Жаңа сабақтар

«Ертегілер еліне саяхат»

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №56 «Жұлдыз» бөбекжайы

Тәрбиеші: Имангалиева Асель

Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»

Мақсаты: Балаларды ертегі әлеміне қызығушылық танытып, кейіпкерлерге көмек беруге, олардың іс-әрекетін бағалауға үйрету. Балаларды түрлі тапсырмаларды орындай білуге, сұрақтарға жауап беруге үйрету. Балалардың тілдік қорларын, ой-лау дағдыларын, танымдық қабілеттерін дамыту. Балаларды ертегі желісі арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Саяхаттау, әңгімелеу, көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, тапсырмалар, слайд арқылы түсіндіру.

Сөздік жұмыс: Қолғап-рукавица, ата-дед, күшік-собака, тышқан-мышка, бақа-ля-гушка, көжек-заяц, түлкі-лиса, бөлтірік-волк, аю-медведь.

Көрнекіліктер : Интерактивтік тақта, слайд, кейіпкерлер.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері: Қуан шаттан, алақай! Қуанатын келді күн! Қайырлы таң, қайырлы кун! Күліп шықты күн бүгін! Сәлеметсіз бе! Амансыз ба! Бәріміз күндей жарқырайық! Бәріміз дос болайық! Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Енді орысша амандасайықшы. Добрый утро, всем нам! Добрый утро, всем гостям! Тәрбиеші: Жарайсыңдар, енді ағылшынша амандасайықшы. Good morning, good morning, Good morning to you. Good morning, good morning I am glad to see you. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ормандағы табиғат дыбысы естіледі, құстардың дауысы шығады. Тәрбиеші: Балалар ненің дыбысы естіледі? Балалар:Құстардың дыбысы. Тәрбиеші: Дұрыс, осы құстардың берген сұрақтар бар екен. Сұрақтарына жауап берейік. Балалар бір-бірден шығып сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар: 1.Бір аптада неше күн бар? 2.Бір жылда неше мезгіл бар? 3.Қыс мезгілінде неше ай бар? 4.Қандай ертегілер білесіңдер? Балалар: «Бауырсақ», «Үш торай», «Үш аю», «Маша мен аю», «Қызыл телпек», «Мақта қыз бен мысық», «Шалқан», «Түлкі мен тырна», т.б. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, бүгін мен сендерге «Қолғап» ертегісін әңгіме-леп, оқып беремін. Ал сендер мұқият тыңдаңдар.

Ертегіні әңгімелеу слайд арқылы. Тәрбиеші: Балалар, сендер осы ертегіні сахналап ойнағыларың келе ме? Балалар: Ия. Тәрбиеші: Ендеше біз орманға барамыз. Ал орманға біз немен барамыз? Сиқыршы шығады. Сиқыпшы: Сәлеметсіз бе балалар, қайда бара жатырсыңдар? Балалар: Орманға. Тәрбиеші: Біздер орманға барайын деп едік, бірақ оған немен барамыз? Сіз біз-ге көмектесе аласыз ба? Сиқыршы: Әрине, көмектесемін, менің сиқырлы кілемім бар. Орманға сиқырлы кілеммен саяхатқа барамыз. Бәріміз сиқырлы кілемге отырамыз, көзімізді жұма-мыз. Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы біздер қайда келдік? Балалар: Орманға келдік. Ормандағы табиғаттың дыбысы естіледі. Тәрбиеші: Міне балалар, біз ормадамыз. Орман іші салқын, ағаштар қар жамыл-ған, өте әдемі екен. Балалар, кәнеки осы таза ауада денемізді сергітіп алайық. Сергіту сәті: Қарашы, қалай жалтырайды Аяқ асты сықырлайды. Аппақ қар ұшады Жерге кеп қонады. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, кәнеки орнымызға отырамыз, ертегіні сахналап ойнаймыз, ал қалған балалар ертегіні тамашалайды. Сиқыршы сіз балалармен бірге тамашалаңыз. Автор: Ертеде бір ата орман аралап келе жатты. Соңынан еріп жүрген күшігі бар. Ата жүріп келе жатып, қолғабын түсіріп алды. Бір кезде тышқан жүгіріп келіп, қолғаптың ішіне кірійндеп тұр екен. Тышқан: Мен енді мұнда тұрамын. Тәрбиеші: Тышқан қолғаптың ішіне кіру үшін, сен тапсырманы орындауың ке-рек. Ал, балалар саған көмектеседі. 1.Тапсырма: «1-ден 5-ке дейін тура-кері санату». Тәрбиеші: Жарайсың тышқан, тапсырманы жақсы орындадың. Автор: Тышқан қолғаптың ішіне зып берді. Тышқан: Мен енді осында тұрамын. Автор: Сәлдең соң секендеп бақа келді. Бақа: Мына қолғаптың ішінде кім тұрады? Тәрбиеші: Секек бақа, қолғаптың ішіне кіру үшін, сен тапсырманы орындауың керек. Ал, балалар саған көмектеседі. 2.Тапсырма: «1-ден 5-ке дейін санына байланысты санамақ айту». Тәрбиеші: Жарайсың секек бақа, тапсырманы жақсы орындадың. Бақа: Мына қолғаптың ішінде кім тұрады? Тышқан: Мен қаптесер тышқанмын. Ал сен кім боласың? Бақа: Мен секек бақамын. Мені де кіргізші. Тышқан: Жарайды кіреғой. Автор: Бақа қолғаптың ішіне кіреді. Сөйтіп, олар екеу болды. Бір кезде зымырай жүгіріп көжек жетті. Ол қолғапқа жақындап. Көжек: Қолғаптың ішінде кім тұрады екен? Тәрбиеші: Көжек, қолғаптың ішіне кіру үшін, сен тапсырманы орындау керек. Ал, балалар саған көмектеседі. 3.Тапсырма: «Геометриялық пішіндерден заттарды құрастыру». Тәрбиеші: Жарайсың көжек, тапсырманы жақсы орындадың. Көжек: Мына қолғаптың ішінде кім тұрады екен? Кейіпкерлер: Мұнда қаптесер тышқан мен секек бақа тұрады. Ал сен кім бола-сың? Көжек: Мен зымырауық көжекпін. Мені де кіргізіңдерші. Кейіпкерлер: Жарайды кіреғой. Автор: Көжек қолғаптың ішіне кіреді. Сөйтіп, олар үшеу болды. Ал қолғап бол-са созыла басталды. Бір кезде түлкі бике өтіп бара жатып, ол қолғапқа жақын-дайды. Түлкі: Мына қолғапта кім тұрады? Тәрбиеші: Түлкі бике, қолғаптың ішіне кіру үшін, сен тапсырманы орындау ке-рек. Ал, балалар саған көмектеседі. 4.Тапсырма: «Биік-аласа» үйлерді салыстыру. Тәрбиеші: Жарайсын түлкі бике, тапсырманы жақсы орындадың. Түлкі: Мына қолғаптың ішінде кім тұрады? Кейіпкерлер: Мұнда қаптесер тышқан, секек бақа мен зымырауық көжек тұра-ды. Ал сен кім боласың? Түлкі: Мен түлкі бике боламын. Мені де кіргізіңдерші. Кейіпкерлер: Жарайды кіреғой. Автор: Түлкі бике қолғаптың ішіне кіреді. Сөйтіп, олар төртеу болды. Ал қол-ғап созыла берді, созыла берді. Бір қараса, бүйрі жаралы бөлтірік жүгіріп келе-ді. Ол да қолғапқа қарап. Бөлтірік: Мына қолғапта кім тұрады? Тәрбиеші: Бөлтірік, қолғаптың ішіне кіру үшін, сен тапсырманы орындауың ке-рек. Ал, балалар саған көмектеседі. 5.Тапсырма:«Астында-үстінде» ажырату. Тәрбиеші : Жарайсың бөлтірік, тапсырманы жақсы орындадың. Бөлтірік: Мына қолғаптың ішінде кім тұрады? Кейіпкерлер: Мұнда қаптесер тышқан, секек бақа, зымырауық көжек пен түлкі бике тұрады. Ал сен кім боласың? Бөлтірік: Мен бүйірі жаралы бөлтірікпін. Мені де кіргізіңдерші. Кейіпкерлер: Жарайды кіреғой. Автор: Жаралы бөлтірік қолғаптың ішіне кіреді. Сөйтіп, олар бесеу болды. Қол-ғаптың жіптері сөгіле бастады. Бір кезде ағаш бұтақтарын сықырлатып аю шық-ты да, қолғапқа қарап. Аю: Мұнда кім тұрады? Тәрбиеші: Аю, қолғаптың ішіне кіру үшін, сен тапсырманы орындау керек. Ал, балалар саған көмектеседі. 6.Тапсырма: «Нешеу-қанша». Тәрбиеші: Жарайсын аю, тапсырманы жақсы орындадың. Аю: Мына қолғаптың ішінде кім тұрады? Кейіпкерлер: Мұнда қаптесер тышқан, секек бақа, зымырауық көжек, түлкі бике мен жаралы бөлтірік тұрады. Ал сен кім боласын? Аю: Мен аюмын, мені де кіргізіңдерші. Кейіпкерлер: Сені қалай кіргіземіз, бұл жер өте тар. Автор: Аю қолғаптың ішіне кіреді. Қолғап тігісінен сөгіліп кетті. Ата қолғабын іздеп жүреді. Түсірген жерін қарамақ болып қайтып келді. Күшігі алдына түсіп, жүгіріп абалап келеді. Жерде жатқан қолғапты көреді. Аңдар шошып, қолғаптан атып шығып, бәрі қашады. Ата: О, жарайсың таймас, сенің арқанда қолғабымды таптым, енді үйімізге қай-тайық. Автор: Ата да келіп, жоғын тауып, жөніне кетті. Осымен ертегіміз аяқталды. Тәрбиеші: Сиқыршы, ендеше өзіміздің балабақшамызға қайтайық. Сиқыршы: Кәнеки балалар, сиқырлы кілемімізге отырып, көзімізді жұмамыз, ба-лабақшамызға қайтайық. Тәрбиеші: Сиқыршы рахмет сізге, сау болыңыз. Қорытынды: Балалар, сендерге ертегі ұнады ма? Сендер қайда бардыңдар? Бізге кім келді? Біздер орманға немен бардық? Қандай ертегі бойынша өтті? Жарай-сыңдар балалар, бәріңді жақсы сабаққа қатыстыңдар. Қонақтармен қоштасамыз. Балалар: Сау болыңыз. Досвидания.Good bai.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.