Мулдагалиева Лира Мусагалиевна

Атырау облысы, Атырау қаласы КМҚК № 54 «Айгүл балабақшасы»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Мулдагалиева Лира Мусагалиевна

Тақырыбы: «Әли мен Айя бізде қонақта»

Ұйымдастырылған ашық оқу-қызметінің тақырыбы: «Әли мен Айя бізде қонақта»

Мақсаты: Білімділігі: Балалардың тірі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Жануарлар,құстар,гүлдер туралы білімдерін тиянақтау.

Дамытушылығы: Ойлау,есте сақтау, түсіну қабілеттерін жетілдіру. Әртүрлі ойындар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,білімдерін шыңдау.

Тәрбиелігі: Тірі табиғатты қорғауға, оларға қамқор болуға,табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі-құралдар: Интерактивті ойындар,пазлдар.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,балалар! Сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберіне тұрып,қонақтармен амандасып алайық.

Қайырлы таң,аспан ата!

Қайырлы таң,жер ана!

Қайырлы таң,достарым!

Сәлеметсіздер ме,апайлар!

-Жарайсыңдар балалар,орнымызға жайғасайық.

Сұрақ-жауап:

-Балалар қазір қандай сабақ болады?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын атайықшы?

-Балалар сендер даладан нелерді көресіңдер?

-Тал,тас, күн,аспан,ит,мысық.

-Дұрыс айтасыңдар! Енді осының бәрін бір сөзбен қалай айтамыз?

-Қоршаған орта,табиғат!

Дұрыс айтасыңдар! Табиғат дегеніміз- бізді қоршаған орта. Табиғат екіге бөлінеді. Олар: өлі және тірі табиғат. Өлі табиғатқа: ауа,су,күн,жер,тау,тас жатады.

Тірі табиғатқа: адамдар,жануарлар,өсімдіктер жатады.

Біз бүгін солардың ішінде тірі табиғат туралы айтатын боламыз.

Табиғат-құстардың сайраған үнімен,жан-жануарлардың қайнаған тіршілігімен әдемі дей келе- назарларыңызды экранға аударып,табиғат туралы видеоны тамашалайық.

«Табиғат » видеосы

Мінекей қандай әдемі табиғат көрінісін тамашаладық.

Ал енді осы табиғат,құстар туралы тақпағымызды ортаға салайықшы.

Табиғат ол-анамыз,

Табиғатқа баламыз,

Құшағыңда ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз. (Денис)

Ей табиғат балаңмын,

Ертеңіңе алаңмын,

Табиғаты ғаламның,

Денсаулығы ғаламның.(Дастан)

Құстар біздің-досымыз,

Біз қамқоршы баламыз,

Құстарға ұя саламыз.

Балапанын бағамыз.(Ефим)

Ағаштарды сындырмай,

Тазалықты сақтаймыз,

Гүл өсіріп,су құйып,

Табиғатты қорғаймыз.(Виолетта)

-Балалар біздер сабақтың басында тірі табиғатқа жануарлар жататынын айтып кеткен болатынбыз. Жануарлар екіге бөлінеді. Олар: жабайы және үй жануарлары. Қазір осыған байланысты ойын ойнаймыз. Ойынның аты: «Суретті құрастырып,ата».

Бұнда суретті құрастырып,қандай жануар екендігін айтып, ол жануарлардың қай түріне жататындығын үш тілде айтуларың керек.

Балалар сиырдың,қойдың,аюдың,қоянның суретін құрастырып, үш тілде атайды.

-Өте жақсы. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың адам өмірінде пайдасы мол.

Үй жануарлары бізге сүт,жүн береді,үстіміздегі киім, ішіп – жеп отырған азығымыз, тағамымыз осының бәрі төрт түліктен алынады.Жабайы жануарлардың да өз үлестері бар. Сондықтан да үй жануарларымен жабайы аңдарға қамқор болуды естен шығармайық,жарай ма?

Балалар әрі қарай тағы ойын «Не қайда мекендейді?».

Бұнда сурет бойынша не қайда мекен ететінін айтуларың керек.

-Ой балалар! Бізбен біреу байланысқа түскісі келіп тұрған сияқты.

Бұл кім болды екен?

Экраннан Али мен Айя көрінеді.

Али мен Айя: -Сәлем,достар. Сәлем! Біз сендерді көргенімізге қуаныштымыз. Ал сендер бізді көріп тұрсыңдар ма?

Менің атым-Али, Менің атым-Айя.

Бұл не жиын?

-Бізде қазақ тілі сабағы. Тірі табиғат туралы айтып жатырмыз.

Али мен Айя: Достар,бізде сендермен бірге болсақ болама?

