Жаңа сабақтар

Беріліс қорабы

Қызылорда облысы, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің

арнайы пән оқытушысы Беркимбаев Ерлан Жуманазарович

Сабақ барысы.

Сабақ тақырыбы: Беріліс қорабы.

Сабақ мақсаты: Жаңа білімді игерту.

Білімділік: Білім-білік дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушыларды автокөліктің беріліс қорабымен таныстыра отырып жүргізу әдістерін меңгеруі.

Дамытушылық: Теориялық білімдерін нығайта отырып,автокөлікті дұрыс жүргізуге және техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.

Тәрбиелілік:Еңбекке баулу, техника тілін білуге және кәсіби мамандыққа бағытау , қызығушылығын мен сүйіспеншілігін,жұмысқа деген ынтасын,жауапкершілігін арттыру.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,оқушылардың өз бетінше автосимулятор бойынша тәжірибелік жаттығу жұмыстарын жасау.

Көрнекілігі: Оқу шеберханасы, .FORWORD автотренажеры, технологиялық нұсқау картасы, техника қауіпсіздігі ережесі нұсқаулығының бағдарламасы бар стенд, қосымша материалдар және интерактивті тақта

Пән аралық байланыс: Физика ,химия,жолда жүру ережелері,автомобильдың құрлысы және пайдаалануы.

Сабақ барысының мазмұны

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа қатынасын,киім үлгісін қадағалап,сабаққа әзірлігін тексеру.

ІІ.Кіріспе нұсқау

  1. Өткен сабақ б/ша теориялық тексеру сұрақтары

1 Автокөліктің басқару оргондарына неленр жатады?( рульдік басқару ,педальдік басқару , бақылау көрсеткіштері беріліс қорабы қол тежекіші )

2 Педальдың неше түрлері бар және оны қолдану әдістері ?(Газ ,тормоз , сцепление , газбен тормоз оң аяқ сцепление сол аяқ )

3 Рульдік басқарудың бұрылу градустық өлшемдері және басқа да қосымша құрамын ата?( 90* қлды алмай, 120*үстіндегі қолды сағат тілі 11-ге бағыттау , рульді аяғына дейін үстіндегі қолды кезек -кезек бұру арқылы , паваротник ,зажигание )

4 Автокөліктің бақылап-өлшеу приборларының қызметтерін ата?( спидометор-жүріс жылдамдығы , тахометор-қозғалтқыштың айналу минуты, май ,су аккумулятор жанар-жағар май )

2.Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырып,түсіндіру жұмыстары

Беріліс қораптарының төрт типі бар:

1) Механикалық берілістерді ауыстыру қорабы – көпсатылы цилиндр-лік редуктор, мұнда берілістерді қолмен ауыстыру ескерілген.

2) Автоматтандырылған берілістерді ауыстыру қорабы – көптеген факторларға тәуелді, қозғалыстың ағымдағы жағдайларына сәйкес болатын беріліс санын автоматтық түрде таңдауын (жүргізушінің тікелей қатысуысыз) қамтамасыз етеді.

3) Роботталған берілістерді ауыстыру қорабы – іліністі ажырату мен берілістерді ауыстыру функциялары автоматтандарылған механикалық беріліс қорабы болып табылады

4) Вариаторлық берілістерді ауыстыру қорабы – бұл қозғалтқыштың күшін сатысыз түрде жетекші дөңгелектерге беру үшін тағайындалған механиккалық торап.

ІІІ.Ағымдағы нұсқау

1 Механикалық беріліс қорабымен автокөлікті қалай жүргізу керек ?

Механикалық беріліс қорабы бұл—(орыс. Коробка передач) — беріліс қатынастарының баспалдақты өзгеруі, тісті берілістердің ажыратылып-қосылуымен жүзеге асырылатын көп буынды механизм.

Ең біріншісі жүргізуші беріліс түтікшесіндегі қай берілістін калай орналасқанын және әрқайсысының атқаратын қызметін білу қажет . Ең алғашында бұны есте сқтау ға қыиынға соғады бірақ уақыт келе тәжрибе алған сайын автоматты түрде ойланбай нақ қадам басатын боласыз.

Ілініс педалі (сцепление) — Ілініссіз механикалық беріліс қорабын қосу мүкін емес Сондай ақ ілініс автомобильдің орнынан баяу қозғалуы үшін және тоқтаған кезде трансмиссияның құрылғыларын аздаған уқытқа айыру қажет.

Ескерту беріліс қорабын ауыстыру кезінде ілініс педальін толық басу қжет .Себебі әр жылдамдық сайын бөгде дауыс сылдырлаған,ғырылдаған ,дірілдеген шығуы мүмкін және бұл транссмисияның бұзылуына әкеп соғады

N – бейтарап беріліс: (Neutral ,Нейтральная передача Қозғалтқыштын айналу маментін донғалақтарға таратпайды және бұл жағдайда МКПП ауыстыруға болады.

Ескерту Беріліс қорабы 1,2,3,4,5 , R т.б беріліске салынып тұрған жағдайда қозғалтқышты іске қосуға тыйым салынады. Себебі бұл басқарусыз қозғалысқа түсіреді және жол көлігі оқиғасына әкеліп соғылады.

I беріліс және II беріліс: Көбінесе негізгі жүрүс қызметін атқарады I беріліс көлікті орнынан қозғау кезінде пайдаланса II берілісті биік төмпешіктен түсуге және көлік қозғалысы тығыз жағдайда қолданылады Қалған 4,5немесе 6,7 ші берілістер жоғарғы жүріске арналған.

