Жаңа сабақтар

Мен және қоршаған орта. К к дыбысы мен әрпі

Пәні:Сауат ашу Мектеп: №8

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 Тақырыбы: Бізді қоршаған әлем

Күні: 12.12.2018ж Мұғалімнің аты-жөні: ЕЩАНОВА АЛИЯ НАУРЫЗБАЕВНА

Сынып: 1 «б » Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Мен және қоршаған орта. К к дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: 1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.

Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:Әріпті таниды, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіреді. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап жазады.

Көптеген оқушылар:Жиі кездесетін сөздерді тұтас, түсініп оқуды қолдананады, әріпті дыбыспен сәйкестендіріп, элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

Кейбір оқушылар: Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады.

Бағалау критерийлері 1. К әрпін танып, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

2. Жиі кездесетін сөздерді тұтас, түсініп оқуды қолдананады

3.Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады.

4. Берілген сюжетті сурет бойынша тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құрап айтады.

Құндылықтарды дамыту Бір-біріне құрметпен қарау, қамқорлық таныту; табиғат, қоршаған ортаны аялау;
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану: «Жануарлар», «Өсімдік» тарауы бойынша (терек, елік, кесіртке, ешкі, күшік сөздерін оқу, мағынасын түсіну)

Дүниетану: «Мерекелер» тақырыбындағы мереке сөзін оқу, түсіну.

Бастапқы білім Оқушылардың дыбыс, буын, сөз, сөйлем туралы алғашқы ұғымдары мен түсініктері бар; сызба-үлгілерді қолдана отырып, сөзге дыбыстық талдау жасай алады; дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата алады; сөздерді буынға бөлу дағдылары қалыптасқан; өтілген дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу машықтары бар. Қоршаған орта, табиғат туралы ұғымдары бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс- әрекет Ресурстар
Бастапқы кезең

5 минут

Психологиялық дайындық: «Ыстық лебіз»

Оқушылар шеңберге тұрып бас бармағын көршілерінің бас бармағына тигізіп «Саған», сұқ саусағына тигізіп «барлық», орта саусағын тигізіп «бастамаңа», аты жоқ саусаққа тигізіп «сәттілік», шынашаққа тигізіп «тілеймін!» деп алақандарын түйістіріп «Сәлем!» деп хормен айтады.

Ой ширата отырып , өткен сабаққа шолу жасалады.

Ал, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

1. Жұп – жұмыр тоны бар ,

Инеден тоны бар.
Түйреген түрпі
Бұл не?

(Кірпі)

2. Ақ сандығым ашылды
Ішінен күн шашылды.

(Күн)

-Бұл сөздер кандай әріптен басталып тұр ?

— К дыбысы мен әрпі

-Өткен сабақта біз қандай әріппен танысып едік?

— К әрпі

-К дыбысы қандай дыбыс ?

-Дауыссыз дыбыс.

-К дыбысын қандай үйге қоныстанып енді?

— көк үйге.

Ойын «Сөз құра».

Алғашқы дыбыстарын атап, жаңа күшік сөзін шығарып алу.

ҰЖ. Тапсырма №1: Күшік сөзіне дыбыстық талдау жаса. К дыбысының орнын анықта.

к к

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі бойынша өзін-өзі бағалайды.

Сабақтың ортасы

32 минут

Бағалау критерийі:

  1. К әрпін танып, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Тыңдалым. БО «Нұсқау беру жəне айту»

Әріпті меңгерту үшін «Сөзді тап» әдісін қолданамын.

(МК) Балаларға «Ата ақылы» аты аудиожазбаны тыңдату.

-Бұл өлең бе, әлде әңгіме ме?

-Өлең екенін қалай ажыратуға болады?

Өлеңде к дыбысы кездескен сөздер бар ? Атайықшы..

(Электрондық оқулықпен жұмыс)

ҰЖ. Тапсырма №2: Суретке сәйкес сөздерді тауып, оқы. Суретпен сәйкестендір.

к е м е к е с е т е р е к е ш к і
ш е л е к

Дескриптор:1. Күшік сөзіне дыбыстық талдау жасайды, к әрпінің орнын анықтайды.

2. Суретке сәйкес сөзді табады.

3. К дыбысы бар сөздерді дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Кері байланыс: «Бағдаршам» әдісі бойынша өзін-өзі бағалайды.

Бағалау критерийі:

  1. Жиі кездесетін сөздерді тұтас, түсініп оқуды қолдананады.

