Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Орал ақпараттық технологиялар колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы
Кажгереева Самал Анжановна
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне, әңгімелеріне тоқталу, мағынасын ашу, жан – жақты талдау жасау; Дамытушылық: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойын ашық айта білу және өз пікірін қорғай алу қабілеттерін дамыту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру; Тәрбиелік: Оқушылардың әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін оята отырып, еңбек сүйгіштікке, табиғатты қорғауға, елжандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу; сөз құдіретін сезінуге жетелеу.
