Жаңа сабақтар

Аспалы және тіркемелі соқалармен жұмыс істеу

Қызылорда облысы, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі КМҚК

Өндірістік оқыту шебері Шаншархан Еркебұлан

Тақырыбы: Аспалы және тіркемелі соқалармен жұмыс істеу.

Тақырыбы : ІІІ ТАРАУ.АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАЛАРЫ

Аспалы және тіркемелі соқалармен жұмыс істеу

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:Соқалардың құрылысы, техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер алу. Оқушыларға ПЛН-5-35
соқасын жұмысқа даярлау тәсілдерімен таныстыру.

Ә) Дамытушылық: Студенттерге әр жаттығуларды орындау кезінде
шешім қабылдау қабілеттерін, танымдық, қызығушылықтарын және қауіпсіздік ережелерін үнемі сақтап жүруге
үйрету.

Б) Тәрбиелік: Студенттерге өз мамандықтарына сүйіспеншілікпен қарауды,

қауіпсіздік ережелерін мұхият сақтап жүруді, еңбекке баулу,

ұқыпты болуға тәрбиелеуді мақсат ету.

Оқу – жаттығу жұмыстарына қажетті заттар:

кілттер жинағы, т.б.қажетті құрал

жабдықтар

Сабақтың оқу — материалдық жабдықталуы: Плакат, макет, интерактивті

тақта,

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі 1400 – 1405

А) Студенттерді журнал бойынша түгелдеу

Б) Студенттердің арнайы жұмыс киімдерін тексеріп өту

В) Тапсырмаға байланысты құрал – саймандарын тексеру

ІІ. Кіріспе нұсқау 1405 – 900

1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мазмұнын баяндау.

Ауылшаруашылықта арамшөптермен алдын ала жүргізілетін сақтандыру шараларының негізгі түрлеріне күрес жүргізуге байланысты студенттердің білімі мен қабілеттерін байланыстыра отырып , өңдеумен түрлерінін , атқаратын қызметтерін білуді және оларды бөлшектеп қайта жинауды көрсетіп үйрету.

2. Студенттердің білімін тексеру.

а) Әдеп – деп нені айтады ?

Жауабы: Токарлық станокта алынатын металл қабаты токарлық станоктағы әдіп

деп аталады.

б) Кескіштің негізгі бұрыштары ?

Жауабы: басты артқы бұрыш, алдыңғы бұрыш, ұшты бұрыш пен кесу бұрышы

болып саналады.

3. Кіріспе нұсқаудың материалын бекіту.

а) тапсырманы орындаған кезде өзін қалай ұстауы керек ?

б) әдіс — тәсілдерді қалай қолдану керек ?

в) жаттығу барысында қандай қауіпсіздік ережелері сақталуы тиіс ?

4. Жабдықтарды қолдана отырып жаттығу 905 – 950

1.Құрал саймандармен және технологиялық картамен жұмыс жасау.

Жаңа сабақ

Топырақты терең өндеудің тәсілі ретінде мәдени «жыртудын теориялық негізгі мәні: жырту қабатының беткейінің шаңды бөлігі төменгі қабатына түсіріледі де, үстін соқа бас корпусының көмегімен ұсақ түйіршіктермен жабады.

Топырақ өңдейтін машиналарға қойылатын талаптар: 22…23,25,27,30,35 см терендікте жыртып, қыртысты майдалау және аудару, ендігін толық бойлап, бірдей тереңдікте жырту, өскен шөп пен егін қалдықтарын толық жабу, топырақтың беткі қабатын біріктіру және тегістеу.

Дәнді және техникалық дақылдарға арналған негізгі өңделетін топырақтарда бұл талаптар аудармалы бетті корпустармен жабдыкталған жалпы жұмыска арналған соқаларды қолдану арқылы орындалады. Мұнда әрбір корпустың алдында топырақтың беткі шымды қабатын тіліп, оны борозданың түбіне аударып жатқызатын шым аударғыш орнатылады.

Шым аударғышының топырақ қабатына ену терендігі 10… 12 см болады. Бұл шым аударғыштардың жұмыс беті цилиндроид тәрізді.

Аса шымды топырақта жұмыс істеу ұшін (тың және тыңайған жерлерде) жартылай винтт шым аударғышты қолданған орынды.

