісің! Сенің қолыңнан келеді!)

Жеке жұмыс 4 мин.

3-тапсырма. Жалған – ақиқат

Берілген мәтіннен жалған, ақиқат сөйлемдерді ықшам тақтаға белгіле, жалған деген жауаптың жауабын өзіндік дәлелмен айт.

Мәтін

1.Ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын төрт жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.

2.Соттың заңдық күшіне енген шешімі бойынша олардың біреуі болса да психикалық ауруы немесе ақыл-есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың арасында жол берілмейді.

3.Бір жынысты адамдарға неке қиюға жол беріледі.

4.Неке (ерлі-зайыптылық) ерлі-зайыптылардың біреуі қайтыс болуы, сондай-ақ сот оны қайтыс болды деп жариялауы немесе хабар-ошарсыз кеткен деп тануы салдарынан тоқтатылмайды.

5.Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу кезінде ерлі-зайыптылардың арасында ортақ мүлікті бөлуге, еңбекке қабілетсіз жұбайын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға қаражат төлеуге қатысты туындайтын даулар ішкі прокуратурада қаралады.

Ықшам тақта

Ақиқат Жалған
1
2
3
4
5
Бағалау критерийі Дескриптор
Некеге тұру, тоқтату шарттарын ажырата алады. Берілген мәтіннен жалған-ақиқат сөйлемдерді ажыратады.
Мәліметтің жалған екеніне дәлел келтіреді.

Қ/Б

Мұғалім оқушыларды бағалайды:

Жарайсың!
Бұдан жақсы істей аласын!
Ерінбе!
Қосымша оқы

Сыныппен жұмыс 10мин.

4-тапсырма

«Үштік (Ойлан –Жұптас – Бөліс)» әдісі

Қазақ халқында жеті атасына дейінгі туыстар арасында некеге тұруға неге тыйымсалынады. Бұл ұстаным неге «Жеті ата» деп аталады. Бұл немен байланысты?

Бағалау критерийі Дескриптор
Ұлттық дәстүрге сәйкес кейбір тыйымдарға өз ойларын қорытындылап, баға бере алады. Ұлттық дәстүрге сәйкес кейбір тыйымдарды анықтайды.
Ұлттық дәстүрге сәйкес кейбір тыйымдарға баға береді.

Топтық жұмысқа кері байланыс беріледі.

Қ/Б

Мұғалім оқушыларды бағалайды:

Жарайсың!
Еңбегің көрініп тұр!
Ерінбе!
Талпын!
https://www.google.kz

Оқулық 9 сынып «Құқық негіздері» мектеп баспасы

ҚР Неке және отбасы туралы заңы http://adilet.zan.kz/

kaz/docs/K1100000518

Оқулық 9 сынып «Құқық негіздері» 89-92 бет аралығы

Мектеп баспасы

ҚР Неке және отбасы туралы заңы http://adilet.zan.kz/

kaz/docs/K1100000518

Тұжырымдамалық органайзер

Мұғалім мәтінді АКТ көрсетеді

Әр оқушыға ықшам тақтаны таратып беру

Сабақтың соңы Сыныппен жұмыс 4 мин.

«Шығыс сауалнамасы» әдісі. Рефлексия

Бүгінгі сабақтан білгенім Мен үшін маңызды ақпарат

Спидометр әдісі арқылы сабақты түсінгендігін қолды толық, жарты жайып көрсете алады.

Үй тапсырмасы 1мин.

Ажырасу себептеріне байланысты өз пікірлеріңді білдіріңдер. Қазақстанда ажырасу санын төмендету үшін қандай шаралар жүргізу қажет.Мысал жазып келіңдер.

Оқушыларға шығыс сауалнамасы таратылады.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Топқа біріктіру. «Мозайка» әдісімен суреттерді құрастырып, топтарға бірігеді (акелер, аналар, балалар топтарына барып отырады). Саралаудың топтастыру тәсілі бойынша талаптары әр түрлі оқушыларды біріктіре отырып,оқушылардың ынтасын, ішкі уәжін арттыра аламыз.

«Құпия зат» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпірше жасаймыз.

Олардан оның не екенін және сабақпен қалай байланысқанын анықтауды сұрау арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын, ынталарын арттыра отырып, зейіндерін шоғырландырамыз.

Топпен жұмыс барысында

Әлемді шарлау әдісі арқылы ынтымақтастықта оқу сыныптағы ұяң, әрі ұялшақ оқушылардың үдеріске қатысуына мүмкіндік беретіні мәлім, сонымен қатар, бұл өте тиімді саралау тәсілі болып табылады. Қабілет деңгейі әртүрлі оқушылар шағын топтарда жұмыс істеуі барысында қабілеті төмен оқушылар өзінен қабілеті әлдеқайда жоғары оқушылармен жұптасу арқылы үйренуге мүмкіндік ала алады, яғни топтың ортақ мүддесі үшін әрбір топ мүшесі жауапкершілікте болып, бір-біріне қолдау көрсету арқылы сыныпта бірлесіп оқу іс-әрекеттері орын алады. Сонымен қатар, мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың басым бөлігі оқулықпен шектеліп жатады, кейбір қабілеті жоғары жетілген оқушылар басқаларға қарағанда күрделі, әрі ауқымды ресурстармен жұмыс жасауға бейім болатынын ескере отырып, саралаудың ресурстар тәсілін пайдалану өте тиімді болып табылады. Ол үшін қушыларға алдын-ала қосымша мәлімет дайындалады. Осы сабаққа қосымша ресурс ретінде ҚР «Неке және отбасы» заңы ұсынылады.

Жұппен жұмыс кезінде оқушыларға сәйкестендіру кестесі тапсырмасын беру арқылы мазмұн бойынша саралап оқытуды жүргізе аламыз.

Жеке жұмыс «Жалған – ақиқат» әдісіарқылы жүргізіледі. Саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсіліне сәйкес, кейбір оқушылар тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекті қажет етеді. Бұл жағдайда біз нақты өзінің қарапайым тілде егжей-тегжейлі түсіндіруін қажет ететін оқушыларды және тек диалогқа түсу арқылы бағыттауды ғана қажет ететін жоғары деңгейлі оқушылар тобын анықтай аламыз. Жоғары деңгейдегі оқушыларды қолдау үшін деңгейлі сұрақтарды қолдана аламыз. Осы тұста оқушыларды тілдік қолдау мен ынталандыру ерекше маңызға ие. Бұл тапсырманы саралау барысында оқушылардың оқу қарқынын да ескерген жөн. Көмекті қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беруге болады.

Сыныппен жұмыс

«Үштік (Ойлан –Жұптас – Бөліс)» әдісі

Осы тәсіл арқылы кейбір оқушылардың басқаларына қарағанда жылдам ой қорыту мүмкіндігіне көз жеткізуге болады, кейбір оқушыларға көмек қажет екендігін байқауға болады. Бұл саралаудың қарқын тәсіліне байланысты анықталады. Диалогпен қолдау көрсетудің тәсіліне сәйкес мұғалім оқушыларды ойландыру үшін алдын-ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады.

Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінде үздіксіз жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалаудың қызметі бойынша қалыптастыру,ынталандыру, уәждеуді оқу үдерісінде үздіксіз жүргіземіз.

Оқу үдерісінде әрбір тапсырмасының бағалау критерийі айқын беріледі, соған орай оқушыларға дескрипторлар ұсынылады. Оқушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін бағалау бағалау критерийіне сәйкес жүзеге асады. Қалыптастырушы бағалауда бағалау белгіленбейді. Оқушыға тапсырманы орындауға уақыт бере отырып, сабақ қарқынын өзгерте аламыз. Кейбір оқушыларға тапсырманы сұрау арқылы. Бірақ тапсырманы орындап болған кейін оқушыларға ілгерілеуі туралы кері байланыс ұсынылады. Тапсырмалар соңында оқушылар топпен, жұппен тапсырмалардың орындалуына кері байланыс береді. Сабақтың соңында оқушыларға «Шығыс сауалнамасы» ұсынылады.оқушылар оқу нәтижелеріне талдау жасап, өз-өзіне баға береді. Спидометр әдісі арқылы сабақты түсінгендігін қолды толық, жарты жайып көрсете алады.

Пікірталас өткізіңдер.

сыныптаПікірталас әдісінде оқушылар теорияны тәжірибемен ұштастырады, жан-жақты білім қалыптастырады, шығармашылық , сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас дағдыларын дамытады, өз ойларын өңдеп, ұстанымдарын тұжырымдай алады.

АКТ мен жұмыс атқарған кезде қауіпсіздік техникасын сақтау.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?Егероқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

ҚР үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.