Жаңа сабақтар

Тәрбие сағаты тақырыбы: Мейірімділік асыл қасиет

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Қызылту бастауыш мектебінің

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мурзамагамбетова Анар Алимовна

Қызылту бастауыш мектебіне «Мейірімділік асыл қасиет » тақырыбы бойынша ашық тәрбие сағаты өткізілді.Бұл шарада балаларды мейірімділікке,адамгершілікке,бауырмалдыққа тәрбиелеу мақсатында жүргізілді.

«Адам баласынан мейірім қашса,жер бетінен жақсылық қашады»деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру,мейірімділік қасиетін ояту арқылы адам жанына тән жақсы қасиетті бойына сіңіріп тәрбиелеу.Мейірімділік асыл қасиет демекші қазіргі заманға қарай ма,мейірімділік,бауырмалдықты жастар арасында бойларында осы қасиеттің бар екенін күманмен қарауға болады. Өйткені, оқушалар арасында бір-бірінің арсындағы түсінбеушілік,балалар арасында төбелес,ауыр қару қолдану көбейіп бара жатыр.

Мейірімділі дегеніміз не? Мейірімділік –ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен,жануарлармен,табиғат пен қарым- қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу өзіңнен гөрі қоршаған ортадан алатын тәрбиенің маңызы зор.шынайы мейірімді болу өзіңнен басқа адамдар,қоршаған орта, табиғатқа қамқор болуды білдіреді.Мейірімді адам әрқашан қоршаған ортаға,жан –жағына,табиғатқа мейірімділікпен қарайды.

Абай атамызда өзінің қара сөзінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ»-деген. Адам баласы өз бойында адамшылық,мейірімділік қасиетін бойына сіңіріп,әр бір адам баласын «өз бауырым » деп ойлауы керек. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке, қол ұшын беруге құштарланып тұрады. Балаларымызды құйттай кезінен мейірімділікке тәрбиелеуге баулып, тәрбиелейік ағайын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.