-Әрине, Али,Айя,бізде сендерді көргенімізге қуаныштымыз. Бізбен бірге болыңдар.

Али мен Айя: О,алақай рахмет,сендерге!

Али мен Айя: Достар,табиғатты әсем әнге бөлейтін, аспанда қалықтап қшатын, қанатты достарымызды білесіңдер ме?

Балалар: Иә. Құстар.

Али мен Айя: Дұрыс айтасыңдар! Ендеше біз сендерге қызықты ойын алып келдік. Бұл ойында өз ұясына қандай құс ұшып келгенін айтуларың керек.

Ойын «Ұяға қандай құс ұшып келді?».

Али мен Айя: -Өте дұрыс,достар!

Мұғалім: Біздің аспанда қалықтап ұшатын достарымыз ол-құстар. Құстар-егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Қыста бүрісіп отыратын құстарды қорғай біліңдер,өйткені олар сендердей достарға сеніп қыстап қалып қояды емес пе?

Күзде жылы жаққа ұшып кететін құстарда ,сендерді сағынып ұшып келеді емес пе?

Сондықтан құстарға жем шашуды, оларға қамқор болуды ұмытпаңдар жарай ма?

-Бәрекелді балалар.Бүгінгі күн қандай тамаша. Шаршаған шығарсыңдар,қанекей бойымызды әсем әуенмен бір сергітіп алайық.

Сергіту сәті «Көңілді күн»әні

Али мен Айя: Достар біз сендерге тағы бір ойын ала келдік. Ал сендер су асты әлемін көргілерің келе ме? Енжеше су асты әлемінде қанша балық және олардың түстерін айтып беру керек.

Мұғалім:-Али, Айя қалай біз дұрыс жауап бердік пе?

Али мен Айя: Тамаша. Біз сендерге таң қалып тұрмыз.

Мұғалім: Рахмет! Иә балалар барлық тіршілк-сусыз өмір сүре алмайды. Халқымыз судың да сұрауы бар дейді. Сондықтан суды есепсіз төгіп-шашуға болмайды. Сусыз балықтарға да қиын. Өз топтарыңдағы немесе үйлеріңдегі балықтарға жем беруді ұмытпаңыздар жарай ма?

Али мен Айя: Дұрыс айтасыз, апай! Сендерге жұмбақ. Табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған ,8 наурызда аналарымызға сыйлап жатамыз. Ол не?

Балалар: Гүлдер.

Али мен Айя: -Дұрыс айтасыңдар,достарым!

Мұғалім: Балалар гүлдер ауаны тазартады. Әдемілік сыйлайды. Сондықтан гүлдерді баптап,суарып тұру керек.

Қазір ойын. Ойынның аты: «Гүлдерді атап,құмыраға сал».

Балалар мына жерде құмыра құлап, гүлдер жерге шашылып қалыпты, енді сендер гүлдерді атап, құмыраға салуларың керек.

-Али,Айя біздің балалар қалай екен?

Али мен Айя: Өте тамаша! Сендер көп біледі екенсіңдер!

Мұғалім: Ал енді бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді байқау мақсатында қазір ойын ойнаймыз. Ойынның аты: «Қайсысы дұрыс,қайсысы бұрыс?»

Бұнда берілген сурет бойынша қайсысы дұрыс,қайсысы бұрыс екендігін, егер дұрыс емес болса сол суреттің үстінен сызамыз.

Мұғалім: -Али,Айя балалар қалай екен?

Жауаптары сендерге ұнады ма?

Али мен Айя: Керемет! Әрине ұнағанда қандай! Табиғат,құстар,гүлдер туралы жақсы біледі екенсіңдер! Сендермен көңілді болды. Ал енді біздің сендерге арнаған сыйлығымыз бар. Ол сыйлық атамыз егіп берген, Али екеуміз баптап өсірген ағашымыздың сыйы-алма. Қабыл алыңыздар! Алма денсаулыққа пайдалы. Ас болсын!Сау болыңыздар!

Мұғалім: Бәрекелді балалар ! Мен сендерге риза болып тұрмын. Барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындадыңдар! Сонымен бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Егер ұнаса «Егер саған ұнаса» әнін үш тілде айтайық.

Балалар бүгінгі оқу қызметінде өте жақсы белсенділікпен қатыстыңыздар. Сендерге рахмет айта отырып,мына бір өлең жолдарымен өз сөзімді аяқтағым келіп тұр.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Жер бетінің ажары ғой сәніміз,

Туған өлке табиғатын аялап,

Қорғайықшы,қадірлейік бәріміз!

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар! До свиданья!Good bye!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше