Білім негізі – бастауышта
Алматы қаласы Алатау ауданы «№ 152 мектеп-гимназия»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Туратауова Индира
Білім негізі – бастауышта
Мектептегі басты тұлға – мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да ең алдымен осы ұстаздар арқылы жүзеге асады.Рухани жан дүниесі бай, жан – жақты дамыған , бәсекеге қабілетті, қоршаған ортаға тез бейімделетін жеке тұлғаны сомдау- бүгінгі күнгі басты талабы болып отыр.
Бастауыш білім беру- үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы.
Бастауыш сынып мұғалімі ретінде біздіңалға қойған мақсатымыз: бала бойында білім, икемділік, дағды сияқты арнайы жоғары құзыреттілікті қалыптастыру, оны жүзеге асыру.
Ол үшін оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық басымдылығын әрекетте ұштастыру қажет.
Ұстаз жетістіктерге жетуде әдістемелік ұйымдастыру жағдайын төмендегі үлгілермен дәлелдей алады;
Біріншіден, бастауыш сынып оқушыларына оқытылатын пәндердің әр түрлі болуынан,сынып оқушыларымен атқарылатын жұмыс та алуан түрлі.
Екіншіден, бастауыш сынып мұғалімінің жан-жақтылығы – оның математика, ана тілі,қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу өнері,еңбек пәндерінің барлығын оқытуында.
Үшіншіден, бастауыш сынып оқушыларының физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен санасып, оқу- тәрбие үрдісінде түрлі іс шаралардың атқарылуы.Бұл,физиологиялық,психологиялық ерекшелікті ескермесе,бала бойындағы ағза ауытқушылығына тап болатынымыз анық.
Төртіншіден,бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыруда,өздік әрекет үлкен орын алатындықтан,баланың жекелеме әрекет жасауы – оның толыққанды дамуының айғағы болмай ма?
Аталған нәтижелердің барлығы да мұғалімнің ұстаздық,психологиялық,әдістемелік және жекелеме тұлғалық қызметтері арқылы жүзеге аспақ.
«Өткенге қарап басымызды иеміз,ертеңге қарап білек сыбанамыз».Ендеше, бүгінгі бала- ертеңгі азамат.
Алып та анадан туса, « Мейірімді анадан үйрен» дегендей балаға аналық мейірімділікпен қарау-бастауыш сынып оқушыларымен оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда ұстаз бойындағы -басты қасиет саналады.
Күннен де жарық – білімге құштарлықты ояту жолын бастауыштан бастайтынымыз ақиқат.
Сондықтан да «Білім негізі- бастауышта» демей ме?
Шәкірттерімізді ; «Іздесең- табасың,талаптансаң-жетесің,зейін салсаң –ұғасың» -деп шабыттандыра отырып, өнеріміздің сәулесін осы өрендерімізге шашуымыз қажет.
«Ұстазы жақсының -ұстамы жақсы» демекші,табысқа жетуде
айқын мақсат пен міндет арқылы жоспарлы жұмыс,ізденіс,ақпарат құралдарымен тығыз бйаланыста болуды ұстаз өз басынан ғана емес, шәкірттерінің қадамынан да бағамдайды.
