Бізді қоршаған орта
| Пәні: | Дүниетану | Мектеп: Сағашилі ЖББОМ | |
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Ашыкбаева Айна Еркиновна | ||
| Сынып:1 | Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны: |
||
| Ортақ тақырыбы: | Бізді қоршаған орта | ||
| Бөлім | Елімнің табиғаты | ||
| Бөлімше | Климат жəне ауа-райы | ||
| Сабақтың тақырыбы | Ауа райы деген не? /44-45 бб/ | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.2.2.1 Ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау | ||
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: өзіне тән белгілері бойынша жыл мезгілдерін анықтауды және салыстыруды үйренеді.
Көптеген оқушылар: ауа температурасын термометрмен өлшеуді үйренеді. Кейбір оқушылар:ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтайды, өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіреді. |
||
| Бағалау критерийлері | -Жыл мезгілдерін сипаттайды және салыстырады.
-Термометр арқылы ауа температурасын өлшейді. -Ауа-райының пайдасы мен зиянын біледі. |
||
| Тілдік құзыреттілік | Ауа райы, жыл мезгілдері,термометр,климат | ||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу. | ||
| Пәнаралықбайланыс | Математика ,көркем еңбек, жаратылыстану | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба | ||
| Бастапқы білім | Жыл мезгілдерін айтады,өзінің тұратын жерін біледі,ауа райы құбылыстарын ажырата алады. | ||
| Ойлау деңгейлерінің дағдылары | Білу, түсіну,қолдану. | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарлан-ғанкезеңдері | Сабақтағы жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы
3 минут 6 минут 5 минут 5минут 2 минут |
Психологиялық ахуал
Нені көріп тұрмыз? -Күннің көзі. -Күн адамға не береді? -Жарық, жылу,шуақ. -Олай болса, күнге оң қолымызды созып, күннен жарықты, жылуды, шуақты алып жүрегімізге қоямыз. Ол жылуды, жарықты, шуақты бір-біріміздің қолымызды ұстап жақсы тілектер айтамыз. Сабақты П.И.Чайковскийдің «Қыс» шығармасын тыңдаудан бастаймын./толық талқылау жүргізіледі/ Топқа бөлу. Оқушыларды жыл мезгілдерінің суреттеріне қарай топқа бөлу. Осылайша 4 топ құрылады. -Олай болса оларды жыл мезгілдері дейміз. М.К.-Суретпен жұмыс.(Әр жыл мезгілінің өзгешеліктері, ауа райындағы табиғат құбылыстары көрсетіледі.)Сол арқылы«Ауа райы деген не?» тақырыбы ашылады. Т:Әр топқа тапсырмалар беріледі : 1-тапсырма. «Пазл құрастыру» әдісі Әр топқа құрастырма жыл мезгілдерінің суреттері таратылады.Оларды құрастырып, сипаттайды.Топ кем дегенде 5 құбылысты табады. 1.Күз тобы: 1) жаңбыр жауады; 2) жапырақтар сарғайып, түседі; 3) жел соғады; 4) құстар жылы жаққа ұшады; 5) күн суытады. 2.Көктем тобы: 1) қар ериді; 2) су ағады; 3) ағаштар бүршік жарады; 4) бәйшешек шығады; 5) жыл құстары ұшып келеді. 3.Қыс тобы: 1) қар жауады; 2) Күн аязды болады; 3)жер тайғақты; 4)боран болады ; 5) ағаштар аппақ болады. 4.Жаз тобы: 1) ыстық; 2) айналада барлығы гүлденеді; 3) құстар сайрайды; 4) барлығы суға шомылады; 5) масалар шағады. Дескриптор: –Суреттерді дұрыс құрастырады. -Қай жыл мезгілі екенін анықтайды. -Жыл мезгілдеріне байланысты ауа райының өзгеретіндігін біледі. -Ауа райының пайдасы мен зиянын біледі. ҚБ: 1-топ: жапырақ 2-топ:бұлт 3-топ:қар қиыршығы 4-топ:гүл 2- тапсырма:«Ізден» әдісі. «Қимыл»ойыны ойнатылады.Әр топ жыл мезгілдерінде ойналатын ойындарды қимылмен көрсетеді.Басқа топтар қай ойын екенін табады. Дескриптор: -Жыл мезгілдеріндегі ойын түрлерін біледі. –Ойындарды қимылмен көрсетеді. -Қандай ойын екенін табады. ҚБ: доп, асық, шана, велосипед/житонтаратылады./ Сергіту сәті Қатты нөсер басылды (қолдарын тырсылдатады) Кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды) Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды) |
Шаттық шеңбері
Мультимедиалық проектор Пазл құрастыру |
|
| 7минут
5 минут Сабақтың соңы 2 минут |
(Т).«Миға шабуыл»әдісі. Бұл әдіс оқушыларды жауапкершілікке,шапшаңдыққа,байқампаздыққажетелейді.
Тапсырмасы:Әр топ стақандағы әр түрлі судың температурасын анықтап, термометрмен бақылау керек./мұз, салқын, жылы,ыстық сулар/ Дескрипторы: –Судың күйін ажыратады. -Термометрмен жұмыс істеуді біледі. ҚБ: термометр (Ө).Дәптермен жұмыс. «Зертте» әдісі. Тұрғылықты жердің ауа райын бақылап, деректерді бақылау парағына түсіреді. (бұлтты, температураны, желді және т.с.с.). Дескрипторы: -Ауа райы құбылыстарын зерттеді. -Тұрғылықты жердің ауа райын бақылай отырып,сол күнгі ауа-райын шартты белгілермен белгіледі. ҚБ: смайлик Рефлексия Бәрін түсіндім. Сабаққа белсендімін Жауапты толық бере алмадым Бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын |
Тәжірибе:
4 стақандағы судың күйін термометрмен өлшеу. |
|
| Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау-оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық және
қауіпсіздік техникасының сақталуы |
| Қабілеті жоғары оқушыларға сыныптастарына көмек көрсету сұралады.Тапсырманы бұрын орындаған оқушыларға жеке тапсырмалар (карточкалар) беріледі. | -өзін-өзі бағалайды
-ҚБ: житондар арқылы бағалау -бір-бірін бағалайды -мадақтау |
Тәжірибе жасауда,қимыл-қозғалыс ойындарында, сергіту сәтін жасау барысында қауіпсіздік ережелерін ескереді. |
