Каратаева Камила Дукенбаевна
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы «Үміт» мектеп-интернаты
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Каратаева Камила Дукенбаевна
Әдебиет 9- сынып 30.11.18ж
| Сабақтың тақырыбы | Асан қайғы «Еділ бол да, Жайық бол» толғауы | ||||
| Сабақтың жалпы мақсаты | Жырау өмірінен мәлімет алады, «Еділ бол да, Жайық бол»толғауымен танысып, толғау
туралы түсініктерін кеңейтеді. |
||||
| Күтілетін нәтижесі | А) Қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
В) Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. С) Қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Шығармашылық ізденіс, сөз өнерін арттырады, поэзияны түсініп, сырына үңіледі. Оқушылар бірін-бірі сыйлайды, тыңдайды. |
||||
| Әдіс- тәсілдер | «Миға шабуыл», СТО әдісі, топтық жұмыс, жеке жұмыс | ||||
| № | Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Дерек көздер | |
| 1 | 1 мин | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | «Шаттық шеңбері» Орнымыздан тұрайық, Алақанды соғайық. Күннің нұрын алайық, Таза ауаны жұтайық. Жүрекке жылу салайық, Мейірімділік шоғын алайық, Жиналған жылы шуақты, Қонақтарға шашайық. | ||
| 2 | 2 мин | Топқа бөлу
1 топ: Жыршылар 2 топ: Жыраулар |
Оқушылар топқа бөлінеді. | ||
| 3 | 3 мин | Үй тапсырмасын сұрау
1. Жыраудың жыршыдан қандай айырмашылығы бар? 2.Қандай жырауларды білесіңдер? 3. Жыраулық дәстүрдің бір белгісі – толғау. Толғау қандай сипаттағы шығарма? |
Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы топ басшысы болып тағайындалады | Кеспе қағаздар.
Жырау- өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.Олар өз заманының нағыз халық жанашырлары болған. Жыршылар мирас болып жеткен өлең, жыр, қисса, толғау дастандарды орындаушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Толғау – әдебиетте өзіндік ерекшелігімен көзге түсіп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі. Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, әдебиетте жеке термин ретінде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. |
|
| 5 | 5 мин | Жаңа сабақ
І. Білу «Миға шабуыл » 1. Асан қайғы деген кім? 2. Өмір сүрген кезеңі. 3. Асан қайғының қандай толғауларын білесіңдер? 4. Асан қайғының арманы не еді? 5. «Жиһангез жырау» деп аталу себебі неде? |
Жеке жұмыс
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Постер қорғайды. І топ. Асанқайғының өмірі ІІ топ. Асанқайғының толғаулары, күйі . |
слайд.
Толғаулары: «Таза мінсіз асыл сөз», «Құйрығы жоқ, жалы жоқ», «Әй, хан, мен айтпасам білмейсің», «Қырында киік жайлаған», «Көлде жүрген қоңыр қаз». 4. Асанқайғының арманы халыққа жайлы қоныс іздеу. Күйлері:«Ел айрылған», «Асан қайғы», «Желмаяның жүрісі», «Зар», т.б. нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып, «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады. Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Жеті әулие» қорымы |
|
| 6 | 10 мин | ІІ. Мағынаны тану
1-топ. Мәнерлеп оқу 2- топ. Тақырыбын ашып, идеясын табу. Сергіту жаттығуы: «Жұдырықтар» деп аталады. Жаттығу отырып орындалады. Қолды тізеге қойып, аяқтарымызды сәл ғана алшақ ұстаймыз. Қолдарымызды жұдырыққа түйіп, бірнеше секунд ұстап, содан соң босатып, қолымызды тіземізге қоямыз. Жұдырығыңды алақанға жұм, Жұдырығыңмен тарсылдат. Қазір қыздар мен балалар, Демалады саусақтар. |
Толғауды мәнерлеп оқып, тақырыбы мен идеясын
ашады. Аудиодан Асанқайғының «Еділ бол да, Жайық бол » толғауын тыңдату. |
Кластер
Түсті маркерлер. Аудиодан «Желмаяның жүрісі» толғауын тыңдату. |
|
| 7 | 5 мин | ІІІ. Талдау
1 топ. Өлең құрылысына талдау 2 топ. Тақырыбын ашу.Идеясын табу ІV. Асан қайғы толғауларындағы афоризм сөздер |
2 топтың лидерлері 2 түрлі проблемалық сұрақтарға плакатқа
жауап жазады |
сурет
Толғаудағы жалқы есімдер: Еділ, Жайық. Сөз тіркестері: ердің құны, мінезі жаман адам, тәуір көрер кісі, өлетұғын тай, көшетұғын сай. Болымсыз етістіктер: ұрыспа, қуыспа, жуыспа, суыспа, Көркем тіл түрлері: ашу- дұшпан( метафора) |
|
| 9 | 5 мин | V.Жинақтау
1.Өлеңдегі негізгі ойды бір сөйлеммен жазыңыздар. 2. Өлеңнен келешекте қажет болатын қандай маңызды қорытынды шығаруға болады? 3. Толғау бойынша өз пікірлеріңізді айтыңыз. |
Әр топ берліген тапсырманы топтастырады | Дәптермен жұмыс | |
| 10 | 5 мин | VІІ. Рефлексия.
Сабақ соңында оқушылар жазбаша сұрақтарға жауап береді. 1.Бүгін мен______білдім. 2. Маған қызық болды._____ 3. Маған қиын болды.______ 4. Мен үйрендім._______ 5. Сабақ___________ |
Әр топ өзіне берілген тапсырмамен қорытындылайды. | Плакат
Стикер |
|
| 11 | 2 мин | Бағалау
Критериалды бағалау |
Әр топ өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады | Бағалау критерийлері жазылған
плакаттар |
|
| 12 | 1 мин | Үйге тапсырма
“Еділ бол да, Жайық бол” (жаттау) |
|||