Шым аударғышпен бірге қолданғанда аңыздық егіс пен өсімдік қалдықтарын жабуды қамтамасыз етеді.

Жұмыс беті винтті корпустар топырақ қабатын (180°-қа) аударуға арналған. Бұлар топырақ қыртысын мүлде майдаламай біртұтас лента түрінде қалдырады.

Бір терендікте жыл сайын қайта жырту өсімдіктін тамырына ауа, су өткізбейтін қатты топырақ ұлтаны пайда болуға әкеліп соқтырады.

Өсімдік тамыр жүйесі осы топырақ ұлтанына дейін барып, бүгіліп, қайырылып қалады, ал тамыржемістері әлсіз болып, мол өнім алуды тежейді. Жыртылған танапта топырақ ұлтаны пайда болмас үшін жылмажыл әр түрлі тереңдікте жыртып, немесе топырақ терендеткішті пайдаланған дұрыс.

Корпустың артына қондырылатын топырақ тереңдеткіш топырактың қопсытылатын қабатын 6…15 см тереңдетіп, оны топырак бетіне шығармай қопсытады. Осылайша қопсыту топыраққа ауаның, судың енуін көбейтеді. Өсімдіктің тамыр жүйесінің дамуына қолайлы жағдай жасайды және жыртылу қабатынын төменгі қыртысын байытуға мүмкіндік береді.

Қарашірікті қабаты қалың емес топырақты өндегенде, төменгі құнарсыз қабат үстіне шығарылады да, құнарлы қабаттың сапасын төмендетеді. Сондықтан мұндай топырақты арнаулы ойықты корпуспен өндеген жөн. Ойық корпус топырақты екі қабатта өңдейді.

Төменгі қабаттың (қалыңдығы 13….15 см) қопсытылған топырағы бетіне шығарылмай, түрен мен қайырма арасындағы ойық арқылы жылжып борозданың ұлтанына түседі.

Ал жоғарғы қабаттың (қалыңдығы 18…22 см) топырағы қайырмамен аударылып, үсақталады да, алдынғы корпустың ойығынан түскен төменгі қабаттың қопсытылған топырағының үстіне жатқызылады.

Тамыр жүйелері 35…40 см терендікке жететін, мысалы, қант қызылшасын, мақтаны, жүгеріні, тағ;ы басқа техникалық дақылдарды егетін топырақты өңдегенде кең алымды корпусы бар соқалар қолданылады.

Соқаның негізгі жұмыс органдары:

1-дискілі пышақ,

2- шым аударғыш,

3- түрен,

4-қайырма,

5-жақтау (атыз тақтасы),

6- корпус,

Соқаның қосымша жұмыс органдары:

1-рама;

2-тіреуіш доңғалағы

3-СА-2 автотіркеуіш қулпы.

Тіреуіш доңғалағының діңгегінде әрбір 2 см сайын белгі салынған. Тіреуіш доңғалағы конусты роликті подшипникке, ал дискілі пышақ бір рет қана майланатын шарикті подшипникке орнатылған.

Түрен топырақ қыртысының астын тілуге арналған. Оны арнаулы болаттан жасайды. Жүзінің 20 – 35 см енін жылулық өңдеуден өткізеді. Түренге әсер ететін үйкеліс күшін азайту үшін, оның төменгі жазықтығы борозда түбіне тимейтіндей, ал кедергі тек жүзіне ғана келетіндей етіп орналастырады. Түрен борозда түбіне 22 – 30 бұрыш жасап, көлбей орнатылуы тиіс. Оның жүзі борозда жазықтығымен 30 – 35 бұрыш жасайды. Бұл бұрышты қайырма төсінің тұрған қалпына қарай таңдайды әрі ол қайырма типіне тікелей байланысты. Осы бұрыш сүйір бұрыш болған сайын. Егер түрен тозса, онда оны темір ұстасында қыздыра созып, алғашқы формасына келтіреді немесе жаңасымен алмастырады.

Түрендер:

  • трапеция,
  • үш бұрышты,

  • қашау тәрізді болады. Олардың жұмыс беті цилиндір пішінде жасалынады. Трапеция тәрізді түрендердің, бүкіл ұзындығы сырт жағынан калың етіп жасалған және оны «магазин» деп атайды, ал қашау тәрізді түренннің тек тұмсығын ғана калың етіп жасайды. Магазин – бұл арнайы жасалған металл қоры. Тозған түренді сол қордын есебіне созып алғашқы қалпына келтіреді. Бүгінгі таңда қашау тәрізді түрендер өте көп таралған.

Өтпейтін түрен соқаның тарту кедергісін 1,5 есе арттырады да, соның есебінен жанар май шығыны көбейеді. Сондықтан түренді барлық жүзінің ұзындығы бойынша 4,5 мм қалыңдықта қыздырып созады. Созылған түрен шыңдалады. Түрең жүзінің өткірлігін бір қалыпты сақтау және тозу төзімділігін арттыру үшін өнеркәсіп орындары кескіш қырының бүкіл өн бойына енін 25 мм етіп катты қорытпамен пісірілген арнаулы түрендер шығарылады.

Қайырмалар:

А). дақылдық;

Б). цилиндрлік

В). жартылай винттік;

Г). винттік.

Соқаның салмағы 920 кг, жылдамдығы 6-12 ш/сағ.болғанда, жұмыс өнімділігі

0,91 га/сағ., ал жылдамдығы 10,22 ш/сағ. болса, жұмыс өнімділігі 1,52 га/сағ.

Кестені толтыр.

Соқалар Агрегатталатын тракторлардың маркалары
ПН-4-35
ПЛН-3-35
ПЛН-5-35
ПН-4-30
ПТК-9-35

Т-40М, МТЗ-80, МТЗ барлық модификациялар, ЮМЗ-6Л, Т-4А,

ДТ-75М, К-700, К-700А

Студенттердің технологиялық нұсқау карталары бойынша жұмыс жасауларын бақылау мақсатында жұмыс орындарын аралау:

1-аралау. Студенттердің жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастырылуын

тексеру

2-аралау. Жұмыста қолданылатын жұмыс құралдарының жұмысқа жарамдығын

тексеру

3-аралау. Жұмыстың уақытылы басталуын студенттердің, іс-қимылдарының

дұрыстығын,құралдарды қолдану әдіс тәсілінің дұрыстығын тексеру

4-аралау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің

сақталуын қадағалау

5-аралау. Жұмысты орындау кезінде студенттердің жіберген қателерін ескертіп,түзету және қосымша нұсқау беру.

6-аралау. Студенттердің орындаған жұмыстарын қабылдап алу, тексеру.

7-аралау. Жұмыс орындарының тазалығын,құрал-аспаптардың дұрыс жиналуын тексеру.

ІҮ. Қортынды нұсқау — 12 50 – 13 15 (25 мин.)

1. Сабақты қортындылау.

2. Қателерін жою, түсіндіру , студенттерді бағалау.

3. Пәнаралық байланыс: Физика, материалтану, сызу.

3. Үйге тапсырма. Токарлық іс,, Оқу құралы. Астана. Авторы:

Д.Сарсенбаева , С. Әубәкірова (5-6-7) беттер.

Берілген тапсырмаларды үйде орындау.

Өндірістік оқыту шебері Е.Шаншархан

Өндірістік оқыту шеберінің аты-жөні, тегі:

Шаншархан Еркебұлан

Білімі: Жоғары

Жұмыс орны: Жаңақорған аграрлы- техникалық колледжі

Еңбек өтілі: 2 жыл

Санаты: ІІ

Педагогикалық ұстанымы: ««Маған айтсаң, мен ұмытып қаламын.
Маған көрсетсең, мен есімде сақтай аламын. Маған осыны істеуге мүмкіндік берсең, сонда бұл мәңгілік менікі болып қалады!» Конфуций ».

Тест сұрақтары

1. Сұрақ:Соқаның негізгі жұмыс органдарына нелер жатады?
Жауап:Корпус, пышақ, негізгі соқа алдындағы соқаша;

2. Сұрақ:Корпустың қосымша органдарына нелер жатады?
Жауап: Тірек, жақтау тақтайшасы;

3. Сұрақ:Соқаның негізгі жұмыс істейтін мәрімдері.
Жауап: Сыртқабат, шым аударғыш пышақ, топырақты тереңдеткіш;

4. Сұрақ:. Түрен түрлері —
Жауап: Трапеция тәріздес, тұмсықты түрен және ойықты;

5. Сұрақ:. Топырақты жырту… тереңдікке жүргізеді

Жауап: 35 см;

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.