«Темекіге жол жоқ»
Атырау облысы Атырау қаласы Тіл мүкістігі бар
балаларға арналған № 3 облыстық арнайы мектеп-интернаты.
Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары: Баймұханова.Ж.Т
Тақырыбы: «Темекіге жол жоқ»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларда темекінің зияны туралы түсінік қалыптастыру, салауатты өмірге жетелеу, денсаулықты сақтау, улы заттардың адам ағзасын уландырып, тоздыратынын айтып түсіндіру.
Дамытушылық: білім алушыларға аурудың алдын – алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын насихаттау.
Тәрбиелік:темекінің ағзаға тигізетін әсері және одан туындайтын ауру түрлерін білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Даналар сөзі, слайд, бейнекөрсетілім
Жүргізуші: «Жас Ұлан» ұйымының мүшесі: Шарапиденова.М
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Жүргізуші :
-Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар !Бүгін «19 қараша – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күніне» орай «Жас Ұлан ұйымы»мүшелерінің ұйымдастырумен «Темекіге жол жоқ» атты іс-шарамызды бастаймыз!
Қазіргі кезде елімізде темекі шегу және оған қарсы күрес жүргізу негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Темекіге әуесқойлық, әсіресе, жасөспірімдердің арасында көп тараған.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев барлық қазақстандықтарға жолдаған «Қазақстан – 2030» бағдарламасында халықтың салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін негізгі 3 бағыттың бірінші бағыты «Темекі шегуді тоқтату» туралы атап көрсетті.
Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бір кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу тіпті жараспаған. Ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің тірегі деп жүрген жастардың мұндай жаман әдеттерге бой алдыруы кімді болса да ойландыратыны анық.
Бірінші тарихтан бастасақ….
Ұланбасы Зинуллина Фарида
«Темекі» деген сөз Тобого деген арал атынан шыққан көрінеді.1492 жылы 15 қазанда орталық Америка жағалауларына келген испан матростарының айтуынша, «tabacco»деген сөзбен жергілікті тұрғындар дәстүрлі темекі шегуге арналған үлкен кептірілген жапырақтарды атаған.Еуропа мен Азияға темекі 15 ғасырда келген.Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген.Ресейде темекі тарту дағдыға айналып,кең таралған мезгіл-Петр 1 патшалық еткен мезгіл. Содан бері темекі шегу кең тарай бастады.Темекі шегу біртіндеп Қазақстанға да келе бастайды.
2002 жылдан бастап Қазақстанда осы жаман әдетті жою үшін
халық арасында мақсатты жоспарлы жұмыс басталды. «Халықтың денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексі» қабылданды.
2002 жылы «Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» заң қабылданды,
2007 жылы бұл заңға өзгерістер енгізілді, 2009 жылы «Қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу туралы» заң қабылданды 1, 2, 3
«Жас Ұлан »ұйымының мүшесі Анел:Шылым шегу-зиянды әдет. Ол ағзаны қатты улайды. Адам шылым шеккенде зиянды заттар ауа арқылы ауызға жоғарғы тыныс жолдары арқылы өтіп,кілегей қабықша мен өкпе көпіршіктері бетіне қонады. Сілекеймен қоса жұтылып,асқазанға барады. Темекі мен темекі түтінінде 200-дей зат кездеседі. Олар-сірке қышқылы, эфир майы, көмір қышқылы, аммиак, висмут кездеседі.
«Жас Ұлан »ұйымының мүшесі Нұрай:Шылым шегетін адамды шылым шекпейтін адамнан оңай ажыратуға болады. Шылым шегетін адамның бетіне әжім ерте түседі, шашы сирейді ,саусағы сарғыш болады, өз жасына қарағанда үлкен көрінеді. Шылым шеккеннен 2-3 минуттан кейін никотин қан арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидың белсенділігін төмендетеді. Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректік заттар мен оттегінің келуі азаяды. Жуйке жүйесінің қызметі, адамның естуі, мен көруі нашарлайды. Түсті ажырату қабілеті төмендейді.
Ұланбасының орынбасары: Сағымгүл:
Темекі түтіні адам ағзасына зиянды. Оны мынадай мысалдармен дәлелдеуге болады. Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн. адам қайтыс болады. Шылым шегетін адам жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын әкеледі.Шылым шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20 есе көп соғады. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Шылым шегетіндер жүрек ауруымен 12-13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Олардың 80 пайызы өкпе ауруына шалдығады
Жүргізуші Мейрамгүл:
Көрініс. «Уланбасын өмірің»
Енді назарларыңызға зиянды әдеттердің алдын алу шараларын дәріптейтін көріністі ұсынамыз.
Ришат :- Фархад, екеуміз дос емеспіз бе?
Фархад:– Ия, доспыз. Неге сұрадың?
