Исаева Гүлдерай Эрниязовна

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы «Үміт» мектеп-интернаты

Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті

Логопед Исаева Гүлдерай Эрниязовна

Сабақтың тақырыбы: Р, Л дыбысын ажыратуға ұйрету.

Мақсаттары:

Білімділік: : Р және Л дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығын табуға үйрету.

Дамытушылық: Есте сақтауын, зейінін, логикалық ойлау қабілетін дамыту

Түзетушілік: Р және Л дыбыстарының белгілерімен (символдарымен) таныстыру. Дыбыстарды естіп ажырата білуге үйрету.Дыбыстарды буындарда, сөздерде дұрыс айтуға жаттықтыру. Сөйлеу тілінде зат есімдерді ілік септігінде дұрыс қолдануға үйрету.

Тәрбиелілік: Мұқият тыңдап, таспырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: заттық суреттер, дыбыстың орнын белгілеуге арналған жолақша және текше, дыбыстық талдауға арналған көк және қызыл түсті текшелер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар біз бүгінгі сабақта тапсырмаларды мұқият тыңдап, дұрыс орындауымыз керек.

ІІ. Сабақтың мақсатын баяндау.

-Бүгін сабақта біз дұрыс айтып үйренген Р дыбысын Л дыбысынан ажыратуды үйренеміз.

ІІІ. Артикуляциялық жаттығулар.

Балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдар ма? Олай болса , мен сендерге ертегі айтып беремін. Баяғы заманда екі ағайынды болыпты. Олар Рам мен Лам. Олар өте көңілді балалар екен. Күнде таңертең ерте тұрып, терезеден бастариын шыңғарып, көршілеріне күлімдеп қарайды екен. Екі ағкайынды балалар ойын ойнпағканды ұнатады. Рам мына жаттығуларды жасап, ойнайды екен:

«Тістерді тазалау»

«Сылақшы»

-Ал Лам болса, футбол ойнағанды жақсы көреді.

«Допты кім қақпағка кіргізеді»

-Рам әткеншек тебеді.

«Әткеншек»

-Рам мен Лам бірге атқа отырыпта серуендейді.

«Ат шабады»

-Олар атпмен серуендеп жүріп орманнан тоқылдық көреді.

«Тоқылдақ»

-Сосын олар, орманнан саңырауқұлақтарды тереді.

«Саңырауқұлақ»

-Үйлеріне келіп, қарындары ашқан соң тосаппен шай ішеді.

«Тәтті тосап»

-Рам мен Лам шайларын ішіп болған соң, аулада жүрген күрке тауықты көреді.

«Күрке тауық»

-Лам күрке тауық ауладан шығып кетпесін деп, қоршауды жауып қояды.

«Қоршау жасау»

ІҮ. Шатастыратын дыбыстардың артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру.

Дыбыстарды таңбалармен белгілеу.

Р дыбысын айт, енді Лт дыбысын айт.

Р дыбысын айтқанда тіліміз, ерініміз қшандай қалыпта, қай жерде тұрады? Ауа ағыны қандай?

Л дыбысын айтқанда тіліміз, ерніміз қандай қалыпта, қай жерде тұрады? Ауа ағыны қандай?

-Ал енді ағайынды Рам мен Лам дем алады. Рам ән айтады: р-р-р, ал Лам былай ән айтты: л-л-л. Рам айтқан әнді қайтала? Ал Лам қай дыбысты айтты? Бұл дыбыстардың айырмашылығы, ұқсастығы неде? (Баланың назары дыбыстардың артикуляциясындағы ерекшеліктерге аударылады).

Ү.Буындар тізбектерін айту.

-Логпед буындар тізбектерін баяу темппен айтады, ал балалар қайталайды.

Ра-ра-ла ро-ро- ло ры-ры-лы ру-ру –лу лу-ру-лу

ҮІ. Дидактикалық ойын: «Топтастыр»

-Балалар Рам мен Ламға көмектесіп р дыбысы бар суреттерді бір қатарға, л дыбысы суреттерді келесі бағанға жинаймыз.

Раушан – лақ Арба – алма Тырма- алмұрт Бал – бор

ҮІІ.Дыбыстық талдау бойынша жұмыс

Рам мен Лам саған жұмбақ жасырып отыр, шешуін тап:

Сопақша көк өңі бар,

Пайдалы, мөлдір сөлі бар.

Піскен кезде жияр

Оның аты ….. (қияр)

-Дұрыс, шешуі – қияр

-Енді осы сөзге дыбыстық талдау жасаймыз. Осы сөзде бірінші қай дыбыс? (қ дыбысы) Ол қандай? (дауыссыз). Қандай түсті текшемен белгілейміз? (көк түсті текшемен). Екінші дыбыс ше? (И дыбысы). Ол қандай? (дауысты) Қандай түсті текшемен белгілейміз? (қызыл түсті текшемен). Үшінші дыбыс ше? (Я дыбысы) Ол қандай? (дауысты). Қандай түсті текшемен белгілейміз? (қызыл түсті текшемен). Төртінші дыбыс қай дыбыс? (р дыбысы). Ол қандай? (дауыссыз). Қандай түсті текшемен белгілейміз? (көк түсті текшемен).

Қанша дауысты дыбыс, қанша дауыссыз дыбыс бар? 2 – дауысты, 2 – дауыссыз.Буынға бөл? Қанша буын бар? (2) Бірінші буынды ата, екінші буынды ата.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Р және Л дыбысы бар сөздер ойлап кел.

ІХ. Сабақты қорытындылау.

-Бүгін қай дыбыстар бойынша жұмыс жүргіздік?

-«Ррррр» – ненің әні?

-«Лллл» – ненің әні?

-Жарайсың?

-Баланы марапаттау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше