Жаңа сабақтар

Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

7 орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Рахимова Галия Сыздыковна

Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3B Қазақ халқының қалыптасуы Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 6 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы
Зерттеу сұрағы: Ұлы Дала мұрагері – қазақ халқы қалай қалыптасты?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 6.1.1.3 – ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау;

6.1.1.4 – «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру

Сабақ мақсаттары Қазақ халқының қалыптасуы бірнеше аспектіде қарастырылып, оқушының бұл үрдістің заңдылық екендігіне өзіндік зерттеу жасау арқылы көз жеткізуі көзделеді.
Бағалау критерийлері Білу мен түсіну:

«Ұлы Дала елі» ұғымының мағынасын түсінеді.

Қолдану:

— кескін картаға үш жүздің аумағын және өз руының қай жүзге кіретінін белгілейді.

Дескриптор
  • Дерек негізінде қазақ халқының қалыптасуына әсер еткен ру-тайпаларды анықтайды және мағынасын ашады.
  • Ұлыжүз, Орта жүзжәнеКішіжүзаумағынкартадабелгілейді
  • Өз руының қай жүзге жататынын анықтайды.
Тілдік мақсаттар 1. Қазақты «халық» болып қалыптасты деп қалай дәлелдей аламыз? дәлел келтіру арқылы сұраққа жауап береді (айтылым дағдысы)

2. «Қазақ» атауының шығу тегі туралы бірнеше ғылыми пікірлер жазылған мәтінді талқылайды (оқылым жән айтылым дағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

Халық, «қазақ» атауы, қазақ жүздері, Консолидация, этносаяси бірлестік, этнос, этноним, ұлт, миграция, ассимиляция, Алаш, ру, ата-аймақ.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар …

Жүздердің пайда болу себептері …

Дерекке сүйене отырып айтсақ …

Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша …

«Қазақ» атауының шығу тегі…

Біздің тобымыздың пікірі бойынша…

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады.

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Құндылықтарды

дарыту

Қазақстандық патриотизм

Құрмет

Ынтымақтастық

Академиялық шындық

Ашықтық

АКТ

қолдану дағдылары

Интерактивті тақтадан бейнематериал қарайды
Пәнаралық

байланыстар

Дүниежүзі тарихы, қазақ әдебиеті
Бастапқы білім Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру бөлімі

Қолайлы атмосфера қалыптастыру

Сабақ мақсаты, бағалау критерийлерін еске түсіріп өту.

Презентация
Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

10 минут

7 минут

(Б) Берілген ұғымды қалай түсінесіздер?

«Ұлы Дала елі» — Тәуелсіздігінің айнымас символикаcы, мемлекеттік күш-қуаты, Отанымыздың көп этникалық халқының бесігі, айрықша мәртебесі, халқымыздың кеңпейіл дархандығы.

М)«Қазақ жүздерінің пайда болуы» бойынша шағын шолу жасау. Берілген тұжырымға тоқталу.

Ш.Уәлихановтың зерттеулері бойынша «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар көшіп қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ -қазақ жүздері».

Б)Картамен жұмыс. Кескін картаға үш жүздің аумағын және өз руының қай жүзге кіретінін белгілейді.

Дескриптор: Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз аумағын картада белгілейді

Өз руының қай жүзге жататынын анықтайды.

Ж) Өз отбасының шежіре ағашын жаса

http://e-history.kz/kz/scorm
5 минут

5 минут

Қорытынды жұмыс: Ақиқат/Жалған

Рефлексия

Білемін…

Есте сақтадым…

Істей аламын…

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті жоғары оқушы берілген тапсырмамен шектелмей, көбірек орындайды. Оқушылар жетістік критерийлері және дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалайды. Сонымен қатар мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.