Тақырыбы: «Достық үйі»
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы «№ 24 балабақша» КМҚК
Ортаңғы топтың тәрбиешісі
Кожабаева Шолпан Тынышбековна
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Құрастыру
Тақырыбы: «Достық үйі» Мақсаты:
1.Білімділік: Балаларға үйдің құрылыстары туралы (шатыры, қабырғалары, есігі, терезесі) түсініктерін қалыптастыру.Табиғат құбылыстарына танымдыққызығушылықтарын дамыту.
2.Дамытушылық:Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып,сөздік қорларын молайту,ой-өрісін дамыту
3.Тәрбиелік:Ертегіні сахналауға, достық қарым-қатынасты бағалай білуге,
кішіге қамқор болуға тəрбиелеу.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Тақырып бойынша əңгімелесу, тақпақ айту,жұмбақ шешу, тəжірибелік іс-əрекет,
Жабдықтар мен материалдар: Тақырып бойынша иллюстрациялық материалдар, дидактикалық материалдар,
Сөздік жұмыс: үй қабырғалары, шатыры, сары, қызыл,жасыл, көк.
Қолданылған технология:Ағаш таяқшалары, васкобович кілемше. Тәй-тәй
технологиясы,
Билингвалды компонент:үй-дом, шатыр-крыша, қабырға-стена,терезе-окно,есік-дверь Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.
| Жұмыс кезең дері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
| Ынталандыру-қызығушылықтарын ояту | Балалар топқа кіріп амандасады
Балалар,оқу қызметімізді бастамас бұрын табиғат жылуын сезініп шаттық шеңберін құрайық Шаттық шеңбері: Алтын сәуле таратты. Жарқырайды қаламыз, Жайнап түсті даламыз. Қайырлы таң достарым Қайырлы таң қонақтар! Ал, енді балалар әрқайыссың өздеріңнің орындарыңа отырыңдар. Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы:«Достық үйі» Кәзір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады? Балаларға жұмбақ жасырамын Өздері орман еркесі Жем іздеп орман кезеді Жорықтап түнде жортады Олардың орман мекені |
Сәлеметсіздер ме!
Здравствуйте! ( Балалар орындарына жайғасады) Қыс мезгілі Қар жауады,күн суық, жер тайғақ болады. адамдар қалың киімдер киеді. Жабайы аңдар |
| Ізденістік-ұйымдастырушылық | -Балалар есік қағылған сияқты, естіп отырсыңдар ма?
Сәлеметсіздер ме, балалар! -Біздерге қонаққа орманнан тиін,қоян, түлкі,аю келіпті. Тышқан: Мен тықырлауық тышқанмын, Өз інімнен шыққанмын. Дос іздеймін өзіме, Тату болам өзіңмен. Қоян: Мен қоянмын, қоянмын, Сәбізді жеп тоямын. Жемістерді көп жинап, Қысқа сақтап қоямын. Түлкі: Мен сұлу түлкімін, Жай өтпес бір күнім. Ішінде жүремін, Айғай шу күлкінің. Аю: Мен аюмын қорбаңбай, Қимылдаймын қорбаңдай. Омартаны көргенде, Бас саламын ойланбай. Балалар біздің орманда үйіміз болған, біз бәріміз тату-тәтті тұрғанбыз. Слайд көрсету. Балалар, олай болса аңдардың үйін сипаттап өтейік. Үйдің қандай бөліктерін көріп тұрсындар? Үйдің қабырғасы қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Үйдің қабырғасынын түсі қандай? Үй шатыры қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Үйдің шатырынын түсі қандай? Балалар, үйлердің түрлері әр түрлі болады . Қандай үйлердің түрлерін білесіңдер? Біздің ормандағы үйіміз бұзылып қалды.Бізге сендердің көмектерің керек болып тұр. Бізге жаңадан үй салуға көмектесесіңдер ма? Олар сендердің еңбекқор екендеріңді бұрыннан біледі екен.Кәне, біз оларға көмектесейік. Балалар, біз төрт топқа бөлінеміз. (Түсіндіру ) Олар қоян, тышқан, түлкі, аю болып бөлінеді.Белгілер арқылы әр топқа бөлініп, жұмыс жасаймыз. Әр топты жеке жеке түсіндіру. |
Балалар амандасады
Қабырғасы, шатыры. Терезесі, есігі. Төртбұрышқа ұқсайды. қызыл Үшбұрышқа ұқсайды. Сары Ағаш үй, киіз үй, көп қабатты үй. Ия Ия |
| Ізденістік-ұйымдастырушылық | «Тышқан» тобындағы балалар «Дьенеш» блоктарынан үй құрастырады.
«Қоян» тобындағы балалар «Пазл» арқылы үй құрастырады. «Түлкі» тобындағы балалар «Ағаш» таяқшаларынан үй құрастырады. «Аю» тобындағы балалар «Васкобович» кілемшесіне, ормандағы аңдардың достық үйін құрастырады. Тапсырма түсінікті болса белгілерді ала қойындар. Әр бала қолындағы белгілердің суреті арқылы өз орындарына отыру. Балалар берген тапсырмаларды орындайды . Балаларды шылдырмақ арқылы ортаға шақыру. Сергіту сәті : Кәне , қимыл арқылы сергіту сәтін орындап шынығып алайық. -Балалардан әр топта қандай жұмыс атқарғандарын сұрау. Билингвалды компонент:үй-дом, шатыр-крыша, қабырға-стена, терезе-окно,есік-дверь Балалар, біз бір-бірімізге қамқор,тату,адал дос болуымыз керек.Ешқашанда достарымызды ренжітпеуіміз керек. Дидактикалық ойын: «Үй құрастыру». Шарты: текшелерден үй құрастыру.Түстерін, пішіндерін сұрап кету. Міне,балалар үйіміз дайын болды,біз енді бұл үйді аңдарға сыйға берейік, айтқан уәдемізді орындайық, оларда бізге үй құрастыруға көмектесті. Балалар, енді тышқан, қоян, түлкі ,аю мен дос боламыз ба? Достар, сендер тағы да балабақшаға келіп тұрыңдар, достарың көп болады, білімді, өнерлі боласыңдар. Ормандағы аңдарға үй жасап, көңілдендіріп орманға қайтару. |
Дьенеш блоктарынан үй құрастырды.
Пазл арқылы үй құрастырады. Ағаштан үй жасайды Орманға аңдарға үй құрастырады. Белгілерді алып өз орнына отырады Музыка әуенімен қимылдар жасайды. Жауап беру үй-дом, шатыр-крыша, қабырға-стена, терезе-окно,есік-двер Үй құрастырды Иә Сау болыңыз! |
| Рефлексивтік түзетушілік | Қорытынды жасау .
Қонаққа кімдер келді? Біз оларға қалай көмектестік? Қандай үйлердің түрлерін білесіңдер? Досымыз көп болу үшін қандай болуымыз керек? Балалар, сендерге рахмет, бүгін үлкен жақсылық жасадыңдар! Алған әсерімен бөлісу Сонымен сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Жарайсыңдар, балалар |
Аю, қоян, тышқан, түлкі.
Үй жасап бердік Ағаш үй, киіз үй, көп қабатты үй, тату болуымыз керек Балалар өздерінін жасаған жұмыстарына риза болады. |
Күтілетін нәтиже
Айта алады: Геометриялық пішіндерді ажыратып, атай алады.
Түсінеді: Достық туралы ұғымды, сыйластықты түсіне біледі.
Қолданады:Қарым-қатынаста, достықты жылы сөздерді қолдана біледі.
