Жаңа сабақтар

АСТАНАДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҮЕҰ КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТ Ы ШАРА ӨТТІ

Биылғы жылы Дүниежүзілік ҮЕҰ күні қарсаңында азаматтық қоғамды дамыту үшін ҮЕҰ арналған мастер-кластар өткізіп, олардың біліктілігін арттыру мақсатында Гранттық оператор және 5 үкіметтік емес ұйым бірікті. Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның Басқарма төрағасы Батима Мукина 25 ақпан күні Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне арналған Астана қаласындағы салтанатты шарада айтты.

27 ақпан – Дүниежүзілік ҮЕҰ күнінің қарсаңында «АБҚО» КЕАҚ үкіметтік емес ұйымдардың 150 өкілдеріне арнап тегін шеберлік сыныптарын өткізіп, үздіксіз жұмыс істеп келе жатқандарын марапаттады.

«Осы жылы ҮЕҰ үшін 3 миллиардттан астам теңге бөлінді, оның ішінде 2 миллиард теңгесі Жастар жылына орай жастарға арналған жобаларға бөлінді және биыл 100 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Бүгінгі шарада Алматы, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстарынан Елордаға жиналған 150-ге жуық ҮЕҰ өкілдері мемлекеттік гранттарға өтініш беруден бастап барлық қажетті деректерді қамтыған тегін шеберлік сыныптарынан өтуде. Іс-шара аясында мемлекет бөлген гранттан бөлек, өздерінің де бастамасымен үздіксіз жұмыс істеп келе жатқан қоғамдық ұйымдар марапатталады.Мұндай іс-шаралар үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттырып, жалпы алғанда Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытатынына сенімдіміз.», — деп атап өтті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрайымы Батима Мукина.

Ұйымдастырушылардың қатарында Қазақстанның Азаматтық Альянсы, «АРГО» азаматтық қоғам қауымдастығы, Қазақстан жастарының конгресі, Ұлттық волонтерлік желі және «Болашақ» қауымдастығы да болды.

Салтанатты шарада трансұлттық корпорациялардың, шетелдік қорлардың өкілдері қатысты. Қазақстанның Азаматтық Альянсының директоры Лима Диястың айтуынша бұл жиын донорлар мен еліміздегі ҮЕҰ-ды байланыстырудың бірден-бір жол.

Ұлттық волонтерлік желі директоры Татьяна Миронюктің айтуы бойынша бұл кездесу ҮЕҰ әлеуетін арттырудың бірегей тәсілі болып табылады: «Біз ҮЕҰ сапалы білім беруді жоспарлап отырмыз және осы шара аясында алынған білім ұйымдардың ксәбиленуіне ықпалын тигізеді деп сенеміз».

Іс-шара соңында 2016-2017 жылдардағы өз мүмкіндіктері негізінде жобаларын жалғастырып, ол жобалардың тұрақтылығын қамтамасыз етіп келген ҮЕҰ-дар марапатталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.