Тәуелсіздік – ел тірегі
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы № 56 «Жұлдыз» бөбекжайы
Тәрбиешісі Нургабылова Лариса
Тақырыбы: Тәуелсіздік – ел тірегі
Мақсаты: Балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Еліміздің тарихымен, желтоқсан құрбандарымен таныстыру. Еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, патриоттық сезімдерін ояту.
Құрал-жабдықтар: Еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны, Қазақстан Республикасының портреті, Желтоқсан оқиғасы құрбандарының суреттері, слайд.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбері
Бейбіт таңдар арайланып атады Туған жерді аймалайды шапағы Байтақ елім Қазақстан, Ең бақытты балалардың Отаны! Байтақ қазақ даласын, Ақ көгершін шарлады Қуаныш, шаттық, жақсылықта, Халыққа көңіл сыйлайды!
Біз доспыз, татумыз Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз. |
Шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын
қайталайды. |
| Іздену ұйымдастыру | Желбірейді шарықта,
Қазақстан жалауы! Көкте қыран қалықтап, Қанат қағып барады, Қазағымның әнұраны! Қалықтаса аспанда, Шежіресі айналады, Ән-мен күйге, дастанға! Әнұран орындалады.
Балалар ту мен елтаңбаны көзбен көріп қолмен ұстауға болады. Ал әнұранды естіп, бірлесе шырқауға болады.
Сергіту сәті Дидактикалық ойын: «Ойлап тап» Ойынның шарты: Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасын құрастыру. |
Айзада Бір топ бала сырғанап, Барады әне жарысып. Қалады артта қар алап Іздерінен қар ұшып. Ислам Қар жауып тұр далада, Жеткенде аяз атамыз Жүр ойнайық, балақай! Біздер одан сый күтіп Отырып ап шанаға, Күліп ойнап жатамыз! Қуаныш Әппақ күміс бар әлем Зымыраймыз шанамен Тоғайлар тон киеді, Аяз беттен сүйеді. Жиналып ап бар бала Тұрғызамыз аққала.
Думан Күнәдан таза басым бар Жиырма бірде жасым бар Қасқалдақтай қаным бар Бозторғайдай жаным бар Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар Қазақ деген затым бар Еркек тоқты құрбандық Атам десең атыңдар! Құндыз Көк аспандай көкпенбек, Қазақстан жалауы Көк емес ол тектен-тек Елдің ашық қабағы. Ақ ниеті – алтын күн, Асқақ арман – қыраны Жалауы бұл халқымның Мәртебесі, мақтаны. Ұлдай Елтаңбасы елімнің, Неткен әйбат әдемі! Тұнығындай көңілдің, Ортада – аспан әлемі. Құт, береке – шаңырақ, Орын алған ол төрден Қанатты қос арғымақ Екі жақтан көмкерген. Қадыржан Ән ұраным–жан ұраным, Айтар әнім-сөйлер сөзім. Туған жерім-сағынарым Мәңгі бақи шырқалады, Әнұраным-менің Қазақстаным. Алима Тәуелсіз елдің ұл – қызымыз Көзінде ыстық шоғы бар Тәуелсіз елдің жұлдызымыз Көгінде елдің жағылар Тәуелсіз елдің тірегіміз, Қазағы арқа сүйейтін Тәуелсіз елдің білегіміз Бақыттың жолын күрейтін. Сауат Қарашы, дос, ғажапты, Күлімдейді нұрлы күн Тәуелсіздік, азаттық Теңдік алған күн бүгін Тәуелсіздік – елімнің Арманы сан ғасырғы Аспанына жерімнің Шуақ болып шашылды. Алижан Өлшеусіз даласы бар, Өрнекті қаласы ар. Тәуелсіз Қазақстан, Ел бастар данасы бар Мен сенің елігіңмін, Төсіңде еркелеген. Әр тауын атқан сайын Оянған ертеменен. |
| Рефлексті коррекциялаушы | Рәміздерді суреттеп, әңгімелеп береді.
Балаларға «Атамекен» әнін тыңдатып, әннің атын табу. Атамекен сөзінің мағынасын ашу. Тәуелсіздік алдық дегенді қалай түсінесіңдер? |
Тәуелсіздік алдық дегеніміз өзіміздің жеріміз, еліміз, туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар деген сөз. |