R – артқы жүріс( Reverse — Задний ход) Артқы жүріс кезінде жүріс жылдымдығы 1-ші беілістен едәуір жоғары болады. Кейбір маркалы көліктерде артқы жүріске салу үшін беріліс түтікшесіндегі арнайы кнопкасын басу арқылы жүзеге асады

Ескерту бұл жүріс кезінде автокөлік толық тоқтамайынша артқы жүріске салуға тыйым салынады және ұзақ жүруге болмайды, себебі қорабқа зақым әкелуі мумкін

Жүріс жылдамдығы кезінде беріліс қорабын уақытылы дұрыс анықтау , ауыстыру

1Қозғалтқыштың дыбысына қарай жобалау ауыстыру ( оринтир алу )Егер қозғалтқыштың айналымы төмен болса онда қозғалтқыш қуат алған жоқ немесе сіз одан да жоғары беріліске қойдыныз. Яғни сізге төменгі беріліске ауысу қажет Аегер қозғалтқыштың айналымы өте жоғары болса онда сізге одан да жогары беріліске ауыстыру қажет себебі беріліс қорабы қуат алу қажет

.

2 Тахометр айналу моментіне қарау арқылы . Әр маркалы автокөліктің қозғалтқыштың қуаттылығына қарай беріліс қорабтың ауысу реті әр түрлі болады. Дегенімен орта есеппен ,негізінен 2000-3000 об/мин.(3*1000=3000) аралығы сайын ауыстырлып отырлады.

3 Спидометр жүріс жылдамдығына қарай. Мысалыға алсақ әр 25км/сағ

(I беріліс; 1-25 км/сағ II беріліс: 25-50км/сағ III беріліс; 50-70км/сағ т.с.с)

Ескерту;Бұл жобалар қозғалтқыш қуатты болған сайын корсеткіштері өсуі мүмкін .

Дауншифтинг (Down shifting. Движение вниз.Төменгі жүріс.) Бұл автокөліктің жүріс жылдамдығы кезіндегі бәсендететін төменгі беріліс әдісі . Көлік жылдамдығын бәсендету барысында автоматтандырылған беріліс пен механикалық берілістің едәуір айырмашылығы болады. Берілістің төменгі беріліске ауыстырылуы көлік жылдамдығының бәсендеуі мен қатар сізге сол керекті жылдамдықты ауыстыруға мүмкіндік береді.

Дауншифтинг сізге жол жүру өтімділігі нашар (тайғақ ,батпақ кеді-бұдырлы) ,жазғы немесе қыс мезгілінде тежегіш педальіне жүгінбей ақ одан да қауіпсіз

қозғалысқа жылдамдықты төмендете алады ,басқа автоматтандырылған трансмиссия түрлеріне қарағанда .

Мысылы дауншивтинг көмегімен 70 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автокөлікті тоқтатуға болады.

-Ілініс (сцепление) педальін басыңыз және беріліс қорабын 3ке ауыстыра отырып оң аяғыңызды газдан алып тежегішке апарыңыз

-Жоғары айналымнан айырлу үшін ілініс (сцепление) педальін баяулатып босатыңыз.

-Тоқтамас бұрын тағыда Ілініс (сцепление) педальін басыңыз

-Берілісті төмендету мақсатында 1-ші беріліске салмаңыз

Бұл тоқтау әдіс сізге жалғыз тежегіш педальімен тоқтағаннан көрі ертерек әрі қауіпсіз тоқтауға мүмкіндік береді.

2 Автоматтандырылған беріліс қорабымен автокөлікті қалай жүргізу керек ?

.

Бірінші бұл беріліс қорабында Ілініс (сцепление) педальі болмайды

Режим «Р» (Parking) — Паркинг. Парковка Бұл режим автокөлік толық тоқтағаннан кейін қойылады және сонынан қол тежегішін тартады.Сонымен қатар осы режимде ғана қозғалтқышты іске қосады

Режим «R» (Reverse) — Задний ход. Артқы жүріс .Көлікті артқа жүргізу режимі.Ол үшін ең алдымен тежегіш педалін басу арқылы жүзеге асады . «R» режиміне түтікшені қойғаннан кейін қол тежегішті босатады.

Режим «N» (Neutral) — Нейтральная передача. Бейтарап беріліс Яғни ешқандай беріліс тістері іске қосылып тұрған жоқ бұл режим тоқтап тұрғанда ,светафор күту , темір жол өтпелін ,т.б куту ,аялдау кезінде қолданылады

Режим «D» (Drive) — Движение.Жүріс . «D» режимін қосқан кезде қол тежегішті босатады,жалпы берілістер автоматты түрде газды басу арқылы жүзеге асады.Көлік жылдамдығын бәсендету үшін газды босатады немесе керегінше тежегішті басады

Режим «Д1» («L») Lower gear замедленный ход Төменгі жүріс Аатокөлік жылдамдығы 25км/сағ тан аса алмайтын жағдайда қойылатын режим,яғни тайғақ ,батпақ, кеді-бұдырлы, орманды жолдарда.1ші берілістен әрі қарай ауыспайды .

ІҮ. Қортынды нұсқау — 12 35 – 1300(25 мин.)

  1. Сабақты қортындылау
  2. Қателерін жою,түсіндіру , студенттерді бағалау.

  3. Үйге тапсырма.,, Автокөлік жүргізу барысында машық-машықтану тақырыбында өзіндік іздену,,

Оқу құрал:. (ғаламтор көздері, кітапхана т.б)

Берілген тапсырмаларды үйде орындау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.