Хакатон – идеялар байқауы
2019 жылдың 25 ақпанында ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының білім басқармасы EY компаниясымен бірігіп политехникалық колледж базасында техникалық және кәсіптік білім оқу орындарының студенттері арасында «Хакатон – идеялар байқауын» өткізеді.
Шараның мақсаты – Қазақстан колледждерінің үздік студенттерін коммерциялық және өндірістік салалардағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.
Іс-шараға ҚР БҒМ Кәсіптік және техникалық білім департаментінің директоры Н.Ж. Оспанова қатысады.
Онда қатысуға экономиканың келесідей салалары бойынша қазақстандық іскерлік бірлестіктердің өкілдері – жұмыс берушілер шақырылады:
- құрылыс өнеркәсібі;
- электроэнергетика саласы;
- мұнай өнеркәсібі;
- тау-кен өнеркәсібі;
- ақпараттық технологиялар саласы (IT).
Жұмыскерлерге тиімділігі:
- өз саласы бойынша үздік колледж студенттерін таңдап алу мүмкіндігі;
- кәсібіне қажетті жаңа идеялар мен өзекті мәселелерге дайын шешім алу мүміндігі;
- брендті танымал ету және компанияның нарықтағы танымалдылығын арттыру.
Өтетін орны мен уақыты: Бейбітшілік көш. 39, сағ. 10:00
Журналистерге аккредитация үшін: pressa.edu Перизат 74-24-14, Арман 87027259713.
ҚР БҒМ Баспасөз қызметі
