Жаңа сабақтар

Табиғатпен үйлесім.

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

И.Қ.Мандоки атындағы №154 ЖББМ

Конырова Динара Амиржановна

Тақырып: Табиғатпен үйлесім.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірім, қамқорлық, үйлесімділік.

Мұғалiм: Конырова Д.А.

Сынып 3

Сабақ мақсаты: Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.

Міндеті:

Білімділік:Оқушылардың табиғатқа деген мейірімділігін кеңейту және Рухани жаңғыру бағдарламасы негізінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаладағы құндылықтарымыздың маңыздылығын дәріптеп, түсіндіру;

Дамытушылық:Оқушыларды табиғатқа аялы қарым-қатынас жасауға үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баул;

Тәрбиелік:Оқушыларды үйлесімділікке тәрбиелеу

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 «Т» ережесі

  • Тәртіп
  • Талап
  • Тазалық
  • Татулық
  • Тыныштық

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Спандияр Ақбаевтың « Жақсы ата-орман,

Жақсы бала-қорған» атты әңгімесін оқып, мазмұндау.

  • Тоғайдың бастапқыдағы жағдай қалай еді?
  • Зейнеткер кісі тоғайға қандай қамқорлық жасады?
  • Атайдың немерелері қандай істермен шұғылданды?
  • Ел ішінде қандай нақыл сөз қалыптасты?
  • Табиғатқа неліктен қамқор болу керек деп ойлайсыңдар?
  • Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасап үлгердің?
Сабақ барысын талқылау:
3.Дәйексөз.

Табиғат тал бесігің – аялай біл.

  • Дәйексөзді қалай түсінесіз?
  • Табиғатты қорғау үшін адам бойында қандай жақсы қасиеттер болу қажет?
4.Әңгiмелеу (сұхбат).

2018 жылдың 21 қарашасында Елбасымыздың Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарық көрді.

Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны. Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін мән-маңызы зор. Бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма- біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды. Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тауларының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемнің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарының бастапқы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсімдіктер біздің жерімізде Тянь-Шань тауларының етегі мен шөлейт даланың түйісер тұсында пайда болған. Қазақ топырағындағы осынау қарапайым, сондай-ақ ерекше гүлдер өз әдемілігімен көптеген халықтың жүрегін жаулап, біртіндеп бүкіл әлемге тарады. Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың үш мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы». Қазір қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.

  • Елбасының мақаласынан нені түсіндіңдер?
  • Бізге өткен тарихымызды ұмытпау не үшін қажет?
  • Тарихты жаңғырту үшін не қажет?
5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ Жер

Қызғалдақ пен алманың суретін салу

2- топ Су

Алматы қаласының көрікті жерлерін жазу

3-топ Ауа

«Табиғат» сөзіне ребус құрастыру

4-топ Топырақ

Табиғат жайлы 4 жол өлең шығару

6.Дәптермен жұмыс

2- тапсырманы орындау

7.Топпен ән айту. Жау, жау жаңбыр

Сөзі: Жанғали Мырзалиев

Әні:Алтынбек Қаресов

Алатаудың бауырында,

Атам-әжем ауылында,

Ақша бұлттар, ауа берші,

Жау,жау жаңбыр, жауа берші

Қайрмасы:

Бақыт болып жаушы, жаңбыр,

Менің әсем қалама,

Бақыт болып жаушы, жаңбыр,

Менің әсем қалама,

Менің байтақ далама.

Алматыдай, астанама,

Жасыл желек жас қалама.

Бұлттар, бұлттар ауа берші

Жау, жау жаңбыр, жауа берші

8.Үй тапсырмасы.

Айса Хамзаұлының «Обал» әңгімесін оқып келу

9.Қорытынды

Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді, мейірім, қамқорлық, үйлесімділік. жақсы қасиеттерімізді бойымызға сіңіріп, Сүйіспеншілік құндылығын жүрегімізде сақтайық!

Сабақ аяқталды рахмет! Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.