Оқушылар шығармашылығы
Менің сүйікті ұстазым
Ұстаз- аяулы жан, дара тұлға,
Баланың демейді әркез қанатынан,
Ұстаз- ол болашақтың баспалдағы,
Баланың бақыты үшін жаратылған
Ұстаз бір сөз, терең мағына, қадірлі жан! Бала болашағының баспалдағы. Екінші анаң. Мейірімді, сабырлы тәрбиенің символы. Бар асыл қасиеттерді бойына жинаған бір жан болса ол- ұстаз!
Келешек үшін тырмысып, жан аямай күрескен, өз бойындағы пенделігін жоя білген жан. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз- өзінің бар күнін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне сарп етуге бел буған періште. Шәкірттің жүрегінде мәңгілік із қалдырған ұстаз бейнесі қандай мейірбан, қандай сұлу десеңізші?!
Ғалым да, шахтер да бас иетін,
Ұстазым бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді- ау асыл бейнең!
Расында баланы тәрбиелеп, келешекке дайындап, кезі келгенде оны да алтын ұясынан түлетеді. Міне менде сол ұстазынан түлеген мың шәкірттің бірі болып, биыл түлегелі отырмын. Биыл үлкен өмірге аяқ басарыма қуанып та, қобалжып та отырмын.Енді бір жағынан аяулы да, асыл ұстаздарыма деген қимастық қатар арпалысып жатыр. Мектепке келгенімде оң- солын танымаған жас жеткіншек едім. Сонда аяулы ұстаздарым анамдай қамқорлық таныта отырып, жүрегіме адамгершілік нұрын, санама өнер мен білімді қатар құйған болатын. Сол аяулы ұстаздарыма, анамдай асыл жандарға бүгінде алғысым шексіз.
Осы сәтті пайдалана отырып, өзімді тәрбиелеген, санама білімін, жүрегіме нұрын құйған аяулы да, асыл ұстаздарыма жүрекжарды тілегімді білдіргім келеді.
Санаға білім, жүрекке нұр құясың да,
Шәкіртті түлетесің ұясынан.
Аяулы ұстаз саған деген ақ тілегім,
Осынау бір қағазға сыяды ма?
Өзіңді теңеймін мен нар тұлғаға,
Бейнеңді алмастырман алтынға да.
Жүректен өшпес сенің мәңгі есімің,
Шәкірттің жан дүниесінің иесісің.
Аяулы ұстаздар сіздерге мың алғыс! Әр түлеткен шәкірттеріңіз үкілеген үміттеріңізді ақтасын. Сіздерге тек бақыт, байлық тілеймін. Алланың нұры жаусын.
Осы бір шығармамды Мүбәрәк Жаманбалиновтың ұстазыма деген керемет өлеңімен қорытындылағым келіп отыр.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп- интернатының 7-сынып оқушысы
Серданова Айсауле, Мұғалімі: Каратаева Камила Дукенбаевна
Ұстазыма
Мектепке кеп бала кезім,
Алғаш есік ашқанымда.
Сенсің құйған сана- сезім,
Сол шағымнан жас жаныма.
Шын ұлы етіп Ұлы елімнің,
Дұшпаны етіп қиянаттың,
Жүрегіме жүрегіңнің
Қасиетін ұялаттың.
Арада жыл өтсе де көп,
Ұмытпаймын біл, есіңе ал.
Қанша өмірде етсем еңбек,
Ұстаз сенің үлесің бар.
Жамбыл облысы, Талас ауданы , Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп- интернатының 7- сынып оқушысы Естемес Ақбаян,
Мұғалімі Каратаева Камила Дукенбаевна
Ардақты анашым
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу – бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар.
Мен өзімнің алтындай анашымды қадір тұтамын.
Ех, шіркін анаңнын болғаны қандай жақсы, анасы баласы үшін отқа да , суға түседі дегені рас қой! Сәл ғана кешіксем де, тамағымды уақытылы ішпесем де , ауырып қалсамда жанымнан менің алтын анашым табылады. Ана мен сізге мәңгілік қарыздармын…
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
«Үміт» мектеп- интернатының 7- сынып оқушысы Бегманов Ислам
Мұғалімі Каратаева Камила Дукенбаевна
Көктем
Шығарманың жоспары:
- Көктемнің басталуы
- Көктемдегі табиғат
- Көктем мезгіліндегі мерекелік күндер
- Көктемдегі ауа-райы
- Көктемдегі адамның еңбегі
Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілі басқа мезгілдерден өзгеше болып келеді. Көктем мезгілінде табиғат толығымен оянады. Көктем келгенін біз өз отбасымызбен қуана қарсы аламыз. Себебі, көктем адамға жаңару мен жасыл шөптерді әкеледі.
Көктемде құстар өлкемізге ұшып келеді. Біз оларға жем береміз, үйшікте жасап береміз. Жеміс ағаштары гүлдейді және жапырақтары бүршік атады. Айналаға шөп өсіп, жердің беті жасыл кілемге айналады. Айналаны алқызыл жауқазын гүлдерінің иісі бүркеп алады.
Көктемде ең бірінші мереке 8-наурыз күні әйел-қыздар мерекесі деп аталады. Ол күні әжелеріміз, аналармыз, әпке-қарындастарымызды сонымен қатар апайларымызды да мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз мерекесі 22-наурызда аталып өтіледі. Ол күні әркім өзгеше қарсы алады. Наурыз көже және т.б. ұлттық тағамдар пісіріледі. Түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, ән айтылады, би биленеді. Менің анам да жеті түрлі дәм қосып наурыз көже әзірлейді. Бұл әрине көктемнің алғашқы белгісі боп есептеледі.
Көктем келе ауа-райы жылынады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Ауа-райы жылып және көктем соңында ысып та кетеді. Сонымен бірге жазға ұласады. Жаңбыр жауса, кемпірқосақта түрлі-түсті болып көрінеді. Біз оны қуана тамашалаймыз.
Көктемде адамдар бау-бақшасына түрлі-түсті жеміс ағаштары, жұпар иісті гүлдер егеді. Оларға су береді, астын қопсытады. Бұл өсімдіктердің бәрі су және күн нұрымен өседі. Айналасындағы жаман шөптерден тазартады. Ал дихандар дәнді өсімдіктер егеді. Олар: бидай, арпа және картоп, сәбіз, қызанақ, қияр, орамжапырақ. Оларды өсіріп жетілдіру үшін дихан бабалардың еңбегі мол. Көктемде бізде жеміс ағаштарын егуде ата-анамызға, үлкендерге көмектесеміз.
Эссе. Менің отбасым,
Отбасы – адам өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы қиналғанда қайғыңмен қуанғанда қуанышыңа ортақ болатын, аяулы жандар. Отбасының тірегі – сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Ал бірін – бірі сыйлап, бірін – бірі сүйіспеншілікке бөлеп, отырған отбасыны бақытты отбасы дейміз. Мен бақыттымын! Себебі менің отбасым бар. Мен өз отбасыммен мақтанамын. Асқар таудай әкем мен алтын анам бар. Олар үнемі бізге өз жылулары мен мейірімдерін төгіп, бізді шаттыққа бөлеп отырады. Біздің әрбір қуанышымызды бізбен бөлісіп отырады. Мен өз отбасымның бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын. Отбасым әрқашан аман болсын! Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
4 – ші сынып оқушысы Мырзан Аяулым
Жетекшісі: Исаева Гүлдерай Эрниязовна
