Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. Манометрлер. Сорғылар
Акпанова Сания Есенқызы
Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
№3 ДБАОММИ
Физика пәнінің мұғалімі
| Бекітемін: Оқу-ісінің орынбасары: Г.К.Оразова
Пәні: физика Күні: Сынып: 7 «Б» |
|||||
| Сабақ тақырыбы | Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. Манометрлер. Сорғылар | ||||
| Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты (оқу жоспарына сілтеме) | 7.3.1.9 – атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну.
7.3.1.10 – манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау |
||||
| Сабақ мақсаттары | «Атмосфералық қысымның» физикалық мағынасын білу.
Барлық оқушылар үшін: оқушылар атмосфералық қысым туралы түсініктерін толықтырады Манометр мен сорғылар жайлы мәлімет ала отырып, олардың кейбір қолданылуына мысалдар келтіре алады. Көпшілік оқушылар үшін: өз бетімен тәжірибе жасап, түсіндіре алады Манометр мен сорғыларға қарапайым тәжірибелер жасайды. Кейбір оқушылар: өмірден мысалдар келтіреді, өзге пәндермен тақырыпты байланыстырады.Атмосфералық қысымның формуласын пайдалана отырып, әр түрлі биіктіктегі қысымды анықтай аладыТұрмыста, медицинада, өндірісте манометр мен сорғылардың қолданылуына талдау жасай алады. |
||||
| Бағалау критерийлері | – атмосфералық қысым физикалық мағынасын ажыратады.
– манометр мен сорғылардың табиғатын түсінеді; – манометр мен сорғылардың қолданылуына мысалдар келтіре алады; |
||||
| Тілдік мақсаттар | «манометр», «атмосфера», «барометр», «Бурдон манометрі», «сфигмоманометр», «тонометр», «сорғы» терминдерін қолданып, манометр мен сорғылардың қолдануын сипаттай алады. | ||||
| Құндылықтарға баулу | Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын шағын топта орындау арқылы өзара қарым-қатынас жасау қабілетін дамытып, өндіріс пен білімнің қолданылу аясын кеңейту, кәсіби мамандарды даярлау. | ||||
| Пәнаралық байланыс | Сабақта төмендегідей пәндермен байланыс жүзеге асырылады:
Математика – сан мәндері (құралдағы шкалалар); Биология – адамның қан айналым жүйесін тексеру; Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау. |
||||
| АКТ-ны қолдану дағдылары | Ғаламтор желісінде (компьютер/ұялы телефон) ақпарат іздеу, оны қолдану және таныстырылым дайындау. | ||||
| Алдыңғы білім | Бұрын біледі: қысым, Паскаль заңы, сұйықтар мен газдардағы қысым
Енді біледі: манометр, сорғы, тонометр, Бурдон манометрі. Қосымша біледі: тұрмыста, медицинада және өндірісте манометр мен сорғылардың қолдану ерекшелігіне тәжірибелер жасауды. |
||||
| Сабақ барысы | |||||
| Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет) | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы
5 мин (барлық сынып) |
1. Сәлемдесу. Қызыл, жасыл, сары гүлдерді тандату арқылы оқушыларды «Манометр», «Барометр», «Тонометр» деп топтарға бөлу.
2. Ынтымақтастықты қалыптастыру:«Шаттық шеңбері» арқылы бір-біріне сәттілік тілейді. 3. ІІІ.«Кім жылдам?» ойын өзін-өзі тексеру (үй жұмысын тексеру):1. Қысымның өлшем бірлігі? 2. Қысымның формуласы? 3. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы? 4. Күштің өлшем бірлігі? 5. Заттың неше күйі бар? 6. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғасына түсіретін қысымы неге тәуелді? 7. Биіктіктің өлшем бірлігі? 8. 2 м тереңдіктегі судың қысымы нешеге тең? 9. Деңгейлері бірдей ыдыста керосин мен су құйылған. Қысымы бірдей ме? 10. Керосиннің 0,5 м тереңдіктегі қысымы неге тең? Кері байланыс (қате жауапқа, дұрыс жауаппен түзету жасайды). |
түрлі-түсті гүлдер
сұрақтар |
|||
| Сабақтың ортасы
15 мин (топтық жұмыс) Білу, түсінуОқылым, Айтылым. |
«Оқулықпен жұмыс» «Суреттер сөйлейді» әдісі берілген суреттер бойынша ой тастау.
Оқушылар суреттен атмосфераның құрамы туралы түсіндіріп береді. Олар география пәнінен атмосфераның құрамын біледі. Джигсо тәсілі бойынша топтармен жұмыс істеу: 1 топ– оқулықпен жұмыс істеу, Торричелли тәжірибесін зерттеу. Қойылған сұрақтарға жауап береді: Атмосфералық қысымның пайда болу себебі неде? Торричелли тәжірибесінің мәні неде? Дескриптор: Атмосфералық қысымды біледі Биіктікті анықтай алады Атмосфералық қысымның маңыздылығын біледі Егер біз ұшақпен жоғары көтерілсек немесе төмен шахтаға түссек құлағымыздың бітіп қалатынын сеземіз. Бұл атмосфералық қысымның биіктік пен тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді. Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм сын.бағ.=101325Па =1013 гПа=100 кПа=105Па.Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін анықтаңдар. Дескриптор: Берілген суреттермен жұмыс жасайды. Суреттер бойынша ойын жинақтап, атмосфералыққысым туралы ойларын айтады. Қалыптастырушы бағалау: Жарайсыңдар! Бәрекелді! |
оқулық
кесте |
|||
| 10 мин
(топтық жұмыс) |
Тәжірибелік тапсырма
«Жағдаят туғызу» топтық жұмыс (әр топқа логикалық сұрақтар беріледі) Әр топты бағалау |
||||
| 2 мин
8 мин жеке жұмыс |
Сергіту сәті : дене қозғалысына жаттығу
әр оқушыға жеке тапсырмадан беріледі; (өткен сабақтардан алынған есептер) «Екі жұлдыз, бір тілек» тілек – жақсартуды қажет ететін тұстары туралы ұсыныс. |
есептер | |||
| Сабақ соңы
Рефлексия 2 мин Үйге тапсырма 1 мин |
«Бағалау ағашы» Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы: • Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды. • Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды. • Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек. &27-28 тап №1 &28 пр. тап №14 (1) cөзжұмбақ “Атмосфералық қысым” |
стикерлер | |||
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||
| Қиындық деңгейі әртүрлі есеп шығару қабілеттерін ашу;
Шығармашылық зерттеу тапсырмаларын беру дағдыларын дамыту. |
Бағалау парағы арқылы өзін бағалау, өзара бағалау | Физика кабинетіндегі ТҚ ережелерін сақтау | |||
| Оқушының өзі реттейтін оқуы (Тәжірибелік, шығармашылық) | Шығармашылық жұмыстарына қарап бағалау | ||||
| Сабақ бойынша рефлексия | |||||
