Мырзалиева Гүльмира Амангелдиевна

Жамбыл облысы Талас ауданы Есейби ауылы

«Қаратау» орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі:

Мырзалиева Гүльмира Амангелдиевна

САБАҚ: Ара мен Шыбын Мектеп: Талас ауданы, «Қаратау» орта мектебі
Күні: 23. 10. 2018 Мұғалімнің есімі: Мырзалиева Гүльмира Амангелдиевна
СЫНЫП: 4 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Әдеби шығармалардың жазылу ерекшелігіндегі мысалдар мазмұнымен танысу, мысал идеясын ашу.
Сабақ мақсаттары Мысалдағы негізгі ойды анықтай алады.

Алға қойған мақсатқа еңбек ету арқылы жететінін түсінеді.

Кейіпкерлер әрекетіне баға береді.

Топпен жұмыс жасауға қалыптасады.

Өзін- өзі бағалау парағы арқылы бағалау

Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: Бәлкім, нығымдап, жұғындап, қонақжай.
Алдыңғы оқу Мысалдың не екенін түсінеді
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы

2-3 минут

  1. Ұйымдастыру. Ынтымақтастық атмосфера арқылы «Жүректен жүрекке» тренинг.
  2. Үш түрлі гүлдердің суреттерін таңдап, 3 топқа бөлінеді.Әр топ орындарына отырады.
  3. Сабақ мақсатын таныстыру
  4. «Өзін- өзі бағалау» парақшасын тарату
Гүлдер, суреттер, слайд
Ортасы

20-25 минут

Мақсатты және күтілетін нәтижені таныстыру

1.Үй тапсырмасын сұрау.

«Мозайка» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау. Әр топтан оқушы тұрып мысалды жатқа айтады, келесі топ жалғастырып, келесі топ одан ары қарай жалғастырып айтады. Өздерін бағалап отырады.

Ой қозғау:

Бір ғұламадан біреу:

-Неге кейбір адамдар ақкөңіл, мейірімді болады, ал енді біреулері көре алмас, кншіл келеді?- деп сұрапты.

-Өмірде адамдардың екі түрін байқадым. Оның бір тобы шыбындарға ұқсайды. Шыбынның іздегені нәжіс. Шыбынды гүлзар баққа жіберсең де, ол соның ішінен нәжіс тауып, соған қонады. Сасық иістен ләззат алады. Оның мұрны жұпар иісті сезбейді. Адамдардың екінші тобы бал арасы секілді. Бал арасы кез келген жерден гүл іздейді. Мысалы: мал қораның шетіне бір тал гүл қойып, араны жіберсең, ол міндетті түрде гүлді табады. Ақжүрек адамдар бал арасы сиқты жақсылыққа құмар болады. Олар кез келген ортада Алланың хикметір көреді. Мал құмар, көңілі соқыр надандар шыбынға ұқсап өсек- аяңға үйір болып, адамдардың ұсақ- түйек кемшіліктерін жиып- теріп жүреді. Олар жақсы әңгімеден ләззат ала алмайды,- деп жауап беріпті ғұлама.

Автор туралы қысқаша айту

Ара мен шыбын туралы не білетіндерін сұрау

Мәтінмен жұмыс:

Әр топқа мысалды рөлге бөліп оқыту

Топтық жұмыс

1-топ: «Өнер» Ара мен шыбын қанатын жамылып,рөлге бөлініп ойнайды.

2-топ: «Оқу» Мысалдығы түйінді ойды айтады.

3-топ: «Жазу» «Егер мен шыбын болсам….» эссе жазады. Әр тапсырмадан соң өздерін бағалап отырады.

«Кім ақын?» тапсырмасы.

Үш топқа өлең бойынша ұйқас табу тапсырмасы беріледі.
Келді араға Шыбын
Жиып жатқан шырын,
Шақырды Шыбын қонаққа.
Ара келсе кешігіп,
Жатып қапты шешініп.
Қонақты дұрыс күтпепті,
Шыбынға ақыл жетпепті.

«Кім тапқыр?» тапсырмасы.

  1. «Қонақжай» дегенді қалай түсінесің?
    2. «Қонақ» деген кім? Қонақтың қандай түрлері бар?
    3. Қонақты ілтипатпен қарсы алу дегенді қалай түсінесің?
Оқулық

Плакат

Дәптер

Плакат

Дәптер, қалам

Слайд, парақшалар, маркер, стикерлер, өзін- өзі бағалау парақшасы

Аяқталуы

7 минут

2 Мақсатты және күтілетін нәтижені қорытындылау

Қорытынды: «Серпілген сұрақтар» әдісі

  1. Шыбын араға не деді?
  2. Шыбынның қонақ күтуге дайын еместігі туралы мысаалда не делінген?
  3. Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
  4. Егер араның орнында болсаң, не істер едің?
  5. Шыбынның қонақты дұрыс күткісі келмей тұрғанын қай сөздерден табуға болады?
  6. Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
  7. Шыбынның үйін, жататын жерін көзіңе елестетіп көр.

Шыбын мен Араның әрекетіне баға бере отырып, олардың қандай екенін кесте бойынша сипаттап жаз.

О. Әубәкіров туралы небілесің? Шыбын қандай? Ара қандай?

«Өзін- өзі бағалау» парағын аяқтап береді.

Үйгетапсырма:

Мысалға байланысты мақал- мәтелдер жазып келу

Рефлексия: «Бағалаутерезесі»

Стикерлерге алған әсерлері туралы жазады

Доп, кесте, маркер, стикерлер
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
Қолдау, ресурстар, топтау,

диалог, үй жұмысы

Қайта бағыттау сұрағымен, жетелеу сұрағымен, өзін- өзі бағалау парақшасы Дүниетану, интербелсенді тақта
Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше