Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Ұлытау алтын мұрасы» қоғамдық қоры

ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы

«Тұран» университеті

«Ұлытау – Қазақ жеріндегі мемлекетттілік пен хандық билік институтының алтын бесігі»

ғылыми-тәжірибелік конференциясы

Ұлт Көшбасшысы – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасы мен «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлытау алтын мұрасы» қоғамдық қоры, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы және «Тұран» университеті бірігіп 2019 жылдың 15 мамыр күні «Ұлытау – Қазақстандағы мемлекетттілік пен хандық билік институтының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Шараға Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімдігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, білікті тарихшы ғалымдар, саясаттанушылар, құқық саласы мамандары, ұлттық мәдениет өкілдері, қаламгерлер, қоғам қайраткерлері қатысады.

Қонференцияға қатысушылардың арасында Төрегелді Шарманов, Мұхтар Алтынбаев, Жамбыл Артықбаев, Ахмет Тоқтабай, Мәмбет Қойгелдиев, Хангелді Әбжанов, Исраил Сапарбай, Жүрсін Ерман, Қазыбек Иса сынды белгілі ғалымдар мен қаламгерлер бар.

Елбасы «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласында: «Кеңістік — барлық нәрсенің, ал уақыт — бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады» деп терең тұжырым жасаған болатын.

Ұлытау – ұлт руханиятының алтын бесігі, ұлттық кодтың бастауы. Дәл осы арада алты Алаштың баласы бас қосып, қазақ мемлекетінің іргетасы қаланған. Хан ордасы бой көтеріп, үш жүздің баласы жаңа мемлекеттің туын желбіретті. Сондықтан да оның тарихи һәм рухани маңызы жоғары.

Ұлт тарихын түгендуге бағытталған ауқымды шараға ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

Ұйымдастыру алқасы

87017282228

Өтетін орны:

Алматы қаласы, Сәтбаев көшесі, 16 а

(Желтоқсан көшесінің қиылысы)

Тұран университетінің Мәжіліс залы

Уақыты:

15 мамыр, 2019 жыл, сағат: 10:00-де

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.