Жумабаева Айманайым Женисовна
Алматы қаласы, Әуезов ауданы «№ 116 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жумабаева Айманайым Женисовна
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаева А.Ж. |
| Сабақ тақырыбы: | Сәбіз шырыны дәмді. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.1.1 ауызша тіл және тыңдау-көру материалын тыңдау және қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталау. |
| 2.1.5.1 тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсіну және сипаттау. | |
| 2.2.3.1 тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну. | |
| Сабақ мақсаты: | Барлығы: тыңдау-көру материалын тыңдайды, қарапайым сөйлемдерді түсініп қайталайды. |
| Көбі: тыңдау-көру материалындағы оқиғаларды түсінеді және сипаттайды. | |
| Кейбірі: белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысады және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсінеді. | |
| Күтілетін нәтиже: | Қандай шырын ішетінін айтады, тақырып бойынша әңгімеге қатысып, сұхбаттаса алады. |
| Жаңа сөздер: |
|
| Дереккөздері: | Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік. |
| Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Топқа бөлу |
«Күн сәулесі» тренингі. Шеңберге тұрып, амандасып, бүгінгі күнге жақсы тілектер тілеу
Шие мен алманың суреті арқылы сынып 2 топқа бөлінеді. |
Бір-біріне жақсы тілектер айту
Оқушылар топқа бөлінеді. |
| Үй тапсырмасын тексеру | «Доп» ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру. | Оқушылар жауап береді. |
| І.Қызығушылықты ояту | Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында «Жеміс-жидек ағашы» ойынын ойнайды.
Әр оқушы ағаштағы кез келген жемісті алады да, сипаттап береді. |
Айтылым. Жеміс-жидектерді сипаттап береді
-Мынау алма. Алма қызыл, дәмді |
| ІІ. Мағынаны тану | 1.Сөздікпен жұмыс. Интерактивті тақтадан сурет арқылы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
Мынау шие. Шие қызыл, дәмді. Мынау шие шырыны. Шие шырыны дәмді. |
Тыңдалым. Оқылым.
Айтылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, қайталайды. |
| «Кім біледі?» ойыны арқылы интербелсенді тақтадағы тапсырманы орындайды.
Мектепте (столовая) бар. (В столовой) (сок) сатады. Мен (в столовую) барамын. Асханада (сок) ішемін. Саған (яблочный) шырыны ұнайды ма? Маған (яблочный) (сок) ұнайды. (Яблочный) шырыны (вкусный). Анар шырыны (невкусный) Дескриптор:
Барлығы: 5 балл |
Тыңдалым
Айтылым. Оқылым |
|
| Жазылым. «Адасқан әріптер» стратегиясы арқылы жазба жұмысын жасату.
Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз. С…б…з, …ызана…, т…тт…, д…мд…, суы…, …..шем….н, …..шпейм….н, ш….е Дескриптор:
Барлығы: 4 балл |
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазады. | |
| ІІІ.Ойтолғаныс. | 34 бет, 5-тапсырма. «Жұбыңды тап!» ойыны.
Сендерге алма, қызанақ, сәбіз, анар, апельсин, мандарин және т.б. жеміс-жидектің толық суреті мен жартылай кесілген суретін тарату. Сендер сурет бойынша өз жұптарыңды тауып, сөйлем құрайсыңдар. Дескриптор:
Барлығы: 4 балл |
Тапсырманың шартын орындайды. |
| IV. Бекіту. | «Кубик-рубик» ойыны арқылы бекіту | Кубикты лақтырады, қай суретке түседі, сол суретті сипаттап береді |
| V. Бағалау. | Формативті бағалау. Фишкалар арқылы бағалау | Фишкалар арқылы бір-бірін бағалайды. |
| VІ.Үйге тапсырма: | Жаңа сөздерді жаттау, 3 сөйлем құрастыру | Күнделіктеріне жазып алады. |
| VІІ. Рефлексия | Рефлексия
Маған сабақ ұнады / ұнамады. Сабақ қызықты / қызықсыз болды. Мен жақсы / нашар жұмыс істедім. |
Оқушылар өзіне ұнаған суреттің тұсына желімқағаздарын жапсырады. |
