Жаңа сабақтар

«Жарқыраған жаңа жылым қош келдің»

Атырау облысы, Атырау қаласы

МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасының

тәрбиешісі Омарова Нұрби

Тақырыбы: «Жарқыраған жаңа жылым қош келдің»

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, жаңа жылтуралы түсінік бере отырып мереке екенін сезіндіру. Әндерін.тақпақтарын айтқызу,билерін билету.Шыршаға назар аударту,қандай әсем,әдемі безендірілген айту.

(Балалар залға әуенмен кіреді.)

Нұрби: Құрметті ұстаздар ,бүлдіршіндер!Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Жаңа күндей ән қылып

Тек жүреміз сән қылып

Көңілдердей қартайып

Шырша тұрар мәңгілік- дей келе,бүгінгі «Балапан» тобының «Жарқыраған жаңа жылым қош келдің» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Нұрби:

-Балалар,қарандаршы айналаның барлығы әдеміленіп кеткен солай емеспе ?

-Иә

-Ендеше біз қандай мерекені тойлағалы жатырмыз?

-Жаңа жыл мерекесін

Енеше балалар қанекей қонақтарымызға арнап жаңа жыл мерекесіне арналған тақпақтарымызы айтып берейік

Тақпақ : К.Нұрали. Ануар. Наурызбек . Нұраулет. Ақбілек

К.Нұрали: Жылдың әнін бастайын

Аяз ата кеп қалды

Майысады жас қайын

Көтере алмай көп қарды.

Ануар: Шыршамызда қаншама

Түрлі-түсті шырақтар

Күлгін түсті шырақтар

Жарқыраған алтын бар

Наурызбек:Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса

Нұрдаулет: Жаңа жыл,жаңа жыл

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр

Ақбілек: Жаңа жыл келгенде

Қуанып қарсы аламыз

Аяз ата келгенде

Билейміз, ән саламыз

Нұрби:

  • Жарайсыңдар балалар .Балалар мен сендерге тағыда сұрақ қойғым келіп тұр
  • Балалар казір жылың қай мезгілі?
  • Қыс
  • Ал,қыс мезгілінде далада аппақ болып не жауады?
  • Қар
  • Ал, біз қардан не жасаймыз?
  • Аққала
  • Жарайсыңдар балалар, ендеше қонақтарымызға аққала әнімізді айта отырып аққаламызды қалай жасалу керектігін көрсетіп беремізбе?
  • Иә

Ән: «Аққала»

Нұрби :

  • Жарайсыңдар балалар бізге қонаққа аққала келіп қалыпты қанекей қол соғып қарсы алайық.

Аққала:Сәлеметсіңдерме балалар,мен-Аққаламын!Сендерге мереке болып жатырғанын естіп,сонау алыстан ,борандатып келіп қалдым,бәрін сондай әдемі болып кетіпсіңдерғой!

Нұрби: Қош келдің Аққала! Бүгін біз жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз,сен бізге қонақ бол,біздің балалардың өнерлерін тамашалаңыз!

Би: «Ақшақар»

Аққала:Жарайсыңдар балалар өте өнерлі балалар екенсіңдер.Балалар мен өзіммен бірге сендерге ойын ала келдім,канекей барлығымыз ойын ойнаймызба?

-Иа

Ендеше барлығымыз «Қар жинау» ойынын ойнайық.

Ойын: «Қар жинау»

Ойын шарты:Қапшық ішінде аппақ қарларды жерге шашамыз барлық балалар ортаға шығып қапшық ішіне қарларды қайтадан салып жинайды ойын 2-3 рет қайталанады.

Аққала: Жарайсыңдар балалар өте шапшаң епті балалар екенсіңдер.Балалар мен көп тұрсам еріп кетемін ендеше менің кететін уақытым болып қалды сау болыңдар балалар! (Аққала қоштасады)

Нұрби:

  • Балалар маған айтындаршы жаңа жыл мерекесіне бізге қонаққа кімдер келеді?
  • Аяз ата мен Ақшақар
  • Жарайсыңдар балалар ендеше Аяз ата мен Ақшақарды қол соғып қарсалайық.

Аяз ата:Амансың ба, ұлдарым

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Ақшақар:Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Сәлеметсіңдер ме, балалар.Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Нұрби:Салеметсізбе Аяз ата,Ақшақар қош келдіңіздер.Біздер сіздерді көп күттік,біздер жаңа жыл мерекесін тойлап жатырмыз.Сіздер алыс жолдан шаршаған боларсыздар канекей жайғасып, біздің балаларымыздын өнерлерін тамашалаңыздар.

Тақпақ:Нұрасыл, Дінмұхаммед, С. Нұрали

Нұрасыл:Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.

Дінмұхаммед:Жаңа жыла балалар

Тек қуаныш көріңер

Ауырманар ешқашан

Мықты болу өзіңнен

С.Нұрали: Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.

Аяз ата:Жарайсыңдар балалар өте өнерлі балалар екенсіңдер,ой балалар сендердің шыршаларың өте көңілсіз болып жарқырамай тұр ғой,канекей барлығымыз менің сиқырлы таяқшаммен сиқырлы сөзді айтып шыршамызды жарқырата түсейік Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)(шырша жарығы жағылады)
Нұрби: Аяз ата сізге көп көп рахмет біздің шыршамыз жарқырап мерекеміз одан сайын көңілдене түсті.Ендеше, Аяз атамыз бен ақшақарымызға арнап биімізді берейік.

Би: «Аяз ата» биі.

Аяз ата: Жарайсыңдар балалар өнерлерін өте қатты ұнады енді біздің кететін уақытымыз болды бізді сендер сияқты кішкентай бүлдіршіндер күтіп отыр.Мен сендерге сыйлық алып келдім, сыйлықтарыңды апайларыңа табыстаймын топқа барғасын барлығына береді. Балалар сау болыңдар!

Нұрби: Балалар біздің қонақтарға арнаған тағыда бір әнімізді айтып берейікші.

Ән: «Жаңа жыл»

Нұрби: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды арайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт, шаттық, бөлесін бар маңайды- дей келе бүгінгі «Балапан» тобының жаңа жылдық ертеңгілігі аяқталды.
Уақыт бөліп келгендеріңізге көп көп рахмет, тағыда жаңа жыл мерекесімен сіздерді құттықтаймын қош сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.