Жаңа сабақтар

ХАБАРЛАНДЫРУ

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ЖАҢҒЫРУ — ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

ЕРЕЖЕ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деген болатын.

Ал, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Елбасы: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз», – деді.

Ұйымдастырушы: «BILIMNUR» республикалық басылымы

Мақсаты: Жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латыннегізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Байқауға қатысушылар: Білім беру мекемелері, орта білім беру мекемелері, бастауыш, орта және кәсіби білім беру мекемелері, балаларға арналған қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері, мектепке дейінгі және балабақша тәрбиешілері мен тәлімгерлері қатысуына болады.

Байқау шарты: Қатысушы «Латын әліпбиі: жаңғыру — жазудан басталады» еркін тақырыбында шығармашылық эссе, мақала жазу.

Шығармашылық жұмыс «Латын әліпбиі» әріптерімен жазылуы керек.

Кириллица әріптерімен жазылған шығармашылық жұмыстарды
https://www.zakon.kz/perevod_na_latinicu.html, https://www.masa.kz/kz
Интернет сайттары арқылы латын әріптеріне айналдыруға болады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.01.2019 ж — 08.02.2019 ж.

Байқау қорытындысы: 11.02.2019 жылы жарияланады.

Байқаудың қорытынды құжаттары: Қатысушылар Редакцияның арнайы дипломымен, төсбелгісімен және мадақтамасымен марапатталады.

«ЛАТЫН ӘЛІПБИІ: ЖАҢҒЫРУ — ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ» Республикалық байқауына
қатысушыларға «ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ — ULAǴATTY USTAZ» төсбелгісі беріледі.

«ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ — ULAǴATTY USTAZ» төсбелгісі нәтижелі жұмысқа ынталандыру, ұстаздардың, авторлардың жемісті қызметіне, шығармашылық еңбегіне редакция тарапынан ілтипат сезімін білдіру болып табылады. Марапаттау ұжым мен көпшіліктің ризашылығынан туындаған алғыс білдірудің нышаны және қызметкердің кәсіби шеберлігіне тәнті болудың белгісі.
Әрине көпшілік марапатына ие болу мен сол марапатқа лайық деп танылудың өзі марапатталушыға ерекше шабыт сыйлайды. Атқарылған қызметінің рухани бағасын сезініп, кәсіби деңгейін биіктетеді.
Әрбір мекеменің өз дәрежесі мен қызмет саласына сай марапаттау жүргізуі өмір талабы. Республикалық 45minut.kz, BILIMNUR басылымдары ұстаздарға қызмет ететін редакция және ұстаздарды БАҚ бағытындағы шығармашылық еңбектерін бағалай алады.
Ұстаздардың кәсіби және ұстаздық қызметін бағалау ҚР БҒМ және білім бөлімдерінің еншісінде.

Қатысу жарнасы: 10 000 (Он мың) тенге. Байланыс үшін: 8 777 055 0590 Whatsapp

Шығармашылық жұмыстар bilimnur@bk.ru  электронды почтаcына қабылданады.

Төлем реквизиті:   ИП Нагиев      ИИН: 7505053000 20
Назначение платежа: За конкурс. БИК: HSBKKZKX Кбе 19, КНП 851
KZ 9160 1000 2108 6210 63 АО «Народный Банк Казахстан»

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.