ЖЖ«Ойлан-тап» ойыны.

кіші ? ескі ?

Дескриптор:

1. К әрпі бар сөздерді тұтас оқиды.

2. Сөздердің мағынасын түсінеді.

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі бойыншабір-бірін бағалайды.

БО: «Түсіндіру жəне сипаттау»

К әрпінің элементтерін меңгерту мақсатында «Ресурстарды саралау» әдісін қолданмын.

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру (фасоль бұршақтары, таяқшалармен жұмыс барысында)

Жазу барысында ережені еске түсіру.

Тапсырма №3

1.Алдарындағы заттардан К әрпін құрастырындар. (Ресурсты саралау тәсілі: алдарындағы түрлі заттарды пайдаланып К әрпін құрастыру )

Дескриптор:

1. Түрлі материалдардан «К» әрпін құрастыра алады.

2. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жаза алады

Кері байланыс: «Смайлик» әдісі бойынша жұбынбағалайды.

Сергіту сәті:

Көбелек-ау, көбелек,

Әдемісің керемет!

Гүлге келіп қона ғой,

Өзін де гүл бола ғой.

ҚБ . Қалыптастырушы бағалау.

КЕСЕ , ЕШКІ.Сөздерге дыбыстық талдау жасайық.

Бағалау критерийі:

4.Берілген ребус бойынша тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрап айтады.

1. К + = КИТ

2. +рек= үйрек

3. + сұлу =Күнсұлу

БО «Зерделеу жəне зерттеу»

Тәсіл: «Тапсырмаларды саралау»

Сабақты бекіту тапсырмасы:

Суреттегі бейнеленген заттардың әркайсысын ата.

Бұлардағы ортақ нәрсе не?

Дескриптор: К дыбысы бар сөздерді жылдам атайды.

Оқулық

Электрондық оқулық

Оқулық

Суреттер және сөздер жазылған үлестірме қағаздар.

Оқулықпен жұмыс

Таяқшалар, жіп, ермексаз, фасоль бұршақтары

Дәптермен жұмыс

Смайлик

қиын болды түсіндім

қызық болды

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс. «Түсті құлып» тәсілімен өз-өзін бағалау. Алдарындағы 3 түсті құлыптың тұсына кілтті жабыстырады.

Ақ құлып Қызыл құлып Қара құлып
Тақырып бойынша білімді толық меңгердім, түсіндім. Толық аштым Ақпараттың ішінде әлі оқуым керек нәрселер бар, толықтыруым керек. Құлыпты жартылай аштым Түсінбедім.

Құлыпты аша алмадым.

3 түсті құлып пен кілттердің

қима суреттері

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдану көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
«Бас бармақ» тәсілімен: бас бармақты жоғары көтерсе – тамаша! –барлығы түсінікті, жанына қойса – жаман емес- айтуы орташа, төмен түсірсе – нашар – тақырыпты аша алмады..

Бағдаршаммен бағалау әдісі: «Жасыл» — барлығын түсіндім, «Сары» — кейбір тапсырманы түсіндім, «Қызыл» — түсінбедім.

«Түсті құлып» бағалау тәсілімен өз-өзін бағалайды.

Таяқшалармен, фасоль бұршақтарымен жұмыс жасағанда абай болуды, ауызға салмауды ескерту.

Жазу барысында денені түзу ұстау, дәптер мен көздің арақашықтығын сақтау, дәптерді көлбеу қоюды еске түсіру

Сергіту сәтін жазба жұмысынан соң ұйымдастыру

Сабақ бойынша рефлексия Оқу мақсатына қол жеткізу үшін белсенді оқытудың

«Түсіндіру және сипаттау», «Зерделеу және зерттеу» тәсілдерін қолдандым. Әріпті меңгерту үшін «Сөзді тап», қарама-қарсы мағыналас сөздерді табу «Ойлан тап », сурет бойынша әңгіме құрауда «Тапсырмаларды саралау» әдісін қолдандым. Қалыптастырушы бағалау кезінде әр тапсырма соңында «Бағдаршам» әдісімен өзін-өзі бағалау, «Смайликтер» арқылы жазба жұмыстарын, ширату барысында ауызша қолдау көрсету, суретпен жұмыс соңында «Бас бармақпен» бір-бірін , сабақ соңында оқушылардың білімді қаншалықты игергенін кері байланыс ретінде «Түсті құлып» әдісі бойынша өздеріне бағалаттым.

Жалпы баға

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.