Жаңа сабақтар

А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» ө леңі

КАРИБАЕВА АЙГЕРИМ АСКАРБЕКОВНА,

І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,

Үш тілді оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған
сыныптары бар «Мұрагер» мектебі,

Қызылорда қаласы

Сабақ: А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі Мектеп: «Мұрагер» мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Карибаева А.А.
Сынып:

7 – сынып

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты 1.Абай өмірі мен өлеңінің мазмұнын білу.

2.Саятшылық өнердің ерекшеліктерін түсіну.

3.«Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін құрылысына қарай талдауды үйрену.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: Абай өмірін және өлеңнің мазмұнын толық біледі.
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Саятшылық өнердің сонар кезіндегі құс салу ерекшелігін түсінеді.
Кейбір оқушылар істей алады: Өлеңді ұйқас, тармақ, бунақ, буын құрылысына талдауды үйренеді.
Тілдік мақсат Оқушылар: Өлеңнің тілін, ақынның сөз байлығын зерделейді
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Қансонар, ғанибет, аңдағанда, томаға, қырымнан, қырық пышақпен қыржыңдап, сегіз найза, қаса, үйірімен үш тоғыз.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Талқылауға арналған сұрақтар:
Аңға шығудың сыры мен қырын қалай түсіндіңіздер?

Саятшылық өнердің қандай ерекшеліктері бар екен?

Қыран мен түлкінің кезігуін сипаттайтын қандай көркем суреттерді аңғардыңыздар?

Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба?
М. Әуезов: «Абай – реалист ақын» дейді. Осы өлең арқылы оны дәлелдей аласыздар ма?
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:
Өлең тақырыбының «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деп аталу себебі неде?

Өлеңнің сюжеттік дамуын ретімен айта аласыз ба?

Жетістік критерийлері: Өлең мазмұнындағы кәсіби сөздердің мағынасын айта алады.

Өлеңнен түйінді ойларды анықтай алады.

Өлеңнің ұйқасын, шумағын, тармағын, бунағын, буынын ажырата алады.

Алдыңғы оқу М. Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз Ресурстар
Басы 2 мин

4 мин

Топқа бөлу: «А» (қансонарда), «Б» (бүркітші), «А» (шығады), «Й» (аңға) әріптері жазылған қима қағаздарды құрастырту арқылы топтасады және жаңа тақырыпты ашады.

Жаңа сабаққа кіріспе: «Жалғыз құты» әдісі.

4 топ А.Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәнмәтінді бөліп оқып, негізгі түйінін ортақ құтыға толтырады.

Қима қағаздар

Плакат

Ортасы 3 мин

3 мин

1 мин

15 мин

2 мин

2 мин

5 мин

Аудиотыңдалым. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін тыңдайды.

Жұптық жұмыс. «Сәйкестендіру».

Өлеңдегі кәсіби сөздерді мағынасымен сәйкестендіреді.

қансонар қызық, тамаша
ғанибет бүркіттің екі көзін жауып тұру үшін кигізетін бас киімі
томаға жаңа жауған қардан кейінгі аң аулауға қолайлы сәт

Дайын үлгі жауаппен жұптардың өзара формативті бағалауы жүзеге асырылады.

Топтық жұмыс.

І және ІІ топ: «Суретті оқиға».

Өлеңнің негізгі идеясы мен ерекшелігін негізге ала отырып, мазмұнын суреттейді.

ІІІ және ІV топ: «Ақпаратты үшбұрыш».

Саятшылық өнердің негізгі ерекшелігі не?

Неліктен оны ерекшелігі деп ойлайсың? Ерекшеліктер өлеңде қалай көрініс тапқан? Осы сұрақтар төңірегінде оқушылар үшбұрышты ақпаратқа толтырады.

А бақылау парағымен топ мүшелері формативті бағаланады.

Кері байланыс.

Топтық жұмыста не ұнады? Неліктен?

Негізгі идеяны жеткізуде не қиын болды?

Жеке жұмыс. «Концептуалдық кесте»

Өлең шумақтары Ұйқасы Шумақ Тармақ Бунақ Буын

Оқушылардың жұмыстары мұғалім тарапынан «екі жұлдыз, бір ұсыныспен» бағаланады.

Әдебиет оқулығы 7-сынып, «Атамұра» баспасы, Р. Құтқожина, Қ. Бітібаева

Электронды оқулық, әдебиет 7-сынып

Соңы 3 мин Кері байланыс.

Бүгінгі сабақта маған не ұнады?
Бүгінгі сабақта маған не қиын болды?
Мұғалімге сұрақ:
Дайын жұмыс парақшалары
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылар өзара қолдау, көмек көрсетуді жүзеге асырады.

2. Өлеңді құрылысына талдайды.

«А» бақылау парағы,

«Дайын үлгі жауап арқылы бағалау»

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Кері байланыс

Өзіндік жұмыс

Қазақ тілі пәні

Тарих пәні

АКТ (электронды оқулық)

Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
— Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

— Бүгін оқушылар не білді?

— Сыныптағы ахуал қандай болды?

— Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

— Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

— Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.