Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Негативті интернет-контентті анықтау мақсатында,

сондай-ақ, оның одан әрі таралуының алдын алу және зардап шеккен балаларға уақытылы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау, педагогтардың этикаға сай емес іс-әрекет фактілерін жеткізу бойынша

«БАЛАЛАРДЫ БІРГЕ ҚОРҒАЙЫҚ» телеграмм-чаты ашылды

Жасөспірімдер арасындағы төбелестер мен педагогтардың этикаға сай емес іс-әрекеттері бар бейнежазбалардың әлеуметтік желілерде таралғаны қазақстандық қоғамды алаңдатып отыр. Осыған орай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті негативті интернет-контентті анықтау, сондай-ақ, оның одан әрі таралуының алдын алу және зардап шеккен балаларға уақытылы көмек көрсету бойынша шаралар қабылдау мақсатында «Балаларды бірге қорғайық» телеграмм-чатын құрды. Киберқауіпсіздікті белсенді түрде қадағалау, ата-аналармен, балалармен сенімді қарым-қатынас орнату олардың өмірінде кездесетін қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді.

Аталған телеграмм-чатқа педагогтар, психологтар, білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық, аудандық және қалалық білім беру органдарының өкілдері, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері тіркелген.

Бүгінде әлеуметтік желілер барлық адамдар үшін ашық және жасөспірімдер әлеуметтік желілерде қорқыту, буллинг көрсету сияқты келеңсіз жайттарға жиі тап болуы мүмкін.

«Балаларды бірге қорғайық» телеграмм-чатының жұмыс жасау алгоритмі. Педагогтармен және ата-аналармен анықталған негативті контент телеграмм-чатта орналастырылады. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандары өз кезегінде уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, зардап шеккен балаларға көмек көрсету және негативті контенттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында жедел шаралар қабылдайды.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.