Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жобасы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асырады. Жобаның мақсаты – балалардың бойында адамгершіл қасиеттерін дамыту, мейірімділік, достық және барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту.
Мереке қарсаңында республикадағы барлық мектептерде, балалар үйлерінде және басқа да білім беру ұйымдарында осы тақырып аясында түрлі мерекелік іс-шаралар, танымал адамдармен, ардагерлермен кездесулер, жылжымалы көрмелер, байқаулар өткізу жоспарлануда. Жоба балаларға, оның ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға толеранттық тәрбие бойынша практикалық жұмысты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба іс-шараларды өткізуді қарастырады және балаларды барынша көп жұмылдыруға мүмкіндік береді:
– 2019 жылғы 14 қаңтар-28 ақпан аралығында http://www.ziyatker.org ғылыми-танымдық сайтында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар арасында «Шексіз шығармашылық» республикалық қашықтықтан өткізілетін байқауы;
– 2019 жылғы 24-25 ақпан аралығында Алматы қаласында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» оқушылардың республикалық дебат турнирі;
– 2019 жылғы 28 ақпан–1 наурыз аралығында Алматы қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» республикалық балалар фестивалі өткізіледі.
Балалардың аталған іс-шараларға қатысуы шығармашылық әлеуеттері мен жеке мүмкіндіктерін дамыту процесінде өздерінің даралықтарын сезініуіне ықпал етеді. Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне – Алғыс хаттар беріледі.
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Оқушылар сарайының концерт залы, Достық көшесі, 124.
Қосымша ақпарат үшін: + 7 (7172) 64 27 32; + 7 (7172) 64 27 31; e-mail: rumcdo.muz
ҚР БҒМ баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің баспасөз қызметі
010000, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, тел.: +7 (7172) 74-24-14
E-mail: pressa.edu
