Жаңа сабақтар

Ғарышқа сапар

Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Қызылту бастауыш мектебінің
тәрбиешісі Мурзамагамбетова Анар Алимовна

Сабақ тақырыбы: Ғарышқа сапар.

Бал-бал бөбек, бал бөбек,

Бөгелмей білім ал, бөбек.

Білмесең білім бекерсің,

Бет алдыңа кетерсің –

Елге есті ер керек,

Ержет, есей ертерек!

(І.Жансүгіров)

Ойын жағдаяты:

  • Балалар, біз бүгін қысқы «Орманға» саяхат жасайық.
    ІІ. Ұйымдастурышылық –ізденістік

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жыл да келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел, Жаңа жыл біздерге,

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

(С.Жиенбаев)

  • Балалар, айналаға қараңдаршы, біз орманға келдік. (Жаңажылдық шыршаны және қысқы орманның суреттерін көрсету).
  • Балалар, мынау қандай ағаш?

-Балалар, шыршаны қандай мерекеде безендіреді?

-Жаңа жыл мерекесіне кімдер келеді?

Сөздік жұмысы: жаңа жыл

-Шыршаға нелер ілінеді?

-Біз шыршаның қасында не істейміз?

Дидактикалық ойын:

«Түсін ажырат!»

Педагог балаларға сары, қызыл, көк түстерді ажыратуды үйретеді ( түрлі түсті дөңгелек пішіндер арқылы).

Сергіту сәті

Алақай, алақай,

Қуанды балақай!

Күз ауды, қар жауды,

Құс кетті, қыс кетті.

Дала қар күтеді,

Жаңа жыл жетеді.

(Е.Өтетілеуұлы)

Педагог үлестірмелі материалға назарларын аударады.

-Мынау не?

-Ол не үшін керек?

-Мынау қандай дөңгелек?

-Ал мынау қандай дөңгелек?

-Мынау қандай дөңгелек?

-Сыйлықтар қайда орналастырыла

Мектеп алды тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің ашық сабақ конспектісі

Күні :

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі : Сауат ашу негіздері

Тақырыбы : Ғарышқа сапар
Мақсаты: Балалардың көрген байқағандары бойынша әңгіме құрастыру барысында хабарлы сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, салыстырулар қолдануға үйрету. Қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту.
Белингвалдық компонент:
, шаңғы — лыжи, ағаш-деревье,таға-подкова,аспан-небо,
І.Мотивациялық – қозғаушылық
— Балалар сендермен бүгін ғарышқа саяхат жасаймыз.Ғарыш әлемінде қызықты зерттеулер жүреді. Сонымен қатар ғарышқа алғаш рет ғарышқа итті ұшырған. Ол иттің аты-Стрелка мен Белка.Олар ғарыш әлемін зерттеп аман -сау оралған соң ,адамдар ұшуын жалғастырған.Бірінші болып орыс ғарышкер-Юрий Гагарин сонымен қатар біздің жерлестеріміз Тоқтар Аубакиров, Талғат Мұсабаев деген аталарымыз ұшқан. Олар қазір елге танымал ғарышкерлер.

-Сендер өскенде кім болғыларың келеді?

-Балалар өз ойларын айтады.Дұрыс балалар өскенде сендер үлкен азамат болып өсіп,өздерің қалаған маман иегері болуларыңа тілектеспін.

-Енді балалар енді сендермен сабағымызды жалғастырамыз. Ғарыш әлеміне саяхат жасау үшін біз мен берген тапсырмаларды орындайсыңдар.Сол тапсырмаларды орындағанда біз ғарышта болып жатқан жаңалықтарды біле аламыз.

-1 тапсырма

-Алдында өткен әріптерді еске түсіреміз.Барлық әріптерді көрсетіп отырып қайталайды. Дауысты дыбыс;А,Е,О,У.Ү,Ы,І,дауыссыз дыбыстар Г,Д,Й,К,Қ,Л,М,Н,Р,С.Т,У,Ш, осы әріптерді қайталап айтып береді.

Дұрыс балалар сендер маған дауысты,дауыссыз дыбыстарды айтып ,берілген тапсырманы дұрыс айтып бердіңдер, жарайсыңдар.Ғарышкерлер жұлдыздардың түрлерін ашып бізге таныстыруда

-2 тапсырма

-Ал сендер осы әріптермен сөздер құрап ,оқып беріңдер . Алдарында әріптер топтамасын пайдаланып сөз құрап ,оны оқу Ан,ал, ол,қа,су.му ра,ша,ыс,іс осындай сөздерді құрап оқып береді

-Дұрыс балалар біз әрі қарай сапарымызды жалғастырамыз

-3 тапсырмаға көшеміз бұнда суреттердің атын жазып талдау. Дауысты, дауысссыз дыбыстарға,буынға бөлу неше буын бар екенін айту.

