Жаңа сабақтар

Пресс-релиз

13 ақпан сағат 15.00-де Сорос-Қазақстан қорының колдауымен «Белес» талдау және стратегия орталығы» ең алғашқы зерттеулердің қорытындысын Астана халықаралық университетінде педагогикалық мамандықтарды таңдаған жастарды ынталандыру факторларын анықтау және мұғалімдердің оқуын жалғастыру ниетін талқылайды. Жұмыстың нәтижелері «Ұстаз мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының заңын әзірлеу кезінде ескерілуі мүмкін. Зерттеуге 4-курс студенттері, педагогикалық мамандықтардың магистранттары, мұғалімдер (34-қа дейін) және қазақстанның 8 аймағындағы мектеп директорлары қатысты. Аралас деректер жинау әдісі қолданылды (онлайн — сауалнама, фокус-топтар, сұхбат).

Зерттеу нәтижелері, мұғалімдер мен мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері үшін қажетті ынталандыруды қамтитын Елбасының «Педагог мәртебесі» жөніндегі Заңның жасалып және қабылдануы туралы тапсырмалары уақтылы әрі өз өзектілігін көрсетті.

Зерттеу, жастардың педагогикалық кәсіпті таңдауларының негізгі факторы болып сабақ беруге деген қызығушылық, мұғалімнің әлеуметтік ролі, кәсіби даму үшін орта болып табылатынын көрсетті. Сонымен қатар мұғалімді жұмысқа қабылдап және ұстап қалудың негізгі тұстары айқындалды.

Зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша талқылау соңында Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі» туралы Заңды қалыптастыруға кеңестер тізбесі қабылданады.

Барлық мүдделі тараптарды шақырамыз.

Орны: Астана халықаралық университеті

Тел. 8702222 02 87

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.