Кошербаева Гульжан Замирбековна

ШҚО «Аягөз қалалық № 1 бөбекжай-балабақша»

КМҚК Балабақша тәрбиешісі

Кошербаева Гульжан Замирбековна

Бөлімі: Тіл дамыту.

Білім беру саласы: «Қатынас»

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Мақсаты:Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту.Өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге,өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.Қысқы ойындарға қажетті құралдарды атау.Табиғатты аялауға,әсемдікті сезініп,көре білуге тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдері:Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету,ғажайып сәт,ойын,сергіту сәті.

Көрнекілігі:Мазмұнды суреттер,аққала,ойынға қажетті заттар.

Тәрбиеші:Балалар күн суық болса да,біздің жүрегіміз жылы.Жылуымызды жан-жағымызға беріп,жылулық шеңберін құрып,келген қонақтарымызбен амандасайық.

Шаттық шеңбер:

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Келіп қалған қонақтарды,

Сүйіп,сүйіп алайық.

Тәрбиеші:Балалар,мен сендерге өлең жолдарын оқып бергім келіп тұр.

Шанамен зырғып желетін,

Коньки,шаңғы тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсыңдар балалар?

Балалар:Қыс мезгілі.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?

Балалар:Қар жауады,аяз болып,боран соғады.

Тәрбиеші:Ендеше,боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?

(Балалар қолдарын жоғары көтеріп,гуілдейді)

Тәрбиеші:Қатты аяз болып,тоңғанда не істейміз?

(Қолдарын қусырап,аяқтарын топырлатады)

Тәрбиеші:Ал,күн шыққанда не істейсіңдер?

(Алақай,деп қолдарын көтереді)

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар!Енді қыс айларын атайықшы.

Балалар:Желтоқсан,қаңтар,ақпан.

Тәрбиеші:Балалар,біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?Қане,іс-қимылмен көрсетейікші?

Балалар іс-қимылмен көрсетеді.

Балалар:Бас киім,үстімізге тоң,аяғымызға етік,қолымызға қолғап киеміз!

Тәрбиеші:Балалар,мынау ненің суреті?

Балалар:Аққала

Тәрбиеші:Аққала неден жасалады

Балалар:Қардан

Тәрбиеші:Қардың түсі қандай?

Балалар:Ақ

Тәрбиеші:Аққала неше бөліктен тұрады?

Балалар:Үш бөліктен тұрады

Тәрбиеші:Оның бөліктерінің пішіндері қандай?

Балалар:Дөңгелек

Ғажайып сәт:Осы кезде аққала келеді

Аққала:Сәлеметсіңдер ме балалар!Мен сендерме ойнауға,сендердің өнерлерінді тамашалауға келдім.

Тәрбиеші:Кел төрлет,сен туралы айтып отыр едік.Балалар қонаққа кім келді?

Балалар:Аққала

Аққала:Балалар мен достарымнан адасып қалдым.Маған достарымды табуға көмектесіндерші.

Балалар:Отырып,аққала бөліктерін орналастырып,орындайды.

Аққала:Балалар,сендерге рахмет.

Сергіті сәті:

Әрлі-берлі жол салып,

Қар лақтырып ойнаймыз

Қорықпаймыз аяздан

Спортшы болмай қоймаймыз.

Ойын:Сыңарын тап

Аққала:Жарайсыңдар балалар!Сендер өте ақылды,өнерлі тапқыр екенсіңдер! Топтарын ыстық екен,мен жылы жерде көп тұра алмаймын,еріп бара жатқан сияқтымын.Еріп кетпей тұрғанда қайтайын.Жақсы балалар мен сендермен қоштасамын,келесі жылы кездескенше сау болыңдар!

Тәрбиеші:Балалар аққаламен қоштасайық!(Аққала шығып кетеді)

Қорытынды:Балалар,бүгін біз жылдың қай мезгілі туралы әңгімелестік?

Балалар: Қыс мезгілі

Тәрбиеші:Бүгін бізге қонаққа кім келді?

Балалар: Аққала

Тәрбиеші:Сабақ барлығымызға ұнады ма?

Балалар:Иә

Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.

«Жүректен-жүрекке»

Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстасақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз?

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше