Оқушылар шығармашылығы

Жамбыл облысы Талас ауданы Есейби ауылы

«Қаратау» орта мектебінің

2 «Ә» сынып оқушысы Пернебай Нұрасыл

Жетекшісі: Мырзалиева Гульмира Амангелдиевна

Туған жерім

Ауыл- қазақтың мекен – тұрығы,білім алып,қиял қанатымен,биікке самғаған ата қонысы. Ауыл – алтын ұя,туған жерің,өскен ортаң. Шыр етіп дүниеге келгенде ана әлдиімен нәр алып, ауылға деген ынтызарың күннен- күнге молая түспек. Менің ауылымның аты – Есейхан.

Біздің ауылда мектеп, спорт алаңы, балабақша, емхана, мәдениет үйі бар. Мектебіміз екі қабатты. Ауылдың ауасы таза. Ауыл адамдары мал ұстайды, малды кезекпен бағады. Мен ауылымды мақтан етемін. Ауыл маған ұнайды.

Жамбыл облысы Талас ауданы Есейби ауылы

«Қаратау» орта мектебінің

2 «Ә» сынып оқушысы Шалабек Балзия

Жетекшісі: Мырзалиева Гульмира Амангелдиевна

Менің елім.

Менің елім – Қазақстан байтақ ел.Ол тату бейбіт елдердің бірі. Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Ол 1991 жылы тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздік жолында ағаларымыз бен әпкелеріміз аянбай күресті. Олар Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев,Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асанова сияқты қазақтың жалынды жастары. Олар елін, жерін қорғау үшін өз өмірлерін қиды. Мұны нағыз батырлық дейді. Солардың арқасында біз тәуелсіздік алдық. Болашақта елімізге адал қызмет етіп, қуанышқа бөлеу – біздің борышымыз. Мен елімді сүйемін және мақтан етемін.

Жамбыл облысы Талас ауданы Есейби ауылы

«Қаратау» орта мектебінің

2 «Ә» сынып оқушысы Сәттұрсын Алдияр

Жетекшісі: Мырзалиева Гульмира Амангелдиевна

Менің анам.

Ана – өмірдің шуағы. Адам баласының қамқоршысы, үйдің берекесі. Ол мейірімділік пен жылылықтың нұрын шашып тұратындай. Балалардың барлығы аналарын жақсы көреді.

Менің анам – ұстаз. Ол мен сияқты бүлдіршіндерді өмір жолына жетелеп, болашаққа қажетті біліммен сусындатып келеді. Сондықтан мен оны мақтан тұтамын. Себебі анамның айтуы бойынша бәріміз оның балаларымыз. Мен оны қатты жақсы көремін. Оны ренжітпеуге тырысамын. Дүниедегі бар жақсылықты анама сыйлағым келеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше