«Көжекті жасыр»
ШҚО, Аягөз қаласы «№ 1 бөбекжай-балабақша» КМҚК
Балабақша тәрбиешісі Сайдрахметова Гульбахыт Кабидоллаевна
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Сенсорика.
Тақырыбы: «Көжекті жасыр»
Мақсаты: 1. Суреттердің ішінен екі берілген нысанды таңдауға үйрету; түстері бойынша нысандарды топтастыру дағдысын бекіту;
- қызыл, сары, көк, жасыл, түстермен балаларды таныстыруды жалғастыру; саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
-
Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: ойыншықтар: түлкі, қоян; қорап; ортасынан екі түске бөлінген карточкалар («алаңқайлар»): қызыл — көк, көк —сары, сары – жасыл, жасыл – қызыл (бір-бірден әр балаға, оқу іс-әрекеті барысында карточкалармен ауысуы мүмкін); көжектер: әp балаға 12 данадан (әр түстен 3 дана).
Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері
Педагогтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық- қозғаушылық
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Ойындық жағдаят.
Есік қағылады, есіктің алдында қораптұр.
-Балалар, қораптың ішінде бір
нәрсе тықырлататын сияқты, кәне
қарайықшы.
- Ой, бұл не?
Қараңдар, оның үсті су, көжекті иесі жаңбыр астында ұмытып кетіпті.
Ал ойыншықты жаңбыр астына калдыруға бола ма? Кәне, көжегімізді еркелетіп, оған ол туралы тақпақ айтып берейік.
Тыңдаңдар:
Мен кішкентай көжекпін,
Қорқақ емес – өжетпін.
Маған зорға тигені-ай,
Үлкендерден кезектің.
-Көжекке сәбилер тобында қонақта болғаны ұнағаны соншалық, ол тіпті өзінің достары – кішкентай көжектерді шақырады.
-Балалар, сендердің көжектеріңнің түсі қандай?
Көжектің айтуы бойынша, осы маңда қу түлкі жүрген сияқты.
Ол көжектерді ұстап алғысы келеді. – Кәнеки, біз оларды алаңкайға тығып кояйық (түрлі түсті қатты қағаз беттерін көрсетеді).
-Қараңдаршы, қандай алаңқайда түлкі қызыл көжегімізді байқамай қалады?
- Қызыл алаңқайда ма, жасыл алаңқайда ма?
-Демек, бізге көжекті дәл оның түсіндей алаңқайға жасырып қою керек.
Тезірек өз көжектеріңді тығып қойыңдар, ал түлкі оларды іздейтін болады.
-Міне, қалай жақсы етіп көжектеріңді тығып қойғансыңдар, тіпті түлкі оларды таба алмай қалды. Ал қалған көжектер орманға қашып үлгереді, түлкі оларды таба алмай қалатын болды.
Сөздік жұмыс: ұзын құлақ.
Жеке жұмыс жүргізеді
Қызығушылықтары туады.
Бұл – көжек.
Балалар аяушылық
білдіреді.
Тақпақты мұқият тыңдайды.
- Сары, жасыл, қызыл, көк.
Қызылда.
Балалар төрт түстін, ішінен тек керек екеуін таңдай отырып, көжектерді тығып қояды.
Қайталайды: ұзын құлақ.
Рефлексиялық-түзетушілік
Түлкі және көжектер» дидактикалық ойыны.
-Ал енді ойын ойнайық, мен түлкі боламын, ал сендер көжек боласыңдар. Түлкі сендерді қуу керек, ал сендер
-көжектер, менен қашып, тығылып қалуларың керек.
Балалардың барлығы «көжек» болып түлкіден тығылады.
Күтілетін нәтижелер:
-
төрт мүмкіндіктің ішінен екі берілген түсті нысанды топтастыруды және салыстыруды біледі;
-
орман аңдары туралы түсінікті: түлкі, қоян туралы игереді;
-
негізгі түстерді: қызыл, көк, сары, жасыл түстерді; педагогтің көрсетуі бойынша әрекет етудімеңгереді.
