М.Дулатов «Оян, қазақ!»
Түркістан облысы, Жетісай ауданы, № 39 Асықата ЖОМ КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тукибаева Айзада Турсынбековна
Сабақ тақырыбы: М.Дулатов «Оян, қазақ!»
8-сынып Қазақ әдебиетінен ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы : Міржақып Дулатов «Оян, қазақ!»
Сабақтың мақсаты : а) Міржақып Дулатовтың жыр әлемімен танысу, поэзияның тереңіне бойлау;
ә) өлеңнің, сөздің астарына, қыр-сырына мән беруге, идеясын түсініп, бағалай білуге баулу;
б) оқулық және қосымша материалдар деректерін тиімді пайдалануға, ойын еркін айтуға, өз пікірін қорғап, айқын да айшықты тілмен сөйлеуге машықтыру;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жинақтау, мәнерлеп оқу, баяндау, т.б
Сабақтың көрнекілігі:, кітаптар, тірек сызба, сурет т.б.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, география, өнер
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген тапсырманы сұраймын. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
ӘДЕБИЕТШІЛЕР (Әлихан, Ілияс);
1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақып «Оян, қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамас- ты.
ТАРИХШЫЛАР(Батырхан, Даниял);
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Онын үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету—әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды.
География пәні бойынша картамен жұмыс жасау (Жантөре, Иманәли);
Міржақып Дулатұлы Астрахань жеріндегі Ақ теңіз Балтық жағалауындағы Сосновец ауруханасында қайтыс болады. Картадан ақынның өмірге келген, оқыған, қызмет еткен және тергеуге алынып, айдауға жіберілген жерлерін картадан көрсетіп береді.
ӘДЕБИЕТШІЛЕР. Кітаппен жұмыс: Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, құрылысына қарай талдау жасайды.
3 4 5
Қазағым,// көрмегенің //әлі алдыңда 1 шумақ
Боларсың// көне берсең// мұнан жаман. 4 тармақ
Босында //аяқ-қолың// қимылдап қал, 12 бунақ
Бір күнде// тыпырлауға// келмес шамаң,. 12 буынды
ӨНЕРТАНУШЫЛАР:
«Оян, қазақ!» деп осыдан бір ғасыр бұрын Міржақып атамыз айтқан болса, қазіргі таңда да «Оян, қазақ!» деп айтуға да әбден келіп тұр. Міне, қараңызшы, екі сурет осы айтқандарымыздың дәлелі…
Табиғат-ананы қалай құрметтейтініміз осыдан-ақ көрініп тұр.
ШАҒЫН КӨРІНІС: (Сейітназар, Нұрсұлтан, Мұхтархан)
Аулада екі бала шемішке шағып, отырған жерлерін бүлдіріп отырады.
Мақсат: Достар, неге ауланы ластап жатырсыңдар? Табиғат-ананы аялайық! Кішілерге үлгі болайық. Мен сендерді достыққа, тазалыққа шақырамын. Осы сәтте «Оян, қазақ!» деп жар салғың келеді…
БАЛАЛАР ҮЙІ. (Имамәли, Янкин, Еркебұлан). Ойнап отырған балалар терезе мен есікке жиі-жиі қарайды. Алдындағы ойыншықтарға назар салғылары да келмейді.
ДАНИЯЛ: «Оян, қазақ!» деп осындайда барлығына жар салғың келеді. Неге? Неге бұлай болды? Жетімін жылатпаған, жесірін қалдырмаған қазақ емес пе едік? Балар – болашағымыз деп несіне айтамыз онда. Мен балар үйі болмасыншы деп армандаймын. «Ояншы, қазақ!» деймін тағы да.
Біздің лицейімізде қаламыздағы «Қарттар үйіне» барып тұру – үрдіске айналған. Бірақ жүрегіңді жаралайтын осы жағдай қашан тоқтар екен… Осындай жағдай тоқтаса екен!
Сонымен, «Оян, қазақ!» деп өткен ғасырдың еншісіне қалдыратын сөз емес екен. Ол сөзді дәл қазіргі уақытта да айтатын сияқтымыз. Сондықтан барлығымыз бір-бірімізге «Оян, қазақ!» деп айтып, нәтиже шығарайық деп айтқым келеді.
Білімді бекіту : Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін
- М.Дулатовтың қандай шығармаларын білесіңдер?
- «Оян қазақ» шығармасы не себепті қоғамда ерекше әсер қалдырып, неліктен елді дүр сілкіндірді?
Білімді бағалау: Оқушылардың ынтасына,жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Міржақып Дулатовтың шығармаларын оқып келу.
«ОЯН, ҚАЗАҚ!!» КЕШЕ. БҮГІН. деген тақырыпта шағын эссе жазып келу