Ришад:-Сен ешкімге айтпа, менде бір нәрсе бар. Мінекей, қарашы… (қалтасынан темекіні көрсетеді).
Фархад– Оны қайдан алғансың?..
Ришат- Көшеде бір кісі түсіріп алды. (риза болып)
Фархад– Бұл темекі гой? Темекі деген жаман нәрсе, дереу таста.Оны тартқан адам денсаулығын кұртады. Күрк-күрк жөтеледі. Темекіден адам денсаулығына зиянды аурулар таралады .
Ришад: Дұрыс айтасын, Шылымға үйір болып,өз денсаулығымызға балта шаба алмаймыз. Еліміздің болашағы біздің қолымызда. Сондықтан біздер денсаулыққа зиянды заттарға жоламауымыз керек.
Фархад: Достар, еліміздің болашағын ойласаңдар жаман әдеттерден, темекі шегуден аулақ болыңдар!
Ришат:
Әуес болып шылымға,
Қылыққа жаман ұрынба.
Фархад
Жамандық саған жабысып,
Ісің кетер құрдымға.
Бірге: Біз темекіге қарсымыз! Оған жол жоқ!
Жүргізуші Мейрамгүл:
Дұрыс, темекі тартатындардың өмірі темекі тарпайтындарға қарағанда 7-15жылға қысқа келеді екен.
Енді осы темекінің адам ағзасына тигізер зияны қандай?
Оны бізге мектебіміздің медбикесі Алия апайымыз айтатын болады.
(Слайд арқылы темекінің денсаулыққа зияндығын көрсетемін)
Жүргізуші Мейрамгүл: Әңгімеңізге рахмет!
Жүргізуші Мейрамгүл:
Қазіргі кезде жас өспірімдер арасында темекі шегушілер көп. Олар неліктен шегеді?
Сөз кезегін психолог Гүлжамал Мейрамгалиқызына берейік.
Гүлжамал Мейрамгалиқызы:
Темекі тарту неғұрлым кен тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің “есейгендігін” көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат – никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында “темекі” адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады” деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы келеді.) Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Қалай болғанда да никотин және темекінің жану барысында шығатын басқа да заттар денсаулыққа зиянды әсер ететіндіктен, темекі шегуден бас тарту қажет. Темекі тартудың бастапқы кезінде – ақ тыныс алу және жүрек тамыр жүйелері қызметінің бұзылып, дене мүшелері мен ткандердің оттегімен қамтамасыз етілуінің нашарлай бастағаны (темекі артерия қанында оттегін тасымалдайтын гемоглобинге кері әсер етеді) байқалады. Темекі тартатындар жұқпалы ауруларға шалдыққыш мысалы, олардың араларында тыныс жолы ауруларымен ауратындар темекі тартпайтындарға қарағанда 4 есе жиі ұшырасады. Табиғи және өндірістік факторлардың қолайсыз әсеріне төзімсіз келеді. Темекі тарту жүрек тамыр жүйесінің тыныс алу және ас қорыту мүшелерінің ауруға шалдығу, қатерлі ісіктің пайда болу қауіпін тудырады
Жүргізуші Мейрамгүл:
Әңгімеңізге рахмет айта отырып, сіздердің әңгімелеріңіз жасөспірімдерге ой салады, темекі шегу секілді зиянды әдеттерден аулақ болуға көмектеседі деген сенімдеміз.
Жүргізуші Мейрамгүл:
Бүгінгі шарамызда көрермендерге арналған ситуациялық сұрақтар қойғым келіп отыр.
- Егер сендер темекі тартып тұрған баланы көрсеңдер не деп айтар едіңдер?
-
Темекісіз әлем қандай болады?
-
Бүгінгі шарадан түйген ойың қандай?
Жүргізуші Мейрамгүл:
Салауатты өмір салтын ұстану мақсатында дайындаған оқушыларымыздың
«Танертеңгі гимнастика» биін қабыл алыңыздар!
Денім сау болсын десең – темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе – темекі тартпа!
Әнші болғың келсе – темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе – темекі тартпа!
Соңында «Темекіге жол жоқ»сөзін ұстап шығады.
Жүргізуші Мейрамгүл:
“Қазақстан- 2030” ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы- біздің болашағымыздың сара бағыты, яғни, болашақ біздікі. Болашақ ғасыр иегерлері дені сау , терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт. Өркениетті ел қатарына Қазақстан мемлекетінің қосылуына біз үлес қосуымыз керек. Әлем темекіге қарсы күресуде. Мысалы , Швейцарияда жыл сайын “Темекі тартпайтын күн” аталып өтеді. Францияның кейбір фирмаларында шылым шегуді тастаған қызметкерге арнайы сыйлық төлейді. Бұл шарадан сіздер көп мағлұмат алды деп ойлаймын. Бұларды естіп қана қоймай, өмірде пайдалану – әрқайсымыздың міндетіміз.
