«Асанқайғының жерге айтқан сыны»
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
| Сабақ тақырыбы:
«Асанқайғының жерге айтқан сыны» |
Мектеп: Ақтөбе қаласы № 8 орта мектеп | |||
| Күні: 19.10.2018жыл | Мұғалімнің аты-жөні: Досбаева Жумагүл Ораковна | |||
| СЫНЫП:6 | Қатысқандар:25 | Қатыспағандар:0 | ||
| Сабақнегізделгеноқу
мақсаты (мақсаттары) |
Т-Ж5.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу. | |||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады:
мәтінді оқиды, комментарий жасайды. |
|||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
мәтінге дұрыс комментарий жасайды, рөлге бөліп оқиды. |
||||
| Кейбір оқушылар орындай алады:
мәтінді іріктеп оқиды,алынған ақпаратқа өзіндік пікірін білдіреді. |
||||
| Тілдік мақсат | Оқушылар орындай алады: мәтінді оқиды ,комментарий жасайды, ақпаратты анықтады, пікірін білдіреді. | |||
| Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:
Әсем табиғат, көрікті жер,туған өлке,тамаша көрініс т.б |
||||
| Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: менің ойымша…, сіздің пікіріңізше…,олай болса…,қорыта айтқанда т.б | ||||
| Талқылауғаарналғансұрақтар:
1.Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесің? 2.Не себепті көрікті деп ойлайсың? 3.Туған жеріңдегі қандай көрікті жерлерді білесің? |
||||
| Бағалау критерийлері | 1.Мәтінді оқу (іріктеп, рөлге бөліп)
2.Тұжырым жасау 3.Өзіндік пікірін (комментарий) білдіру |
|||
| Құндылыққа баулу | «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын негізге ала отырып ,табиғатты қорғауға, көрікті жерлерді бағалауға,ынтымақтастықты,ашықтықты калыптастыруға тәрбиелеу. | |||
| Пәнаралық байланыс: | Тарих,география, өзін –өзін тану т.б | |||
| Алдыңғыоқу:«Орамал тастау ойыны» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау, ширату.
(3 мин) |
||||
| Жоспар | ||||
| Жоспарланған
уақыт |
Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||
| Басы 7мин | Ойшақыру.
Оқушыларға«Қазақстанның көрікті жерлері» тақырыбында видео слайд көрсетіледі.Слайдта кездескен көрікті жерлер арқылы оқушылар «Баянауыл»,«Есіл»,«Сарыарқа» үш топқа бөлінеді. |
интер белсенді тақта | ||
| Ортасы 20 мин | ТЖ І тапсырма
Асанқайғының Жерұйықты іздеуі (оқылым мәтіні) Асанқайғы желмая мініп желдіртіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен: Ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарыным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер»,— екен депті.Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен»,— деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үш қара» атанған екен таудың аты.Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен»,— депті.Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен»,— депті.Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен»,— депті.Шідерті деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Бос жылқы шілдерлеп қойғандай тоқтайтын, жылқының қонысы екен»,— депті.Өлеңті өзенін көргенде, тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. «Неге үндемейсіз?» — дегенде, аз тұрып: «Өлеңтінің суы — май, Шідертінің шөбі — май»,— деп жүре беріпті.Сілентіден өтіп Жалаңаштың тұзына барғанда: «Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің»,— депті.Есіл өзенін көргенде: «Жары мен суы тең, жарлысы мен байы тең болатын жер екен»,— депті.Нұраның бойын көргенде: «Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен»,— депті.Торғай өзенін көргенде: «Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен»,— депті.Терісаққан деген өзенді көргенде: «Сарыарқаның тұздығы екен»,— депті.«Жеті қоңырды көргенде: «Сарыарқаның маусымы екен»,— депті.Ұзын аққан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қара тауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен»,— депті.Сулы Келес, Ңұрлы Келес өзендерін көргенде: «Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін. Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен»,— депті. «Екі түрлі түсініктеме күнделік» әдісі
1-топ. Мәтінді іріктеп оқып,негізгі ақпаратты тап, өзіндік пікіріңді жаз 2-топ.Мәтінді оқы ,комментарий жаса 3- топ. Мәтінді рөлге бөліп оқы, өзіндік тұжырым жаса Дескриптер:
Кері байланыс: «Субұрқақ» әдісі арқылы бағаланады ІІ тапсырма. Ж. «Ромбтық жіктелім» әдісі.Мәтіндегі ең маңызды, жеткілікті түрде маңызды, онша маңызды емес, ең бір маңызы аз элементтерді жазады. Дескриптор:
Кері байланыс : «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады |
|||
| Соңы 10 мин | Бекіту.«Қызық. Құнды. Қиын» әдісі арқылы кері байланыс жүргізеді
Сабақ барысында қызық, қиын, құнды болған ақпарат арқылы ой жинақтау жүргіземін. Рефлексия.«Бес саусақ» әдісі бойынша кері баланыс жүргіземін |
|||
| Қосымша ақпарат | Өз туған өлкесінің көрікті жерлері туралы деректер жинақтау | |||
| Саралау – оқушыға
мейліншеқолдау көрсетудіқалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушығатапсырманы қалайтүрлендіресіз? |
Бағалау – оқушыбілімін
тексерудіқалай жоспарлайсыз? |
Пəнаралықбайланыс –
Денсаулықжəнеқауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтарменбайланыс (тəрбиеэлементі). |
| Білім алушылардың қажеттігі қамтамасыз ету мақсатында оқу мақсатына негізделген саралау тапсырмаларын ұсынамын.
Деңгейлік тапсырма:білім алушының А Б С деңгейіне сай беріледі. А деңгейіндегі білім алушы ойлау қабілетін дамыту мақсатында мәтінде берілген негізгі пікірді іріктей отырып,өз сыни пікірін жазуға бағыттаймын.В деңгейдегі білім алушылар Мәтін мазмұны арқылы комментарий айтуға негіздеймін.Не себепті |
Сабақ барысында ынтымақтастықты қалыптастыра отырып,өзін және өзара бағалай білуі қажет.Бағалау түрлері : «Субұрқақ»,«Екі жұлдыз бір тілек»,«Бес саусақ»,«Қызық.Қиын.Құнды»
т.б әдіс -тәсілдері арқылы оқушылар жауабының нақтылы,дұрыс ,жүйелі берілгенін,сабақ барысында «Сіз құнды пікір айттыңыз», «Сіздің жауабыңыз нақты болды»т.б сөздері білім алушының ішкі уәжін ынталандырып, сенімділікке жетелейді.Әйтсе де…, дегенмен…,дей келе…т.б сөздер арқылы білім алушының ізденуіне , алға қарай білімін жетілдіре түсуіне ықпал етемін. |
Тарих,География,Өзін-өзі тану пәндерін байланыстырдым. АКТ-ны пайдалана отырып,«Қазақстанның көрікті жерлері» саяхат жасады.«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясын негізінде табиғатты қорғауға, көрікті жерлерді бағалауға,ынтымақтастықты,ашықтықты калыптастыру қарастырылды.Бірін –бірін құрметтеу,сыйлау т,б арқылы білім алушы түсінігін қалыптастыру. |
| Рефлексия
Сабақтыңмақсаты мен оқу міндеттері орындалдыма? Бүгіноқушылар не үйренді? Сабаққалайөтті, қандайдеңгейде өтті? Жоспарланған саралаужақсы іскеастыма? (тапсырмалар сəйкесболдыма?) Уақыттықалай пайдаландым? Жоспарыма қандайөзгеріс енгіздімжəне неге? |
Сабақ мақсатыны нақты,жүйелі құрылған.Білім алушы тапсырмаларды түсініп,қызығушылықпен орындады.Ынтымақтастық,,бірлесе оқуды қалыптастырды.Бірінің ойын бірі тыңдау,бірін – бірі қадірлеп құрметтеуді уйренді.Оқу мақсатына сәйкес алынған А Б С деңгейлі тапсырмалары білім алушының оқу жетістігінің дамуы мен алаға қарай ізденуге жол ашты.Әр топ тапсырмадан соң, бірін бірі бағалады, рефлексия жасады.Бұл бағалау білім алушы жауабына нақтылы, тиімді болды.Білімдерін саралап дағдыны қалыптастырды.Сабақ мақсатына сай өте жақсы жоспарланып, көптеген ақпараттар ала отырып , қызығушылығы арта түсті. | |
| Қорытындыбағалау
Еңжақсыөткенекінəрсе (оқыту мен оқуғақатысты) 1:Смарт мақсат негізінде сабақ жоспарға сай болды. 2:«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісімен орындалған тапсырма жүйелі болды. 1:Мәтін мазмұнына сай сыни пікірлері өте нақты берілді. 2:«Ромбтық жіктелім» әдісі өте маңыздылығы жоғары тапсырма болды. Қандайекінəрсенемесетапсырмасабақтыңодан да жақсыөтуінеықпалынтигізереді (оқытумен оқуғақатысты)? 1:Мәтін мазмұнына сай сыни пікірлері өте нақты берілді. 2:«Ромбтық жіктелім» әдісі өте маңыздылығы жоғары тапсырма болды. Осы сабақтыңбарысындабарлықсыныпнемесежекелегеноқушыларжөніндекелесі сабағымақажетболуымүмкінқандайақпаратбілдім? 1:Мәтін мазмұнына сай сыни пікірлері өте нақты берілді. 2:«Ромбтық жіктелім» әдісі өте маңыздылығы жоғары тапсырма болды. |
||
