Оқушылар шығармашылығы

Анашым жарқыраған жұлдызымсың

Ана құдіретін жырмен өрнектеп әнімен әлпештеп , сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана тіршіліктің қайнар көзі , мейірімнің кәусар бұлағы. Шырылдап жерге түскеннен – ақ сенің ең бір жақының , ең бір досың , ең бір ұстазың бар. Ол – ана. Мынау танымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Себебі , ананың жарқын да жайдарлы жүзі біз үшін шуағы шашқан күн нұрымен тең. Әрбір арйлап атқан таң нұры ананың жылы құшағынан , аялы атқанынан басталса біз үшін яғни перзент үшін бұдан асқан бақыт жоқ деп білемін.

Осы тұста орыстың ұлы жазушысы М . Горокийдің «Дүниеде не жақсылық болса , соның бәрі ананың ақ сүті мен күннің нұрынан жаралған» деген сөзі бірден ойыма оралады. Ана деген ұғымның қасиетті де қастерлі екенің өз достарым мен сыныптастарыма осы бір сырым арқылы жеткізгім келеді. Дүние осы шіркін жыраған ғой – … Біреулер біз айтып отырған осы бір ананың махабатын сезіне алмайды , жылы жүзін көруді аңсап жүр. Сондықтан аяулы аналарымыздың қадірін білейік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мен өмірге келгенде- алғаш болып анамның жымиған жүзін көрдім, ал бұл мен үшін Алланың үлкен сыйы болды.Сол себепті жаратқаннан анамның жүзінен осы бір күлкі кетпесе екен деп бес уақыт намазға жығылдым дейді.Анамды мен жақсы көремін. Мен анашыма мына шумақ өлеңді арнаймын.

Анасыздар әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың мерей – тастап.

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Өр десек те сіздерді – лайықсыздар,

Төр десек те сіздерді – лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді – лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді – лайықсыздар.

Сіздер – күнсіз ,аспанда жарқыраған,

Сіздер – өзен, тау суы сарқыраған.

Сіздер – ана , сіздер – жар, сіздер қаздар.

Сіздер – жаңбыр,ақ нөсер сарқыраған.

Жамбыл облысы Талас ауданы Есейби ауылы

«Қаратау» орта мектебінің

4 «А» сынып оқушысы Нәби Аянат.

Жетекшісі: Каратаева Нагима Дүкенбаевна

Анашым, жұлдызымсың жарқыраған!

Әлемде мен үшін анадан артық жанашыр, анадан асқан қамқоршы, анадан асқан жан жоқ.Анадан артық баласын түсінетін,қуанышына қуанып,қайғысына шын жаны ашитын пенде жер бетінде болмас. «Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады» демейме? Ананың мейіріміне бүкіл әлемнің байлығы жетпес.Ананың махаббаты ерекше, ешкімнің махаббатымен салыстыруға келмейді.Өйткені ана балаға ең жақын адам. Мен сабақты жақсы беске оқығаным анамның арқасы.Анама сол үшін рахмет айтамын.

Жамбыл облысы Талас ауданы Есейби ауылы«Қаратау» орта мектебінің

4 «А» сынып оқушысы Сейділда Айдос.

Жетекшісі: Каратаева Нагима Дүкенбаевна

Анашым, жұлдызымсың жарқыраған!

Ана деген сені дүниеге алып келген , бұл дүниедегі ең қымбат жан.Менің анам ,мен үшін дүниедегі ең асыл адам.Ол маған жарық дүниені сыйлады.Отан отбасынан басталады демекші анам отбасымыздың үйытқысы.Анашым барлығымызға қамқорлығын, мейірімін төгіп жүреді. Жұмақтың кілті ананың табанының астында .Сондықтан да анамызды құрметтеп сыйлауымыз керек. Менің анам алтыннан ардақты, күмістен салмақты.Мен анашымды өте қатты жақсы көремін.Анашым менің ең жарық жұлдызым!

Жамбыл облысы Талас ауданы Есейби ауылы «Қаратау» орта мектебінің

4 «А» сынып оқушысы Жандарқызы Нұрай.

Жетекшісі: Каратаева Нагима Дүкенбаевна

Менің анам.

“Ана” үш әріптен құралған қасиетті де қастерлі сөз . Әркімнің анасы бар. Сол аналарды құрмет тұтып, қастерлеу біздің борышымыз. Ана түн ұйқысын төрт бөліп біздерді әлпештеп өсіреді. Біздерді басқа балалардан кем болмасын деп алдымызға барын тосады. Біздер аналарымыздың қадірін білуіміз керек. “Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды» , «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, енді бір қолымен әлемді тербетеді», “Алып анадан туады , ат биеден туады” – деген тамаша нақыл сөздері бар. Расымен де небір алып палуандар, жезтаңдай әншілер, ел басқарған елбасы барлығыда анадан тараған. Менің де анам бар. Мен анамды қатты жақсы көремін. Себебі, ол мені өмірге әкеліп, барын алдыма тосып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай мені әлпештеп өсірді. Мен анама ризамын. Барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Аналардың жүздері әрқашан жайнаған гүлдей болсын. Көңілдерін ешқашан кір шалмасын!

Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласы

3 сынып оқушысы: Жұмаділ Үміт

Жетекшісі: Исаева Гүлдерай Эрниязовна

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше