Microsoft Word – мәтіндік процессоры туралы жалпы түсі нік

АСАНҚАНОВА ЖАРҚЫНАЙ АҚТАЛАПҚЫЗЫ,

Арнаулы пән оқытушысы,

Қармақшы аграрлы – техникалық колледжі,

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті

Сабақ жоспары

Пәні:Информатика

Мамандығы:«Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Word – мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік.

Сабақ/ оқу мақсаттары:

Білімділігі:Word мәтіндік процессоры, негізгі түсініктер мен әрекеттер, Microsoft Word-ты іске қосу,түзету,сақтау режимдері туралы білімдерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Білім алушылардың компьютерде жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, алған білімдерін нығайту, өз ойын толық айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік : Білім алушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, ізденіске, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, үнемшілдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі:Түсіндіру, практикалық жұмыс,сұрақ- жауап, венн диаграммасы, ассоциациялық жұмыс,ой қозғау;сергіту сәті; суреттермен жұмыс жасау;

Пән аралық байланыс:Ағылшын тілі; Қазақ тілі; Жолда жүру ережесі;

Сабаққа қажетті:

Оқулықтар/әдебиеттер: Ақпараттық технологиялар, Интернет желісі

Құрал-жабдықтар: Компьютер, практикалық жұмыс қағазы,түрлі –түсті қағазы,плакат,сұрақ-жауап қағазы, слайдтар.

Сабақ/оқу барысы

№ Сабақ/оқукезеңі Мазмұны
1 Ұйымдас

тыру кезеңі

Білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Журналға белгі соғу. Назарларын сабаққа аудару.

2 Өткен сабақтар бойынша

білім деңгейлерін

тексеру

(үйтапсырма

сынсұрау)

Үй тапсырмасын тарау бойынша қайталау.

Оқушыларды үш түрлі – түсті қағаз тарату арқылы 3 топқа бөлеміз.

Ол үшін: Мамандықтарына байланысты «Жолда жүру ережесі» пәні бойынша,бағдаршамның түстерін таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді», яғни қызыл, сары, жасыл.Үш топтан капитан командасын сайлау.

Капитан командасы өз тобындағы оқушыларды таныстырып, өз тобының атын айтады.

І топ _____________

ІІ топ_____________

ІІІ топ_____________

Ой қозғау

Ойлан да аяқта
– лимон қышқыл, ал қант…(тәтті)
– егер үстел орындықтан биік болса, онда орындық… (аласа немесе төмен)
– екі, бірден көп, ал бір…(екіден аз)
-пышақ өткір, ал әйнек…(өткір)
– Ат шабады, ал қарлығаш…(ұшады)
– Ит үреді, ал қарға…(қарқылдайды)
– Жылан жорғалайды, балық…(жүзеді)

І кезең:Ұяшық тапсырмасы
Әр топтың капитан командасықұпия қалтадан 3 ұяшықтың ішінен 1 ұяшықнөмірін алып, алынған нөмірдегі ұяшық тапсырмасын топпен бірігіп орындайды.

Тапсырмаға 7 минут уақыт беріледі.

1 ұяшық: Операциялық жүйе

топтамасы: Windows 95,98,2000,2007,2008

Windows NT, XP, Vista

Linux, Unix

2 ұяшық: Венн диаграммасы

Linux Ортақ қасиеті

Операциялық жүйе

Windows
Linux операциялық жүйесі 1991 жылы Unix –ке сүйене отырып, оның ашық кодта версиясы ретінде қалыптастырды. Linux көптеген жерлерде,яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.
Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі Windows XP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі Windows NT-дан жоғары, ал көп қолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
Windows сөзі ағылшын тілінен аударғанда «терезелер» деген ұғым береді.Нью-Йорк — 2009 ж., 22 қазан — Бүгін Microsoft корпорациясы Windows® 7 жаңа операциялық жүйесінің сатылымға түсуі жөнінде бүкіл әлемге жариялады. Windows®7-ні жасап шығару барысында жетекшілікке алынған қағида қарапайым – қолданушылар үшін ДК-де жұмыс жасауды барынша жеңілдендіру. Жаңа операциялық жүйе қолданушының жетілдірілген интерфейсі мен күнделікті тапсырмаларды орындауды жеңілдететін және қолданушыларға кез келген пішіндегі, түрдегі компьютерлерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа сипаттамаларды ұсынады.

3 ұяшық: Жүйені жүктегеннен кейінгі жұмыс үстелі

Пуск батырмасы тапсырмалар тақтасы

ІІ кезең: Сұрақтар:

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не? Ол есептеу процестері мен компьютерді басқару және пайдаланушы мен аппаратураны байланыстыратын жинақталған программа.
  2. Linux ОЖ– нің файлдық жүйесі? Операциялық жүйеге осы құжатты таңдағаннан және көрсеткеннен кейін ол автоматты түрде, құжаттың файлын кеңейту бойынша, көмегімен құжат әзірленген бағдарламаны анықтайды да көрсетілген құжатты ашады.
  3. Белгішелер және таңбашалар дегенміз не?Белгішелер Windows-тің әр түрлі объектілеріне тез,шығуға қамтамасыз етеді, ал таңбашалар Windows-тің бағдарламаларын жұмысқа қосуды құжаттарын ашуды немесе басқа да құралдарына қол жеткізуді тездетуге мүмкіндік береді.
3 Жаңа сабақты (материал

ды) түсіндіру

Жоспары:

  1. Microsoft Word бағдарламасын бірнеше жолмен іске қосу
  2. Жұмыс үстелінде құжат жарлығын құру
  3. Бағдарламада жұмысты аяқтау
  4. Бағдарлама терезесі
  5. Мәтінді енгізу ережелері

MS Word – бұл құжаттарды құру, қарап шығу, өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін программа.

Microsoft Word бағдарламасын бірнеше жолмен іске қосуға болады:

Пуск-Программы-Microsoft Office-Microsoft Office Word 2007 командасын орындау

 Жылдам іске қосу панеліндегі Word таңбашасына шерту

 Жұмыс үстелінеWord жарлығына екі рет шерту

Жұмыс столында құжат жарлығын құру

Жарлық құру үшін төменде көрсетілген әрекеттерді орындаңыз:

1. Құжат сақталған буманы ашыңыз және оның атына шертіңіз;

2. Файл – Жарлық құру (Файл- Создать ярлык) командасын орындаңыз немесе тышқанның оң жақ батырмасымен құжат атына шертіңіз және контексті менюден Жарлық құру (Создать ярлык) командасын таңдаңыз;

3. Құрылған жарлыққа шертіңіз және тышқанның батырмасын жібермей, жарлықты Жұмыс столына апарыңыз. Жарлықты бастапқы құжаттан сол жақ төменгі бұрышындағы бағдарша таңбасы арқылы ажыратамыз

Бағдарламада жұмысты аяқтау

Сіз бағдарламада жұмысты аяқтау үшін бірнеше әдістерді қолдана аласыз:

 Office батырмасын басып Word бағдарламасынан шығу (Выход из Word) командасын таңдаңыз;

Alt+F4 батырмалар үйлесімін пайдаланыңыз;

 Бағдарлама терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын басыңыз;

Бағдарлама терезесі

Толығымен өңделген интерфейс – бұл Microsoft Office 2007 дестесінің соңғы нұсқасының жоғарғы мүмкіншілігі. Қолданушылардың дағдыланып қалған ертеректегі нұсқасының негізгі мүмкіншіліктері сол қалпында қалды, ал бірақ барлық командаларға қатынау әдісі өзгерді. Microsoft құжатпен жұмыс жасаудың әрбір кезеңіндегі барлық қажеттілік қолда болуын және осы уақытта экранда артық нарсе болмауын қадағалады. Жаңа интерфейс динамикалық болып табылады, алдыңғы нұсқаларда болған құрал саймандар панелі тақырыптық командалар жиынымен алмастырылды.

Microsoft Office 2007 дестесіне кіретін барлық бағдарламалар ұқсас интерфейсті құрайды. Барлық қосымшаларда жұмыс аймағы, таспа (лента), жылдам іске қосу панелі, қосымша парақ және меню бар. Егер сіз дестенің бір бағдарламасымен таныс болсаңыз, онда сізге басқаларында да негізгі жұмысты меңгеру қиын болмайды.

Тақырып жолы

Тақырып жолы Microsoft Word терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Ол көп орын алмасада оның функцисы өте маңызды. Біріншіден, ол бағдарламаның атауын білдіреді, соған қарап сіз осы сәтте қандай қосымшамен жұмыс жасап отырғаныңызды көре аласыз. Екіншіден, бұнда ағымдағы файлдын атауы көрініп тұрады. Егер сіз жұмыс жасап отырған құжат әлі сақталмаған болса, онда файлдың атауының орнында «Құжат1» (нөмірі басқаша болуы мүмкін) деген жазу көрініп тұрады. Бұл атауды құрылған файлға Microsoft Word үнсіз келісім бойынша береді.

Бүктеп қою- бағдарлама терезесін Есептер тақтасына жиып қояды. Сіз оны басқа қосымшаға өту қажет болған жағдайда қолдана аласыз. Word терезесін қайта шақыру үшін Есептер тақтасындағы бағдарлама таңбасына шерту қажет.

Қалпына келтіру/ Жаю(Восстановить/Развернуть)- егер бағдарлама терезесі бүккіл экран бетіне жайылып тұрса, онда осы батырманың көмегімен оның бастапқы өлшемін қалпына келтіруге болады. Сіз қандай режимде жұмыс жасасаңыз соған байланысты батырма түрі өзгереді. Толық экранды режимде екі кішкене төртбұрыш ал бүктеп қою кезінде – бір төртбұрыш көрініп тұрады. Құжат терезесі бүккіл экран бетіне жайылып тұрса оны жиып қояды.

Жабу – бұл команда сізге бұрыннан таныс. Бұл бағдарламаны жабу үшін және оның жұмысын аяқтау үшін қолданылады.

Тақырып жолының батырмалар және жазу жоқ ортанғы бөлігі де функционалды болып келеді. Егер оның кез келген жеріне тышқанмен шертсе, онда бағдарлама терезесін бүккіл экран бетіне жайып қоюға немесе бүктеп қоюға болады (сіздің қандай режимде отырғаныңызға байланысты).

Office батырмасы- бұл Word интерфейсінің жаңа элементі. Бұл батырма Windows Vista бағдарламасындағы Пуск батырмасын еске түсіреді. Office батырмасы да логотипімен және домалақ болып келеді. Егер сіз бағдарламаның бұрынғы нұсқасымен жұмыс жасаған болсаңыз, онда Файл менюінде бар көп командалар осы Office менюінде кездестініне назар аударасыз.

Office менюінің командаларын қолдану арқылы құжатты құруға, ашуға, сақтауға және баспаға беруге болады, оларды электорнды пошта арқылы жіберуге, басқада әрекеттерді орындауға және қасиеттерін қарап шығуға болады.

Лента- бұл Word бағдарламасының бұрыңғы нұсқаларында бар жол менюін және құрал саймандартер панелін алмастыратын Word 2007 терезесінің басты элементтерінің бірі.

Бір қарағанда лента ескі құрал саймандартер панелінен ешқандай айырмашылығы жоқ болып көрінеді, бірақ ол олай емес. Басты айырмашылығы, мұнда командалар тақырыптық қосымшалар арқылы топтастырылған, соның арқасында қажет нәрсемізді оңай тауып алуымызға болады. Мысалы, Word бағдарламасын іске қосқанан кейін үнсіз келісім бойынша активтенетін Басты лентада мынандай бес топ бар- Алмастыру буфері, Қаріп, Абзац, Стилдер және Редакциялау. Әрқайсысына жинақталған командалар мәтінді теру, редактілеу, пішімдеу сияқты жұмыстың алғашқы кезеңінде қажет болады.

Айналдыру жолағы

Құжатты іші бойынша жылжыту үшін көлденең және тігінен айналдыру жолақтары пайдаланылады. Құжатта бет көп болған сайын, тігінен айналдыру жолағының ортасында сырғытпа аз болады. Сырғытпаның орналасқан жері қолданушының құжаттың қай жерінде: басында ма, соңында ма немесе ортасында отырма соны білдіреді.

Айналдыру жолағының көмегімен құжат бойынша жылжыту үшін, тышқанның оң жақ батырмасымен олардың біреуісіне шертіңіз, одан кейін, оны жібермей ұстап, тік жолақтағы сырғытпаны жоғар немесе төмен тартыңыз, ал көлденең жолақтағы сырғытпаны оңға немесе солға тартыңыз. Сонымен қатар сіз құжат бойынша жылжыту үшін жолақтың шетінде орналасқан бағыттауыш түріндегі батырмаларды да пайдалана аласыз.

Құжат бойынша новигациялау үшін тігінен айналдыру жолағының төменгі бөлігінде қосымша батырмалар орналасқан.

Дөңгелек түріндегі батырма өту нысанын анықтайды. Оны басу кезінде керекті нысанды таңдауға мүмкіндік беретін кішкене терезе ашылады. Ол беттер, ескертулер, нұсқамалар, суреттер, бөлімдер, тақырыптар, кестелер, түзетулер т.б. болуы мүмкін. Бағыттауыш түріндегі батырманың көмегімен таңдалған түрдін бұрынғы және келесі нысанына өтуге болады.

Сызғыштар

Тік және көлденең сызғыштар Microsoft Word бағдарламасы интерфейсінің басты элементтері болып саналады. Олардың көмегімен қолданушы мәтіндік өрістің өлшемін бағдарлай алады және оларды өзгерте алады.

Егер сызғыш қажет болмаса оны алып тастауға болады. Ол үшін Түр (Вид) қосымшасына өту қажет және Көрсету немесе жасыру (Показать или скрыть) тобындағы Сызғыш (Линейка) жалаушасын алып тастау керек. Сондай-ақ тігінен айналдыру жолағының жоғарғы бөлігінде орналасқан кішкентай ғана Сызғыш батырмасына шертуге болады.

Қалып- күй жолы

Терезенің төменгі бөлігінде құжат жайлы әр- түрлі мәліметтер бейнеленіп тұратын Қалып- күй жолы орналасқан.

Қалып- күй жолының сол жақ бөлігінен көруге болады:

 Ағымдағы беттің номерін және құжат бетінің жалпы санын;

 Құжаттағы сөздердің санын;

 Ағымдағы құджатта орфографияны тексеру үшін таңдалған тілді;

 Орфографиялық қатенің бар екенін көрсететін батырманы;

Осы барлық ақпараттық болктардың командаларды жылдам шақыру үшін тағайындалған батырмалар болып табылатынын байқауға болады. Беттің саны көрініп тұрған батырмаға басқан кезде құжаттың басқа бетіне жылдам өтуге мүмкіндік беретін Табу және Алмастыру (Найти и заменить) терезесі ашылады.

Сөздің саны көрініп тұратын батырмаға басқан кезде, бос орынмен және бос орынсыз таңбашаларды, абзацтарды, жолдар санын көрестетін құжат статистикасы терезесі ашылады.

Егер тілді көрсетіп тұратын батырмаға шертсе, орфографиясын тексеру үшін ағымдағы құжатта тілді таңдау терезесі ашылады. Орфографиялық қатенің бар екенін көрсететін батырмаға шертсек мәтінде қатесі бар сөз ерекшеленіп көрсетіледі. Сонымен қатар сөзді алмастыруға нұсқалар таңдауға болатын немесе оны орфографияны тексеруден жою үшін контексті меню ашылады.

Көлденең айналдыру жолағының оң жақ бөлігінде құжатты бейнелеу режимдері арасында: Беттерді белгілеу, Оқу режимі, Веб- құжат, Құрылым және Черновик сияқты жылдам ауыстырып қосу батырмалары бар.

Бұдан басқа, мұнда құжатта масштабты өзгерту үшін сырғытпа орналасқан.

– (алу) немесе + (қосу) батырмаларына шерту масштабты 10 пайызға кішірейтеді немесе үлкейтеді. Сырғытпаны жылжыту арқылы масштабты 10 нан 500 пайызға дейін жылдам кішірейтуге немесе ұлғайтуға болады. Масштабтың ағымдағы мәнін көрсетіп тұрған санға шертсек Масштаб терезесі ашылады.

Барлық сипатталған командаларға үнсіз келісім бойынша қалып- күй жолында қатынауға болатынын байқаймыз. Word 2007 бағдарламасында қалып- күй жолына шығарылған командаларды баптауға болады. Ол үшін оған тышқанның оң жақ батырмасымен шертіңіз. Caps Lock пернесін басу арқылы сіз: жол, бөлім, баған нөмерін және басқа да мәліметтердің бейнеленуін қоса аласыз. Сонымен қатар сізге қажет емес командалардың бейнеленуін ажырата аласыз.

Мәтінді енгізу ережелері

Мәтінді енгізер алдында жүгіргіні мәтінді енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер Сіз жаңа құжат ашып отырсаңыз, жүгіргі өз бетімен құжаттың бас жағына орналасады. Мәтіндік процессорлардың көпшілігі сияқты Word мәтінді жолдарға бөліп, сөздер арасында бос орындар қалдырып отырады. Жаңа еже бастау үшін <Enter> пернесін басу қажет.

Мәтінді түгелдей бас әріптермен теру қажет болса, <Caps loсk> пернесін басу керек. Егер мәтінді теру кезінде осы перне қосылып тұрса, әріптердің барлығы бас әріп болып теріледі.

Сөзді бас әріптен бастап теру үшін <Shift> пернесін басып ұстап тұрып, қажетті әріпті енгізу қажет (<Caps loсk> пернесі режімі қосылып тұрмаса).

4 Өтілген сабақты

(материал

ды) бекіту

І. Сергіту сәті:(Бейнебаян арқылы жаттығу жасау)

ІІ.Сұрақ-жауап

Әр топтан капитан командасы құпия қалта ішінен ұяшықтың нөмірін алады. Әр ұяшықта 5сұрақтан берілген.

1-ші ұяшық сұрақтары:

  1. Құжаттарды құру,қарап шығу,өзгерту және басып шығару үшін арналған Microsoft Office жүйесінің құрамына кіретін бағдарлама? (MS Word)
  2. Тышқан көмегімен MS Word бағдарламасын іске қосу? (Тышқанның оң жақ көмекші батырмасын басып, создать- MS Word)
  3. Бағдарламада жұмысты аяқтау жолдары?

 Office батырмасын басып Word бағдарламасынан шығу (Выход из Word) командасын таңдаңыз;

 Alt+F4 батырмалар үйлесімін пайдаланыңыз;

 Бағдарлама терезесінің оң жақ жоғарғы бұрышындағы Жабу батырмасын басыңыз;

  1. Бүктеп қою немесе жиырмалау(свернуть)батырмасының атқаратын қызметі? (Бағдарлама терезесін есептер тақтасына жиып қою)
  2. Office менюінің командаларын қолдану арқылы қандай әрекеттерді орындауға болады? (Құжатты құруға,ашуға,сақтауға және баспаға беруге,электронды пошта арқылы жіберу әрекеттерін орындауға болады)

2-ші ұяшық сұрақтары:

  1. MS Word бағдарламасын іске қосу командалары? (Бастау-барлық бағдарлама- Microsoft Office- Word)
  2. MS Word бағдарламасын онымен байланысатын типтегі файлды ашу арқылы іске қосу? (тышқанның оң жақ батырмасын басып,контексті менюден ашу (открыть)жолын таңдау арқылы)
  3. Жұмыс үстелінде құжат жарлығын құру үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?((Файл-жарлық құру)(Файл-создать ярлык)немесе құрылған жарлыққа шертіп және тышқанның батырмасын жібермей,жарлықты жұмыс үстеліне апарамыз)
  4. Қалпына келтіру немесе жаю (Восстановить/Развернуть)батырмасының атқаратын қызметі?(Егер бағдарлама терезесі бүкіл экран бетіне жайылып тұрса,онда осы батырманың көмегімен оның бастапқы өлшемін қалпына келтіруге болады)
  5. MS Word бағдарламасын жылдам іске қосу жолы?(Жылдам іске қосу панеліндегі Word таңбашасын шерту)

3-ші ұяшық сұрақтары:

  1. Жұмыс үстелінен MS Word бағдарламасын іске қосу? (Word жарлығын екі рет шерту)
  2. Бағдарламадағы жұмысты аяқтау үшін қолданылатын батырма не деп аталады?(Жабу)
  3. Word интерфейсінің жаңа элементі,бұрынғы Word бағдарламасында файл менюінде бар көп командалар осы менюде кездестіретін батырма қалай аталады? (Office батырмасы)
  4. Айналдыру жолағының қызметі?( Құжатты іші бойынша жылжыту үшін көлденең және тігінен айналдыру жолақтары пайдаланылады.)
  5. Мәтін енгізу ережелері? (Мәтінді енгізер алдында жүгіргіні мәтінді енгізу орнына апарып, мәтінді қай жерге енгізетініңізді көрсету қажет. Егер Сіз жаңа құжат ашып отырсаңыз, жүгіргі өз бетімен құжаттың бас жағына орналасады.)

ІІІ. MS Word терезесінің элементтерін жаз

ІV. Практикалық жұмыс:

  1. MS Word мәтіндік процессорын іске қос.

Орындалатын әрекеттер:пуск(бастау)-все программы(барлық бағдарламалар)- MS Office- MS Word.

  1. Мәтінді теріп жаз.

Сызғыштар

Тік және көлденең сызғыштар Microsoft Word бағдарламасы интерфейсінің басты элементтері болып саналады. Егер сызғыш қажет болмаса оны алып тастауға болады. Ол үшін Түр (Вид) қосымшасына өту қажет және Көрсету немесе жасыру (Показать или скрыть) тобындағы Сызғыш (Линейка) жалаушасын алып тастау керек. Сондай-ақ тігінен айналдыру жолағының жоғарғы бөлігінде орналасқан кішкентай ғана Сызғыш батырмасына шертуге болады.

Орындалатын әрекеттер:Мәтінді қою қылып жазу үшін пішімдеу панеліндегі Ж әріпшесін басу.Тіл ауыстыру үшін: Жұмыс үстелінің төменгі жағында орналасқан, тапсырмалар тақтасындағы тіл ауыстыру батырмасын шерту. Мәтінді қисық қылып жазу үшін пішімдеу панеліндегі К әріпшесін басу. Мәтіннің астын сызып жазу үшін пішімдеу панеліндегі Ч әріпшесін басу.

  1. Құжатты өз атыңмен сақтап,жап.
5 Үйге тапсырма Бүгінгі өтілген тақырыпты интернет желісінен алып, конспект жазу және оқу
6 Сабақ/оқу қорытын

дысын жасау, бағалау

Оқушылардың сұрақтарына жауап беру

Пән оқытушысы___________Ж. Асанқанова

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше