Жаңа сабақтар

Пәндік комиссиялардың отырыстары алғаш рет онла йн режимде өтеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2019 жылғы 22-28 ақпан аралығында «Астана» халықаралық университетінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта білім ұйымдарына арналған оқу әдебиеттері сараптамасы және сынағы нәтижелерін қарастыру бойынша пәндік комиссиялардың отырыстары өтеді. Пәндік комиссиялардың отырыстары алғаш рет онлайн режимде өтеді.

Пәндік комиссиялардың құрамына ғалымдар, әдіскерлер және мектеп мұғалімдері енгізілді. Пәндік комиссиялар мүшелерінің қарауына 4, 9 және 10 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдары, қосымша әдебиеттер, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына арналған оқу басылымдары, сонымен электрондық оқу басылымдары беріледі.

Комиссиялардың отырыстарын жекелеген пәндер бойынша төменде көрсетілген сілтемелер арқылы көруге болады:

https://edu.mail.kz/services/online/

Көрсетілім тек қана стационарлық компьютерлер арқылы мүмкін.

Комиссия жұмысының қорытындылары 2019 жылдың 1 наурызында Республикалық комиссияның отырысында қарастырылатын болады. Бұл отырыс та онлайн режимде көрсетіледі.

Пресс-служба МОН РК

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.