Балаларға суреттер беріліп олар сол суреттерді талдап тапсырманы орындап береді.

ІІ. Ұйымдастурышылық –ізденістік

Енді балалар біз сендермен Ғ әрпін өтеміз. Ғ әрпі-ұяң дауыссыз дыбыс

Видео ролик көру

-Балалар біз қандай жаңа сөздермен танысытық.

-Ғалым,ғарыш ,ғарыш кемесі,ғарышкер,ғимарат,тоғай,торғай

-Осы сөздерді буынға бөлейік.

-Кітаппен жұмыс

Ғаламат ерлік көл қандай,

Ғажайып неткен ел еді.

Ғарыштан келген Тоқтардай,

Ғарышкер болғым келеді

  • Өлеңде не туралы айтылған екен?

-Сонымен мына өлеңде кім туралы айтылған?

-Тоқтар атамыз туралы,оның ерліктері туралы айтылған.

-Ғарыш –шексіз кеңістік.

-Ғарышкерлер Байқоңыр деген жерде ұшу орталығы бар олар сол жерден ұшуға дайындалып ,ғарышқа ұшады. Олардың арнайы кімдері бар

1-сурет бойынша жұмыс

Балалар сендер мына суретте не көріп отырсыңдар?

Жер шары,Аспан ,Ғарышкерлер кемесі немесе зымыран

Осы зымыран арқылы аспан әлемінде болып жатқан құбылыстарды зерттейді. Бұрын сонымен қатар телескоп арқылы зерттеген. Телескоп арқылы алыстағы ұсақ заттарды жақындатып,ұсақ затттарды үлкейтіп қараған екен

2- сурет бойынша жұмыс

Мына сөздерге дыбыстық талдау жасау

Телескоп,ғалам,ғарышкер балалар дыбыстық талдау жасап береді.

Сергіту жұмысы

Ұшты,ұшты ойынын ойнап жіберейікші. Балалар орындарынан тұрып сергіту ойынын ойнайды.

-ұшты,ұшты доп ұшты

-ұшты,ұшты қалам ұшты

-ұшты, ұшты ғарышкер ұшты

-Ұшты,ұшты қол ұшты

Балалар шамалы шынығып алдық енді әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз

3- тапсырма

Ұшатын,ұшпайтын қасиеттеріне қарай затттарды бір-біремен сызып көрсет. Таңдаған сөзге дыбыстық талдау жаса. Буынға бөл

Таға,шаңғы,қарға,қырғауыл,шағала,торғай ағаш

  • Өлеңмен таныстыру

Үйреніп ал «Ғ»-ны,

Сұра,болса ағаң.

Көріп пе ең шалғыны,

Аумайды ол содан.

Балалармен бірнеше рет қайталап шығамын.

Балалар берілген тапсырманы орындап береді. Жарайсыңдар балалар деп мақтау айтып қоямы.

Демонстрациялық құралмен жұмыс

Ғ әрпінің бейнесін санау таяқшаларын пайдаланып жасап беріңдер

Балалар санау таяқшаларын пайдаланып «Ғ» әрпін жазып көрсетіді

Билингвальды компонент: ғарышкер-косманавт, зымыран-карабль,

«Айырмашылығын тап!» дидактикалық ойыны:

ІІІ. Рефлексиялық қозғаушылық
Балалар сонымен сабақ ұнады ма?

Біз бүгін қандай әріппен таныстық?

Қандай жаңа сөздер білдіңдер?

Ортаңғы Балапан тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні :

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі : Көркем әдебиет

Тақырыбы : «Қыс келбеті»
Мақсаты:
Балалардың көрген байқағандары бойынша әңгіме құрастыру барысында хабарлы сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, салыстырулар қолдануға үйрету. Қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту.
І.Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
ІІ. Ұйымдастурышылық –ізденістік
А. Мұхамеджанов.

«Бұл жылдың қай мезгілі?» өлеңін оқу.
Шанамен зырғып желетін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
— Жарайсыңдар, балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
— Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
— Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
— Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
— Жарайсыңдар, осындай тамаша көңіл — күймен орманға барғыларың келе ме?
— Ендеше, менің сиқырлы қалпағымның көмегімен біз орманға барамыз. Қане, бәріміз көзімізді жұмамыз.
(Балалар көздерін жұмады, ашқан кезде орман көрінісі көрінеді)
— Міне, балалар, біз орманға келдік. Орманнан нелерді көріп тұрмыз?
— Аппақ, аппақ қар аппақ
Айналаның бәрі аппақ
— Шыршаның түсі қандай?
— Орманда тағы нелер бар екен?
— Ой, қандай тамаша! Біз де сендермен бірге жүрейікші.
— Балалар, мына ағашқа қараңдаршы, жапырақтары бар ма?
— Мынау ақ болып тұрған не?

  • Балалар, аю қыста ұйықтап жатады, шуласақ оянып кетеді.(Аюдың апанының қасында қорапша тұрады). Мына қорапшаны біреу жоғалтып алған сияқты, өзімізбен бірге ала кетейік, сұраса берерміз. Ал, мынау не нәрсе?
  • Ия, біздің алдымызда да, балалар келіп, аққала жасап кеткен сияқты. Аққала неше бөліктен тұрады?
  • Пішіні қандай?
  • Ал түсі қандай?
  • Балалар, біз тоңып қалдық, аңдармен бірге сергіту ойынын ойнасақ қалай болады?
    Сергіту
    Аяз болса секіреміз. (Балалар секіреді)
    Шуақ болса тоқтаймыз. (Балалар тоқтайды)
  • Балалар, біздің қайтатын уақытымыз болды, сиқырлы қалпақтың көмегімен балабақшамызға қайтайық. (Балалар көздерін жұмады)
  • Міне, балалар, біз балабақшамызға да келдік. Қысқы орманнан не көрдік?
  • Балалар, орманнан тауып алған қорапшаны ашып көрейік. Міне, қызық! Бұл жерде қыс мезгілін бейнелейтін суреттер бар екен. Бұларды құрастырып, әңгіме құрап айтайық. (Балалар суретке қарап әңгімелейді)
  • Балалар, біздің қысқы көрінісіміз бұдан да әдемі болу үшін, қар жауғызсақ қайтеді? Ендеше, бәріміз кезекпен оң қолымыздың саусақ ұшымен ақ қардың суретін бейнелеп салайық. (Балалар дәстүрлі емес әдіспен, тіс пастасын пайдалана отырып, қардың бейнесін салады

ІІІ. Рефлексиялық қозғаушылық
-Балалар сендермен өткен бүгінгі тақырыбымыз не жайлы болды?

-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады екен?

-Өте жақсы,сендерге сабақ ұнады ма?

-Мағанда өте ұнады!рахмет сендерге,сау болыңдар!

Мектеп алды тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Күні :

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі : Қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыру

Тақырыбы : Қайталау
Мақсаты: Көрнекілік негізінде қарапайым есептерді оқып ,шығара алады және заттар тобын қайта санау арқылы шығаруды түсіндіреді.

І.Мотивациялық – қозғаушылық

Ертегілер еліне саяхат
ІІ. Ұйымдастурышылық –ізденістік

-Балалар сендер «Бауырсақ»ертегісін білесіңдер ме? Онда қандай кейіпкерлер бар соны маған әңгімелеп беріңдерші?

  • Ата-әже,қоян,аю,қасқыр,түлкі

-Балалар барлық кейіпкерлерді айтып береді.

-Енді осы кейіпкерлер бізге қонаққа келіп ,сендерге тапсырма беріп сендердің қалай орындайтындарыңды тексермек болып келіп отыр.

-Қоянның тапсырмасы:

-Тура және кері санау

-Дұрыс балалар сендер қоянның тапсырмасын дұрыс орындадыңдар .Қоян сендерге өте риза.

Енді келесі аюдың тапсырмасы

Қалдырылған сандарды жазу 1-10 деін жазу

Өте дұрыс балалар енді кішкене демалып алайық

Сергіті кезеңі

Орманадағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

-Балалар енді демалып алдық әрі қарай сабағымызда жалғастырамыз.

-Енді бізге қасқыр тапсырма жасырыпты соны шығарып көрейік.

Қасқыр бізге пішіндерді атап,онан пішіндерді пайдаланып машина ,балапан жасап беріңдер деп, тапсырма беріп отыр. Біздің міндетіміз осы тапсырманы орындайық.

-Балалар өте жақсы орындадыңдар.Қасқыр сендерге рахметін айтып жатыр

-Енді бізге қонаққа өте қу түлкі сендерге есептер жасырып отыр .Біз соны қазір шығаруымыз керек.Егерде біз осы тапсырманы орындай алмасақ ол бізге күледі ғой. Сондықтан осы тапсырманы орындайық кәне, бәріміз.

-Балалар гүлдің күлтсіндегі есепті шығару арқылы гүлді жинау.

6+2=8 10-5=5 2+5=7

3+3=6 7-3=4 10-7=3

9-5=4 8-5=3 2+8=10

Рефлексиялық қозғаушылық
-Сонымен балалар біз қандай өткен тақырыптарды есімізге түсірдік?

-Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.