Жаңа сабақтар

Cабақ тақырыбы: Қыс айлары

Астана қаласы «№ 28 мектеп-лицейі» ММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Шакенова Сагым Сагатовна

Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3-бөлім «Уақыт»

Күні: 21.11

Сынып: 3

3-сабақ

Мектеп: Астана қаласы № 28 мектеп-лицейі

Мұғалімнің аты-жөні: Шакенова С.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Қыс айлары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 4.2. тыңдаған/оқыған материалдың мазмұнын жазу

3.4.2.1. оқыған /аудио/ бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу

Сабақ мақсаттары Оқушылардың барлығы:

Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен жазады.

Оқушылардың көпшілігі:

Оқыған мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады.

Оқушылардың кейбірі:

Оқыған мәтіннің мазмұнын өз бетінше жазады, тірек сөздерді орынды қолданады.

Бағалау критерийлері
  • Тыңдаған / оқыған материалдың мазмұнын тірек сөздер арқылы жазады.
Лексикалық минимум Желтоқсан, қаңтар, ақпан, күн, күндіз, түн, ұзақ, қысқа, боран соғады.
Грамматикалық минимум Жай және құрмалас сөйлем
Құндылықтарды дарыту Қыс уақытының ерекшеліктерін ұғындыру
Пәнаралық байланыстар Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Power Point таныстырылымы
Бастапқы білім 2-бөлім:
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру. «Шаттық шеңберіне» тұрады, бір- біріне тілек айтады. Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.

1-топ: қызыл

2-топ: жасыл

3-топ: сары

Өткен сабақ бойынша сұрақтарға жауап береді.

Ой шақыру

Оқушылар сабақ тақырыбын сурет, жұмбақ арқылы анықтайды.

  • Балалар, бұл суреттен нені байқадыңыздар?

Аяз болып,
Боран соғып,
Ағаштар қар жамылып,
Өзендер мұз болып қатады.

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін;
  • мәтіннің мазмұнына қатысты ойымды айтамын, сұрақ құрастырамын;
  • суреттердің көмегімен мәтін құрастырамын;
слайд
Сабақтың ортасы

28 мин

Мағынаны тану

(МК,Ұ) Жаңа сөздерді меңгерту

Айтылым. Интербелсенді тақтадан жаңа тақырыпқа қатысты сөздермен таныстырылады, оқиды, оқушылар қайталайды. Жаңа сөздер:

  • желтоқсан
  • қаңтар
  • ақпан
  • күн
  • күндіз
  • түн
  • ұзақ
  • қысқа
  • боран сағады

Ассоциация құру. ( Интербелсенді тақтада)

Оқулықпен жұмыс. Оқылым. Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырмадағы мәтінді оқиды, аударады. Мұғалім тақырып бойынша сұрақтар қояды.

(Ө) Жазылым. 4-тапсырма. Сөздерді мағынасына қарай сәйкестендіріп, сөз тіркесін құра.

1. Қар а. қыс болады

2. Боран ә. айлары

3. Күн б. соғады

4. Түн в. ойнайды

5. Қыс г. ұзақ болады

6. Күндіз ғ. жауады

Дескриптор:

  • сөздердің мағынасын түсінеді;
  • сөз тіркестерін құрайды.

Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі.

Сергіту сәті. ( Іс-әркетті қимылмен көрсету.)

(Ұ) Топтық жұмыс

Тапсырма: 1- топ: мәтіннен не істейді? сұрағына жауап беретін сөздерді табады.

2- топ: мәтін мазмұны бойынша суреттерді орналастыру.

3- топ: мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыста күн суық болады. Қар жауады, аяз болады. Боран соғады. Күндіз балалар қармен ойнайды. Шаңғы, шана тебеді. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болады.

Дескриптор:

  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;
  • Суреттерді орналастыра алады.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс: «Мадақ сөздер» арқылы жүргізіледі.

слайд

Таратпа материалдар

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау. Сұрақтарға жауап беру арқылы аққала құрастырады.

1. Қыс айларын ата?

2. Қаңтар қыстың нешінші айы?

3. Желтоқсан қыстың нешінші айы?

4. Ақпан қыстың нешінші айы?

5. Қыста ауа райы қандай болады?

6. Қыста балалар не істейді?

Рефлексия

жақсы, көңілді

орташа

төмен

Үй жұмысы. Оқулықтағы «Кел, жаттайық!» жаттау.

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалай алады.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.