Жаңа сабақтар

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

13 ақпан 2019 ж. Алматы қаласы

«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері Онкогематологиялық науқастар үшін қан тапсырды

Алматыда«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының 200-ге жуық қызметкерлерінің қатысуымен «Қан тапсырып, үміт сыйла» қайырымдылық акциясыөтті. Шараның мақсаты–донорлыққа қатыса отырып, қанның созылмалы аурулары бар көптеген пациенттің өмірін құтқаруға, сауығуына үлес қосу.

«Әрбір адам донор болуға және біреулерге өмір сыйлауға қабілетті. Осы күнге дейін қан құю – көптеген адамның өмірін құтқарып қалудағы мүмкіндіктің бірі болып келеді. Өзгелердің өмірін құтқару үшін қанын ақысыз тапсырған адамның ісі құптарлық әрекет. Сондықтан барлық әріптестеріме акцияға қолдау көрсеткені және атсалысқаны үшін алғыс айтамын. Акция барысында жиналған барлық қан қала ауруханаларындағы ауыр науқастарды, оның ішінде онкологиялық ауруларды емдеуге бағытталатын болады», – дейді мемлекеттік корпорациясыныңАлматы қаласы бойынша филиалының PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Ауру айтып келмейтіні белгілі. Адам денсаулығы нашарлағанда оның тез сауығып кетуі құйылатын қан сапасына, оның компоненттеріне және қан тобы сай келетін донордың дереу табылуына байланысты.

«Бүгінде Алматының қан орталығы 20-дан астам медициналық ұйымға қызмет көрсетеді. Жылына 6-7 мың науқасқа, оның ішінде 1000-нан астам балаға біздің орталықтан қан компоненттері беріледі. Сондықтан Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының бастамасын біз үлкен қуанышпен қарсы алдық. Әр түрлі патологиясы бар пациенттерді емдеу үшін ауруханалардың қан препараттарына қажеттілігі әрдайым туындап отырады. Өкінішке қарай, біздің елдегі саны кемімей отырған онкологиялық науқас балалар күн сайын қанға мұқтаж. Сондықтан бірінші кезекте жиналған қан №2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының кішкентай пациенттеріне жіберіледі. Сондай-ақ №7 қалалық клиникалық аурухананың онкогематологиялық науқастарын емдеуге беріледі»,–дейді Алматы қаласы қан орталығының директоры Жандос Нәдіров.

Айта кету керек, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлеріжыл сайын қан өткізіп тұрады. Қызметкерлер арасында құрметті донорлар да бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алмалы фронт-кеңсесінің қызметкері Динара Тұрғалиева соңғы он жылда 57 рет қан тапсырды, бұл – 25 литр қан. Қан орталығы оны «Сенімді донор» номинациясымен марапаттаған.

«Денімнің саулығы маған өзге жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Донорлықтың материалдық тұсы мені мүлде қызықтырмайды. Қанымадамның өмірін аман алып қалуға көмектескені туралы алғыс жазылғанхабарламалар келгенде қуанышқа бөленемін»,– дейді Динара.

Статистика бойынша әрбір үшінші адам өмір бойы қан құюға мұқтаж.Донор болу– өзінің қанын беру арқылы біреуге өмір сыйлайтын ерекше ізгі амал.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияның

Алматы қаласы бойынша филиалының PR-менеджері

Жаңыл Әпетова, телефон: 8707 324 01 76

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.