Біздің ел – Қазақстан, Болашағы – Жас Ұлан

Атырау облысы Атырау қаласы

Тіл мүкістігі бар балаларға арналған

№3 облыстық арнайы мектеп-интернаты

Джумашева Нургуль Қойшыбайқызы

Ел Тәуелсіздігінің 27 жылдық мерейтойына арналған “Біздің ел – Қазақстан, Болашағы – Жас Ұлан” атты

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушылардың қабылдану салтанатының сценарийі

Жүру барысының жоспары:

1.Жүргізушілер сөзі

2.ҚР Мемлекеттік Гимні

3.Рапорт беру

4.Ту кіргізу,ұйымның гимнын орындау:

5.Қонақтарды таныстыру,сөз беру.

6.Жас Ұлан ұйымына қабылдау рәсімі,ант беру;

7.Ту шығарылады.

Жүргізушілер:Нұрбай .Н. Қайрош.Р

Жүру барысы:

Фанфар. Ортаға жүргізушілер шығады.

1-жүргізуші:

Болашаққа жол бастайды Жас Ұлан!

Жарқылдайды жасындайын Ер Ұлан!

Ізгілікті,парасатты ұлы елдің

Үміт артқан арда ұрпағы Жас Ұлан!

2-жүргізуші:

«ЖасҰлан» – организация детей и подростков
Быть вместе теперь очень просто –
«ЖасҰлан» и «ЖасҚыран»
А вместе мы – наш любимый Казахстан!

1-Жүргізуші:

«Мектеп! Түзел! Тік Тұр!»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

ҚР Мемлекеттік Гимні орындалады.

1-жүргізуші:– Құрметті Жас Ұландықтар! Салтанатты қабылдауға қатысы туралы мәлімдеме тапсырылсын!

Ұланбасы мектеп оқушылары салтанатты жиынға қатысы туралы мәлімдеме тапсырады.

1-Жүргізуші:

Жас Ұлан! Түзеліңдер!Тік тұрыңдар!

Жас Ұлан ұйымының туы кіргізілсін!

(Ту кіргізіледі. «Жас Ұлан»ұйымының гимні ойналады)

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының «Біздің ел – Қазақстан, Болашағы – Жас Ұлан» атты салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

2-жүргізуші:

Добрый день уважаемые гости, дорогие учителя и ученики! Добро пожаловать на торжественную линейку «Біздің ел – Қазақстан, Болашағы – Жас Ұлан» посвященную Дню Независимости и посвящения в ряды Республиканской детско – юношеской организации «Жас Улан».Разрешите считать торжественную церемонию приема в ряды Республиканского общественного объединения «Единой детско-юношеской организация «ЖасҰлан» «Жас Қыран » открытой.

1-жүргізуші:

Бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірменді қонақтарымызды таныстырып өтейік.
(қонақтарды таныстыру)

1-жүргізуші:

-Құрметті Жас Ұландықтар,аға буынның тәрбиесін өнеге тұтып,жақсы істер мен жаңа бастамаларды сіздермен бірге атқару мақсатында ұйым қатарына қосылуға бел шешкен тәуелсіз елдің жас өрендерін қарсы алыңыздар!

(Ортаға патриоттық әуен ырғағымен ұйымға жаңадан қабылданушы оқушылар шығады)

2-жүргізуші :

Юношеской организация «ЖасҰлан» и «ЖасҚыран»», созданной по инициативе Главы государства Н.А. Назарбаева. Целью объединения является воспитание подрастающего поколения патриотами Родины на основе любви и преданности к казахстанскому народу, культуре, традициям, толерантности и миротворчества, неустанного стремления к знаниям, настоящему и будущему Независимого Казахстана.

Приглашаем учащихся вступающих в ряды детской организации «ЖасҰлан» и «ЖасҚыран».

АНТ БЕРУ РӘСІМІ

Ұланбасы:Біз «Жас Ұлан», «Жас Қыран»

Ұланбасы: «Біздің ұран»

Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан»

Ұланбасы:Біз Отанның Ұланы-

Жер қайысқан қалың қол.

Тәуелсіз ел ұланы,

Ант беруге дайын бол!

А Н Т

Мен, ____________________, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:

Өз Отаным – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;

Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;

Ата-анамды қадірлеуге;

Білімге табандылықпен ұмтылуға;

«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге,

Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде

АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН, АНТ ЕТЕМІН! (бәрі бірге хормен)

Ұланбасшы: Уәделеріңе болаттай берік болып, тәуелсіз еліміздің туын көкке желбіретуге, Отанға шексіз қызмет етуге әрқашанда дайын бол!

Жаңа қабылданған жас ұландар: Әрқашанда дайынбыз!

1-жүргізуші: Құрметті Ақсерік Құлжанұлы !

Ардақты ұстаздарымыз Сәуле Есенжановна, Лиза Мақсотовна ,Төлеген Есенұлы

Сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.

1-жүргізуші:Құрметті Жас Ұландар! Бүгінгі ерекше есте қалар салтанатты сәтті өздеріңмен бөлісуге келіп отырған №3 мектеп-интернатымыздың директоры Ақсерік Құлжанұлына сөз кезегін береміз!

1-жүргізуші: Келесі құттықтау сөз кезегі мектебіміздің ардақты ұстаздары Сәуле Есенжановна,Лиза Мақсатовна,Төлеген Есеновичке беріледі.

Ұланбасы: Жас Ұлан, алға!

Келеміз алда!

Ойнаймыз, күлеміз,

Адалдықты сүйеміз!

Мына жарқын өмірде

Алға өрлей береміз!

  • «Жас Ұлан» ұйымы бізге не береді?

Балалар: Жаңа достар, асқақ арман, айқын бағыт,

Біріксек, бос кетпейді уақыт!

Ұланбасы: Бізді не біріктіреді?

-Отанға, туған жерге махаббат

Ұланбасы : Біз кімдерге қамқоршымыз?

-Мейірім күткен жандарға,

-Көмек күткен жан бар ма?!

Ұланбасы : Бізге бәрінен не қымбат ?

  • Бейбітшілік пен достық қымбат!

Ұят пенен ар қымбат!

Ұланбасы: Бізді не біріктіреді?

Балалар: Ортақ ой мен әсем ән!

1-жүргізуші:«Жас Ұлан»ұйымының Әнұраны

/Оқушылар хормен «Жас Ұлан» ұйымының әнұраны орындалады/

Музикалық номер

1-Жүргізуші:

Жас Ұлан! Түзеліңдер! Тік тұрыңдар!

Жас Ұлан ұйымының туы шығарылсын!

Маршпен Ту шығарылады

1-жүргізуші:

Ризамын деп осындай жастық шаққа,

Не жетер «Жасұлан» дегенлайықатқа.

Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,

Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

Салтанатты жиынға қатысушылар, құрметті қонақтар, «Жас Ұландықтар»!

Патриоттық сезімге толы салтанатты жиынымыз өз мәресіне жетті, ендеше республикалық «Жас

Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатын жабық деп жариялаймыз! Қош сау болыңыздар!

2-жүргізуші:

Стать «ЖасҰлановцем» почётно и гордо

И для себя решить нужно твёрдо:

Если хочешь в жизни успеха добиться –

Надо активным быть и хорошо учиться!

На этом мы завершаем и торжественная линейка по приему школьников в состав организации «Жас Улан» и «ЖасҚыран» объявляется закрытой.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше