Жаңа сабақтар

«Менің отбасым және менің ондағы орыным»

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Еңбек ауылы

242 Нұрай шағын орталығының тәрбиешісі

Алдиярова Анаркүл Шайхсламқызы

«Менің отбасым және менің ондағы орыным»

Менің отбасым. Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпаса керек. Отанның бір кішкентай бөлшегі ол отбасы. Әр бір адамның өз отбасысы бар. Сол сияқты менің өз отбасым бар. Менің жанұям, жақындарым мен үшін аса қымбат адамдар. Біз бір-бірімзге әрдайым қолдап, қол ұшын беріп келеміз. Сол себепті менің түсінігімде отбасы қуанышты да, қайғыңдыда бірге көріп, өмірдің бар қиындығын бірге жеңу, сенің жақын адамдарың мен бақытты өмір сүруің. Әр бір адам баласы өз отбасымен бірге бақытты бейбіт өмір сүрсе екен деп тілеймін.

Менің ойымша отбасы деген…
Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
« Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.

Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де біз отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
«Өз үйім өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады. Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт.Себебі қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қояды.Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында ….

Қорытынды:

Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке-біз жақсы көретін ең жқын адамдар. «Ата-байтерек,бала-жапырақ,» әкеден-ақыл,анадан-мейір», «Отбасы-бақыт мекені,Отбасы-алтын,ыстық ұя»,-дейді халық.Сондай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүру- әр адамның зор бақыты.

Бақыт ашып,қақпасын

Мәңгі бақи жаппасын.

Бәле-жала отбасын-

Іздеседе таппасын!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.