Менің асыл анашым
Шымкент қаласы № 130 жылпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Матеева Айгул Сындаровна
Ана! Бар-жоғы үш әріптен ғана тұрады. Бірақ бұл сөздің құдіреті қандай еді десеңізші?! Ана бізді мәпелеп, аялап өсіреді. Ана жайлы жыр толғамайтын бірде-бір ақын жырау жазбайтын бірде-бір қаламгер жоқ. Ана дегенде жүрегі селт етпейтін жан жоқ. Ол- бізге ең жақын жан. Біз осы жарық дүниенің есігін ашқан сәтте, алақанына салып мәпелейтін, бір ғана жан бар. Ол- Ана! Ананың жүзі қашанда мейірімге толы. Сондықтан да біздің, ең бірінші, айтататын сөзіміз – Ана.
Анамыз – бізді аялап өсіріп, үлкен өмірге аяқ басатын ең алғашқы баспалдағымыз, тұңғыш асар белесіміз – мектепке жетелеп апарады.
Ешбір ана өз баласына жамандық ойламайды. Керісінше, жақсы азамат болып өскенімізді қалайды.
Анамыз – бізді әрдайым жақсы жолға бастап отыратын ақылшы досымыз. Анаңнан артық жан, анаңнан артық дос болмайды.
Ата-бабаларымыз айтып кеткендей, «Анаңның жақсылығын ауырсаң білесің. Қайыңның жақсылығын қыдырсаң білерсің». Анаңның жүрегі сен ауырған сайын ауырады. Сен ауырғанда күні-түні Құдайға жалбарынып, жазылуыңды үздіксіз тілейтін бір-ақ жан. Ол – Ана!
Менің асыл анашым.
Тірегіміз, сіз-ана,
Құлағанда көтерген.
Жылағанда жұбатып,
Қалауымды әперген.
Жылағанда тербетіп,
Бесік жырын жырлаған!
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Күні түні тыңбаған.
Асыл анам, жан анам.
Тең келмес сізге жан адам!
Әдемілік, әсемдік,
Аналардан тараған.
Қорқыт атамыз айтып кеткендей, «Анаңның жағы, Құдайдың жағы »
Сондықтан да аналарымызды әрдайым құрметтеп өтуге борыштармыз!
Ана сенің асылың- бақ талабың.
Анам барда бақытты, мақтанамын.
Ана барда жадырап, шаттанамын.
Тілеймін жүзің кірбің қақпағаның.
Сыйлайтұғын мінездің пәк, тұнығын.
Ардақтаңдар асылдың ақ сынығын.
Салыстыра алмайтын ештеңеге,
Аналардың айтайық жақсылығын.
Ананың мейірімі- әлемге жылу берген күн нұрындай қасиетті. Түн ұйқысын төрт бөліп сәбиіне бар асылы ақ сүтін емізген ананың қадірі, қасиетті -әлемдегі ештеңемен салыстыруға болмайтын теңдесіз нәрсе…
