Жаңа сабақтар

Пресс-анонс

Робототехника бойынша жоғары оқу орындары арасында республикалық чемпионаты «IITU Robocon 2019»

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес Жастар жылын қолдау үшін 15 ақпан күні Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің 10-жылдық мерейтойына арналған студенттер арасында робототехникадан «IITU Robocon 2019» бірінші республикалық чемпионаты өтеді! Қазақстанның үздік 15 студенттер командалары робототехника саласындағы чемпион атағына таласу үшін бір ойын алаңында жиналады.

Робототехникадан студенттер арасындағы чемпионат «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы әкімдігі мен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі.

Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан жастарының стартап жобаларын одан әрі іске асыру және Қазақстанның инновациялық қызметіне белсенді қатысу үшін қазіргі заманғы техникалық білім алуы болып табылады.

«IITU Robocon 2019» Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен және Halyk bank бас серіктестігімен өткізіледі.

Бас ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті -робототехника бойынша құзыреттілік орталығы, сондай-ақ ABU RoboconАзиялық-Тынық мұхиты Роботтар жарыстарының сегіз дүркін қатысушысы.

Бірлескен ұйымдастырушы: «ХАТУ » АҚ АКТ — зерттеулер және әзірлемелер институты жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Бас серіктес: Halyk bank.

Редакторлардың назарына:

БАҚ ыңғайлылығы үшін Республика алаңынан Халық аренаға дейін автобус ұйымдастырылған.

Жиналу уақыты — Жұма, 8: 00

Қозғалу уақыты — Жұма, 8: 40

Өтетін орны: Алматы қаласы, «Халық Арена» мұз айдыны.

Пресс-конференцияның басталу уақыты: 15 ақпан 9:30

Іс-шараның басталу уақыты: 10:00

БАҚаккредитациялауүшін:

8-747-460-74-57 — Асем

assemnva

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.